text
MCFR.KZ Образование

Халықаралық Интернетсіз күн

  • 26 марта 2018
  • 39
«Халықаралық Интернетсіз күн» акциясының интернетке тәуелділікпен күрестегі рөлі
«Халықаралық Интернетсіз күн» акциясының интернетке тәуелділікпен күрестегі рөлі

Желілік контентті тұтынудың да өзіндік «жеңілдетілген» күндері болуға тиіс – қаңтардың соңғы жексенбісінде әлемдік қоғамдастықтың прогресшіл бөлігі жыл сайын атап өтетін Халықаралық Интернетсіз күн (International Internet-Free Day) акциясының идеясын осылай жеткізуге болады.

Сондай-ақ журналдан оқитындарыңыз:

Директордың ТЖ жөніндегі орынбасарының кәсіби қызметі

Сабақтағы және сабақтан тыс қызметтегі ақпараттық ресурстар

Ағылшын тілі мен арнайы пәндерді біріктіру

Буллинг пен кибербуллинг: балаларды қудалаудан қорғау

Мерекенің мақсаты айдан анық – жанды қарым-қатынас пен виртуалды өмірдің орнын басатын бос уақыттың құндылығына адамдардың назарын аудару. Бір нұсқа бойынша, бұл мерекенің негізін салушы DoBe.org коммерциялық емес желілік жобасының қатысушылары деп саналса, екінші нұсқа бойынша – британдық Әлеуметтік табыстар институты саналады.

Нысанада – жастар

Интернет маңызды, бірақ оны асыра пайдалану уақытты босқа кетіруге ғана емес, денсаулықты жоғалтуға да алып келеді. Бұл туралы туындаған терминдерге назар аударайық:

  • «инфомания» (желілік жаңалықтарға шамадан тыс үйір болу);
  • «сетеголизм» (интернет-тәуелділік);
  • «кибераддикция» (ойынға тәуелділік);
  • «әлеуметтік оқшаулану» (маңызды әлеуметтік байланыстардың жетіспеушілігі), т. б.

Әсіресе интернетке тәуелді көпшіліктің арасында балалар мен жастардың көптігі алаңдатпай қоймайды.

Бұдан мынадай сұрақ туындайды: виртуалды желінің торына шырмалып қалғанымыз сонша, бұл тәуелділікті еңсере аламыз ба?

Шынайы өмірдің құндылықтары

Халықаралық Интернетсіз күні өткізілетін акцияның ұйымдастырушылары Дүниежүзілік желінің пайдасын жоққа шығармайды. Олар алуан түрлілікті, қарым-қатынас жасау мен тіпті толыққанды ұйқыны қамтитын шынайы өмірдің құндылығының баяндылығына елдің көзін жеткізгісі келеді.

 Интернетке тәуелділікпен қалай күресуге болады

Халықаралық Интернетсіз күнді ұйымдастырушылар мен жай ғана қатысушылар, Қазақстанды қоса алғанда, халықаралық ауқымда әрекет етеді. Қатысуға білім беру құрылымдары белсенді түрде кіріктіріледі. Мысал ретінде кітапханаларды алуға болады, онда  түсіндірме жұмыстары, мәдени акциялар өткізіледі.

Интернетке тәуелділіктің салдары

Психологтар интернетке тәуелділікті мынадай белгілері бойынша анықтайды: мінез-құлық проблемалары, психикалық бұзылу, «онлайнда болуға» деген ерекше ұмтылыс.

Ең бір асқынған жағдайларда бас миы жұмысының функционалдық бұзушылығы байқалады. Когнитивтік қабілеттері басылып қалады.

Әсіресе «желілік нашақорлардың» әлеуметтенуінің төменгі деңгейі алаңдатады. Бұл жұмыс пен оқудағы проблемаларға алып келеді. Ұйқы мен тәбеттің бұзылуы көрініс береді.

Желілік тәуелділік физикалық көңіл күйге де әсерін тигізеді. Әсіресе көздің көруіне зақым келеді. Монитор немесе смартфонға бүкшиген жас адам білектің туннельдік синдромы мен көктамырлар варикозынан бастап сколиоз бен жүрек ақаулығына дейінгі қаншама ауруларға душар болатынын білмейді.

Интернетке тәуелділікті қалай ажыратуға болады

  • Интернетке қолжетімділіктен айыру адамды күйзеліске ұшыратады;
  • адам күнделікті міндеттерін орындауды елемейді;
  • шынайы өмірде адамдармен қарым-қатынас жасауда деградацияға ұшырайды;
  • адам үнемі сайттардан, смартфоннан бас алмайды;
  • уақыт барысын бақылауды жоғалтады;
  • Интернетті пайдалану механикалық және мағынасыз дүниеге айналады;
  • жеке тұлға электрондық құрылғылар мен ойындарға құмарлықтан ақша аямайды;
  • көру бұзушылығы, буындарда жайсыздық, ұйқысыздық пен ас қорытуда бұзушылық байқалады;
  • әсіресе желідегі ақпараттың әсерімен психикалық орнықсыздық пайда болады;
  • мұндай адамның отбасы азап пен жайсыздықты бастан кешеді.

Бұл ауруға шалдыққан адамның өз проблемасын ұғына білгені маңызды. Содан соң оған Интернетке қолжетімділікті біртіндеп шектеу жолымен желілік тәуелділікті азайтуға көмектесу керек.

Халықаралық Интернетсіз күн сияқты акциялар интернетке тәуелді адамдарға ғана емес, біздің барлығымызға көмектеседі. Егер қонаққа баруға немесе жақындарыңмен араласуға себеп табылып тұрса, неге соны пайдаланбасқа?

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль