Мектептегі қимыл-қозғалыс үзілістері оқушылардың жұмыс қабілетін жақсартады

8
Мектептегі қимыл-қозғалыс үзілістері оқушылардың жұмыс қабілетін жақсартады
Оқу қызметіндегі гиподинамия мен басқа да жанама құбылыстарға қарсы сенімді тосқауыл бар – қимыл-қозғалыс (динамикалық) үзілістері.

Сондай-ақ журналдан оқитындарыңыз:

Тыныс алу гимнастикасы

Дұрыс сымбатты қалыптастыру

Балалардың гипербелсенді мінез-құлқы

Басқа да білім беру ұйымдарындағы сияқты, мектепте оқу қызметін оқушылардың белсенді физикалық демалысымен оңтайлы кезектестіру қағидаты сақталады.

Динамикалық үзілістер сабақ арасында өткізіледі және белсенді демалыстың неғұрлым қолжетімді түрі болып табылады.  Бұл ретте олар айрықша мүкәммалды немесе қатысушылардың дайындығын талап етпейді.  

Тұрақты түрде динамикалық үзілістерді ұйымдастыра отырып, біз үш негізгі міндетті – білім беру, тәрбиелеу және денсаулық міндеттерін шешуге қатысты кешенді тәсілдемені қамтамасыз етеміз.

Қимыл-қозғалыс үзілістерінің артықшылықтары

Үзіліс кезінде белсенді демалыс қағидатын енгізе отырып, біз:

  • белсенді демалысқа, сауықтыру мен шынығуға, релаксация мен аурудың алдын алуға;
  • ағзаның бұлшық ет тонусын арттыруға, шаршауды жеңу мен оқу материалын тиімді қабылдауға септесетін жұмыс қабілеті мен зейінін қалпына келтіруге;
  • дағдылар мен машықтарын қалыптастыруға және бекітуге, физикалық қасиеттері мен қозғалыс қабілетіне тәрбиелеуге, дене шынықтыру жаттығуларымен өз бетінше айналысуға деген тілегін қалыптастыруға;
  • байқампаздығы мен зейінін дамытуға, шыдамдылық пен тез бағдарлану дағдысын қалыптастыруға және дұрыс шешім таба білуге;
  •  жанжалдық жағдайлардың туындау шегін азайтуға, оқушылардың жалпы эмоционалдық жай-күйі мен көңіл күйін жақсартуға ықпал етеміз.

Теріс мінез-құлық үлгілерін жиі көрсететін компьютерлік ойындар мен телевидениеден айырмашылығы, қимыл-қозғалыс ойындарының көмегімен  барлық жастағы білім алушылар жолдастық жақындық сезімін, қоғамдық мораль заңдарын таниды.

Өткізу жоспары

Оқушылардың жұмыс қабілетінің динамикасына қатысты ғылыми тәсілдеме кезінде қимыл-қозғалыс үзілістерінен ең үлкен әсерді үшінші сабақтан кейін күту керек. Бірінші сабақтың онша өнімді еместігін, ал төртінші сабақта өтемделмеген шаршау  фазасы басталатынын ескерсек, мектеп оқушыларының орнықты жұмыс қабілеттілігі кезеңі екінші және үшінші сабақтарға тура келеді.

Оқушыларда үзілісте іске асырылатын қозғалыстағы қажеттілік туындайды.  Осы көзқарас тұрғысынан алғанда, қимыл-қозғалыс үзілістерінің оңтайлы ұзақтығы белсенді динкамикалық жұмысқа 15–20 минут көңіл аударғанда 30–40 минутты құрайды.

Егер белсенді демалыс өткізу орындарында барлық оқушыларды сыйғызу мүмкін болмаса,  екінші және үшінші сабақтан кейін жарты сағаттық екі үзіліс ұйымдастыруға болады.

Маңызды талаптарды сақтау

Ойын кеңістігі қауіпсіздік техникасы талаптары мен санитариялық-гигиеналық нормаларға сай келетініне көз жеткізіңіз. Бұл ойын бөлмелері, дәліздер, демалыс орны және мектеп жанындағы учаскелер болуы мүмкін.

Қатысушылардың тиісті ұсақ спорттық мүкәммалдармен: доптар, секіргіштер, гантельдер, ракеткалар, жалаулар, эстафета таяқшалары, шеңберлермен қамтамасыз етілуін қадағалаңыз.

Ойын барысына қорапшаларды, қоңырауларды, шар және басқа да заттарды кіріктіруге болады.

Киімдері күнделікті киетін үлгіде болады, оқушылар ауа райына сәйкес киінуге тиіс.  

Бастауыш сынып оқушыларына арналған демалыс

Бастауыш сынып оқушылары тез шаршайды, шағын құрамдағы қатысушылары бар ойындарды жөн көреді. Мұндай жағдайларда қимыл-қозғалыс ойындарын барлық үзілісте ұйымдастырған орынды.  

Әрбір сынып үшін ойын өткізілетін жеке орындар жабдықталады, таза ауадағы алаңдарға басымдық беріледі. Әсіресе күйгелектік, көңілсіздік тудыратын жіңішке  дәліздер мен тар демалыс орындарынан аулақ болған жөн, олар қатысушылардың белсенді демалысының психологиялық бәсеңдеуіне анық ықпалын тигізе алмайды.

Күтпеген жерден туындайтын ойындар мен балалардың бастамалары қошеметтеледі. Кейбір жағдайларда, ойын шоғы тез сөне бастағанда, педагог ойынды өз бақылауына алатын топтың үлкенін тағайындайды.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 237-77-11/12

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04, +7 (727) 237-77-13


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Только сегодня
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль