text
MCFR.KZ Образование

Баланың мұғаліммен қақтығысы: не істеу керек және өзін қалай ұстау керек

  • 27 марта 2018
  • 64
Баланың мұғаліммен қақтығысы: не істеу керек және өзін қалай ұстау керек

Мұғалім мен оқушы арасындағы қақтығыс – бұл бірінші кезекте мұғалімнің кәсібилігін тексеру. Бұған алдын ала дайындық қажет.

Сондай-ақ журналдан оқитындарыңыз:

Жасөспірімдерге арналған «Мінез деген не»тренингі

Оқушыларға дағдарысты ахуалда педагогикалық көмек беру

Тәрбиедегі он қателік

Өзіңді жалған үмітпен алдандыруға болмайтынынан бастайық. Әдетте татуласу бірден бола қалмайды. Қатысушылардың сабырға келіп, эмоциясын сыртқа шығаруына уақыт керек. Оқушы айыптымын деп келмейді, керісінше – татуласу кілті мұғалімнің қолында қалады. Ақырында, қақтығыс көзі бейтараптандыруға әрқашан көне бермейді.

Жалған үміттен қалай арылуға болады

Айқын қағидадан бастаңыз – әңгіме жағымсыз күйден басталмасын. Шыдамды болыңыз және дауды тез арада өшіруге тырыспаңыз. Оқиғаның мәнін зорайтудан, директор мен ата-аналарға жүгінуден аулақ болыңыз. Және жас қарсыласыңызды неғұрлым табыстырақ жолдасымен салыстырмаңыз, көпшіліктің талқылауына салмаңыз.

Татуласудың қадамдық процесі

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Сонымен, сіз кәсіби тұрғыда әрекет етесіз: салқындылықпен диалог жүргізесіз, арандатуға ермейсіз, жас қарсыласыңызды мазаққа айналдырмайсыз. Татуласудың өз кезеңдері бар, оны сақтау маңызды.

Татуласудың төрт кезеңі

Қазір ең бастысы, қақтығысты тереңдетпей, 4 кезеңнен бірлесіп өту керек:

  • Ақ жалау;
  • Сөйлесеміз бе?;
  • Бейбіт ұсыныстар;
  • Қол алысу.

1-кезең. Ақ жалау

Менторлық сарыннан арылыңыз, жалбақтаусыз әңгімелесіңіз, бірақ агрессия болмасын. Оқушы жанжалға қарамастан кез келген тақырыпта ынтымақтастық жасауға дайын екеніңізді түсінетіндей болсын.

Оқушыны бейтарап тақырыптағы әңгімеге алдандырыңыз: ауа райы, демалыс күні қалай өтті, спорт. Оқушыға оның қызығушылығына сай қандай да бір тапсырма беріңіз: конкурстық жұмыстың суретін салу, жақын арадағы концертте ән айту, жарыстарға қатысу.

2-кезең. Сөйлесеміз бе?

Айталық, сіздің жолыңыз болды делік, оқушының өзі сізбен татуласу туралы шешімге келді. Мынадай түрдегі фразаларды айта отырып, оның ойындағысын  ақтаруына мүмкіндік беріңіз: «Сені түсінуге тырысып отырмын», «Өткен оқиғаға сенің көзіңмен қарағым келеді», «Сені … не итермелегенін тағы да айтып берші».

Белсенді тыңдау техникасы сіздің қажетіңізге жарап қалар. Әңгімелесушіге жартылай айналып қараңыз. Жабық ишаралардың болмауын қадағалаңыз. Сөзін бөлмеуге тырысыңыз, бас изеңіз. Уақыт өте келе оның сөзіне сүйене отырып, ниеттес сарында тұжырым жасаңыз.

Әңгімелесушіден оның наразылығын не тудырғанын анықтаңыз: мұғалімнің сөзі ме, әлде әрекеті ме? Өз позицияңызды айқын баяндаңыз: «Оқушы парталас көршісін кемсітіп жатқанына қарай алмаймын», «Мен жауапкершілікке үлкен мән беремін», «Пушкин әлдебіреуге ұнамайды дегенге менің көзімді жеткізу қиын».

3-кезең. Бейбіт ұсыныстар

Оқушы онымен әділетті де ұзақ қатынасқа мүдделі екеніңізді түіснетіндей болсын. Мұғалім (сынып жетекшісі) мен оқушының әлі бірнеше жыл өзара әрекет етуіне және қарым-қатынас жасауына тура келеді.  

Оқушыны өзіңіздің позитивті әрі конструктивті күйіңізге сендіріңіз: «Жанжалдар менің саған деген көзқарасыма әсер етпейді», «Мен саған бұрынғыша жақсы көзқараспен қараймын».

Егер қызу жанжал барысында тараптардың бірі қандай да бір маңызды пікірді қозғаса, болашақта әңгімелесушінің әлсіз жеріне тиіп кетпеу үшін  оқушылармен оның маңыздылығы жайлы сөз қозғаңыз.

4-кезең. Қол алысу

Татуластық туралы уағдаластықты айтудың кезі келді. Сіздің сөздеріңіз  болашаққа дайындық ретінде, оқушының күйзелісіне қатысты акцентпен айтылуға тиіс.

Оқушының сізбен келіскеніне көз жеткізіңіз. Кері байланыс бітімді нығайтуға және әрі қарай белсенді жұмысқа бет алуға мүмкіндік береді.

Талқылауды егер оқушы жоғарыда көрсетілген уағдаластықпен шын көңілімен келіссе аяқтауға болады. Жанжалдың бейбіт түрде шешілуінен сіз өзіңіз де жеңілдік сезінетін болсаңыз, жақсы болар еді.

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты