text
MCFR.KZ Образование

Балабақша меңгерушісі қандай құқықтық актілерді білуі керек

  • 3 апреля 2018
  • 240
Қандай құқықтық актілерді білуі керек
Қандай құқықтық актілерді білуі керек

Басшының міндеттемесінде арнайы білімге қатысты талаптар, сондай-ақ заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді, ережелерді, нұсқаулар мен басқа да материалдарды, жұмыскер лауазымдық міндетін орындау кезінде қолданатын әдістер мен құралдарды білу көзделген.

Еңбек саласында кемсітушілікке жол беру

Туыстардың бір балабақшада жұмыс істеуіне жол беріле ме?

Жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді және тіркеуді ұйымдастыру

≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈

ҚР Білім және ғылым министрінің 13.07.2009 ж. № 338 «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» бұйрығымен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымы басшысының (меңгерушінің) лауазымдық міндеттемелері анықталды.

Басшының міндеттемесінде арнайы білімге қатысты талаптар, сондай-ақ заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді, ережелерді, нұсқаулар мен басқа да материалдарды, жұмыскер лауазымдық міндетін орындау кезінде қолданатын әдістер мен құралдарды білу көзделген. 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының басшысы (меңгеруші) мыналарды білуге тиіс: ҚР Конституциясы; «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексі; «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» ҚР заңдары және білім беруді дамыту бағыттары мен перспективаларын анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілер; педагогика мен  психология негіздері; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары; педагогика мен психология; педагогика ғылым мен практикасының жетістіктері; экономика, қаржылық-шаруашылық қызметінің негіздері, еңбек туралы заңнама; еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік пен өртке қарсы қорғаныс ережелері мен нормалары; дәрегрге дейінгі медициналық көмек негіздері; санитариялық қағидалар мен нормалар.   

06.04.2016 ж. № 480-V «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңына сәйкес ҚР Конституциясының жоғары заңдық күші бар. Қазақстан Республикасының Конституциясын қоспағанда, өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдық күшiнiң арақатынасы мынадай төмендей беретiн деңгейлерге сәйкес болады:

  • Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетiн заңдар;
  • Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары;
  • Қазақстан Республикасының кодекстерi;
  • Қазақстан Республикасының шоғырландырылған заңдары, заңдары;
  • Қазақстан Республикасы Парламентiнің және оның Палаталарының нормативтiк қаулылары;
  • Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық жарлықтары;
  • Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық қаулылары;
  • Қазақстан Республикасы министрлерiнің және орталық мемлекеттiк органдардың өзге де басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары;
  • орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
  • мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері және тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулылары..

Төмен тұрған деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлердiң әрқайсысы жоғары тұрған деңгейлердегi нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келмеуге тиiс.

ҚР Конституциялық Кеңесінің және ҚР Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары осы бапта белгіленген нормативтiк құқықтық актiлер сатысынан тыс тұрады.

Егер нормативтiк құқықтық актiлердiң өздерiнде немесе оларды қолданысқа енгiзу туралы актiлерде өзгеше ескертілмесе, барлық нормативтiк құқықтық актiлер тiкелей қолданылады.

Күшіне енген нормативтiк құқықтық актiлерді қолдану үшін қандай да бір қосымша нұсқаулар талап етілмейді (тәжірибе жүзінде көбінесе білім беру ұйымының басшысы қосымша аудандық (қалалық) білім беру бөлімінен қосымша  бұйрықты күтумен бетпе-бет келеді).

Мектепке дейінгі ұйымның сауатты басшысының қызметі онсыз мүмкін болмайтын негізгі норматвитік құқықтық актілерді қарастырайық:

  • ҚР Конституциясы  – мемлекеттің негізгі заңы, басқа заңнамалық актілерге қарағанда бастапқы және құқықтық нормалардың көзі қызметін атқарады.
  •  «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексі – неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарын реттеудің мақсаттарын, міндеттерін, қағидаттарын және құқықтық негіздерін айқындайды, отбасының дамуын ҚР мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты ретінде айқындай отырып, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.
  • ҚР Еңбек кодексі – еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға, еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтардың ең төмен кепілдіктерін белгілеуге бағытталған құқықтық реттеу болып табылады. ҚР еңбек заңнамасының міндеттері еңбек қатынастары тараптары мүдделерінің теңгеріміне, әлеуметтік тұрақтылыққа, қоғамдық келісімге бағытталған қажетті құқықтық жағдайлар жасау болып табылады..
  •  «Білім туралы» ҚР Заңы – білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін айқындайды және ҚР азаматтарының, сондай-ақ ҚР-да тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.
  •  «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» ҚР Заңы – ҚР-да тiлдердiң қолданылуының құқықтық негiздерiн, мемлекеттiң оларды оқып-үйрену мен дамыту үшiн жағдай жасау жөнiндегi мiндеттерiн белгiлейдi, ҚР-да қолданылатын барлық тiлге бiрдей құрметпен қарауды қамтамасыз етедi.
  •  «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» ҚР Заңы – балаларды қоғамдағы толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдық мәнi бар және шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерінің басымдығына сүйенiп, баланың ҚР Конституциясында кепілдiк берiлген негiзгi құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi.
  •  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңы – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi. Осы Заң сол сияқты демократиялық негiздердi, мемлекеттi басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенiм нығайтуға, бiлiктi мамандарды мемлекеттiк қызметке кiруге ынталандыруға, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшiн жағдайлар жасауға да бағытталған.
  •  «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» ҚР Заңы – кемтар балаларды әлеуметтiк, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың нысандары мен әдiстерiн айқындайды, дамуында кемiстiгi бар балаларға көмек көрсетудiң тиiмдi жүйесiн жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсiби даярлау iсiмен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедектiгiнiң алдын алуға бағытталған.
  • ҚР Үкіметінің 30.01.2008 ж. № 77 «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» қаулысы – ұйымдағы топ санына байланысты қызметкерлердің штаттық санын, мектепке дейінгі ұйым жұмысының режимін, педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымының тізілімін қарастырады.
  • ҚР Үкіметінің 23.08.2012 ж. № 1080 «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» қаулысы – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілер мен білім алушылардың дайындық деңгейіне, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының педагогтарына, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды айқындайды. Стандарттың талаптары оқу бағдарламаларын әзірлеуде міндетті.
  • ҚР Үкіметінің 17.05.2013 ж. № 499  «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысы – «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарының мектепке дейінгі ұйымдарын қоспағанда, меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінiң тәртiбiн айқындайды.
  • ҚР Үкіметінің 31.12.2015 ж. № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысы базалық лауазымдық айлықақыны, лауазымдық айлықақыны есептеу коэффициенттерін; ұйым жұмыскерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар және үстемеақыларды; үнемдеу есебінен сыйлықақы беру жүзеге асырылатын шығыс түрлерінің тізілімін белгілейді, материалдық көмек көрсетіледі және жұмыскерлерге ынталандырушы үстемеақы белгіленеді.
  • ҚР Білім және ғылым министрінің 13.07.2009 ж. № 338 «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» қаулысы – білім беру ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамасы (бұдан әрі – Сипаттама) білім беру ұйымдарының меншігіне, ведомстволық бағыныстылығы мен ұйымдастыру-құқық нысанына қарамастан олардың қолдануы үшін міндетті. Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамасы құрылымдық бөлімшелер туралы олардың білім беру ұйымдарындағы орны мен рөлін анықтайтын ережелер жасауға; қызметкерлердің міндеттерін, құқықтары мен жауапкершіліктерін белгілейтін лауазымдық нұсқаулықтар әзірлеуге; кадрларды іріктеу мен орналастыру, оларды пайдаланудың дұрыстығына бақылау жүргізуге; білім беру ұйымдарының қызметкерлерін аттестаттаудан өткізуге негіз болады. Білім беру ұйымдарының штат кестесінде қызметкерлер лауазымының атаулары осы Сипаттамада көрсетілген лауазымдық атауларға сәйкес келуі қажет.
  • ҚР Білім және ғылым министрінің 20.12.2012 ж. № 557 «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» бұйрығы – Стандартты жүзеге асыру мақсатында әзірленді. Мектепке дейінгі жастағы балалардың ұйымдастырылған оқу қызметінің жалпы көлемін, вариативті компоненті мен ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығын айқындайды.
  • ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.11.2015 ж. № 908 «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы және Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар – орташа жалақыны есептеудің бірыңғай тәртібін айқындайды: ай, есеп айырысу кезеңі, жұмыс уақытының балансы, күндік (сағаттық) жалақы, орташа жалақы, орташа күндік (сағаттық) жалақы, оқиға ұғымдарына анықтама береді. Әдістемелік ұсынымдарда орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын қолдану бойынша түсініктеме берілген: қағидаларда пайдаланылатын ұғымдарды қолдану; өсіру коэффициентін қолдану; орташа жалақыны есептеу кезіндегі жылдық сыйақыны есептеу тәртібі; жыл сайынғы еңбек демалысын төлеу үшін орташа жалақыны есептеу тәртібі.
  • ҚР Білім және ғылым министрінің 27.01.2016 ж. № 83 «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды, және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы»  бұйрығы–аттестации педагогикалық қызметкерлерді аттестаттаудан өткізу, санат тағайындау тәртібі мен талабын анықтайды.
  • ҚР Білім және ғылым министрінің 29.01.2016 ж. № 123 «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» бұйрығы  – білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілердің лауазымдарын блоктар бойынша: басқарушы, негізгі, әкімшілік және қосалқы персонал; лауазымы мен біліміне қарай буындар мен сатылар бойынша бөледі.
  • ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.08.2017 ж. № 615 «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) бұйрығы – объектінің құрылысына жер учаскесін таңдауға, жобалауға, реконструкциялауға, пайдалануға, сумен жабдықтауға, су бұруға, жылумен жабдықтауға, жарықтандыруға, желдетуге, ауа баптауға, жөндеуге және күтіп-ұстауға, тәрбиелеу мен оқыту, тұру, тамақтану жағдайларына, өндірістік бақылауға, персоналдың еңбек және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына, балаларды медициналық қамтамасыз етуге, меншік нысанына қарамастан балалар толық, толық емес, тәулік бойы болатын барлық түрдегі мектепке дейінгі ұйымдардағы және сәбилер үйлеріндегі персоналды медициналық тексеріп-қарауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.

Бұл негізгі құқықтық актілер, олардың негізінде мектепке дейінгі ұйымның басшысы өз білім беру ұйымының жергілікті актілерін әзірлейді және бекітеді. Ұйымның жергілікті актілерін әзірлеу және бекіту кезінде заңнамамен салыстырғанда қызметкерлердің жағдайын нашарлататын жергілікті актілер жарамсыз болып табылатынын  ұмытпаған жөн.

Құқықтық актілерді білу басшыға бір құжатты екіншісімен салыстыруға және оны дұрыс қолдануға мүмкіндік береді. Педагогикалық қызметкерлер лауазымының үлгілік біліктілік сипаттамаларында көзделген талаптарды білмей, педагогикалық жұмыскерді аттестаттаудан өткізу немесе Санитариялық қағидалардың нормаларын сақтамай топтарды тәрбиеленушілермен толтыру мүмкін емес.

Басшы құқықтық актілерді қағаз нұсқада сақтай ма, әлде электрондық түрде ме – оны өз бетінше шешеді. Соңғы редакциядағы құқықтық актілерді пайдаланған маңызды. Бұл жағдайда сізге «Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы» журналының электрондық нұсқасының құқықтық базасы көмектесе алады, онда  ҚР заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар дер кезінде қадағаланып отырады.

Дереккөз: «Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы» журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль