text
MCFR.KZ Образование

Жан басына шаққандағы қаржыландырудың жаңа нормативтері

  • 27 марта 2018
  • 663
Жан басына шаққандағы қаржыландыру
Жан басына шаққандағы қаржыландыру

Жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі еліміздегі білім беру процесінің барлық сегменттері үшін әзірленді: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.

Бас бухгалтердің жұмысын бақылау

Бас бухгалтерді ауыстыру кезінде істі қабылдау-беру тәртібі

Бухгалтерлік құжаттаманы қабылдау-беру актісі және бұйрық

Бухгалтерлік құжаттаманы сақтау

≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈

ҚР білім беру жүйесінде жан басына шаққандағы қаржыландыру 2009 ж. бастап батыл түрде енгізіле бастады. Бастапқыда жан басына шаққандағы қаржыландыру жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде енгізілді. Содан соң «Балапан» бағдарламасы арқылы бұл жүйе ішінара мектепке дейінгі ұйымдарға таратылды.  2013 ж. осы жүйе бойынша ел мектептеріндегі (жеке меншік мектептен басқа) орта білім қаржыландырыла бастады.

 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» ҚР Білім министрінің 27.11.2017 ж. № 597 бұйрығымен (бұдан әрі – № 597 бұйрық) ҚР білім берудің барлық түрлері үшін жан басына шаққандағы қаржыландырудың бірыңғай әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) бекітілді. Осыған байланысты ҚР Білім және ғылым министрінің 30.10.2013 ж. № 440 толықтырулармен «Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» бұйрығы қолданысын тоқтатты.

№ 597 бұйрықтың күші 2018 жылғы 5 ақпаннан басталды. Осыған байланысты 2018 ж. 5 ақпаннан бастап ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 ж. 21 тамыздағы № 387 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқытуды жоспарлау мен қаржыландыру тәртібіне әдістемелік нұсқаулықтар» бұйрығының күші тоқтатылады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру жаңа әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) 27.07.2007 ж. № 319-III «Білім туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы бірінші бөлігінің 46-1) тармақшасына сәйкес білім деңгейін қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативін есептеу кезінде бірыңғай тәсілді анықтау мақсатында әзірленді.

Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

  • жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі – білім берудің барлық деңгейлеріндегі мемлекеттік кепілдендірілген оқыту құнының қаржылық қамсыздандырылу нормативі;
  • жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі – жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативінің негізінде анықталатын білім беру процесіне және білім беру ортасына арналған шығыстарды қаржыландыру;
  • білім беру процесі – бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру шеңберіндегі оқу-тәрбие процесі;
  • білім беру ортасы – оқу-тәрбие процесінің іске асырылуын қамтамасыз ету үшін қажетті әлеуметтік, материалдық және тұрмыстық жағдайлардың жиынтығы.

Білім берудің барлық деңгейлерінің жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеуде мынадай жалпы көрсеткіштер қолданылады:

  • базалық лауазымдық айлықақы (бұдан әрі – БЛА), «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» ҚР Үкіметінің 16.10.2017 ж. № 647 қаулысымен бекітілген. Қазіргі таңда БЛА мөлшері 17 697 теңгені құрайды;
  • айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) 2 405 теңгені (30.11.2017 ж. № 113-VI «2018–2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңымен белгіленген) құрайды.

Білім берудің барлық деңгейіндегі жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативінің негізінде анықталатын білім беру процесіне және білім беру ортасына арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтиды.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі:

  • білім беру бағдарламаларының түріне: 1 жастан 6 (7) жасқа дейін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін;
  • міндетті: жалпы міндеттегі топтар, санаторлық топтарға байланысты ажыратылады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруын есептегенде ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.08.2017 ж. № 615 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың» санитариялық қағидаларына сәйкес топтардың есептік толымдылығының көрсеткіші пайдаланылады.

Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес, мектепке дейінгі ұйымдардың топтарындағы жан басына шаққандағы қаржыландыруды есептеу үшін қабылданған шекті сан мынадай:

  • қалалық мектепке дейінгі ұйымдарда – 25 адам;
  • ауылдық жерде орналасқан мектепке дейінгі ұйымдарда – 20 адам.

Мектепке дейінгі ұйымның ай сайынғы жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру сомасын есептеудің жалпы формуласы (меншік нысанына қарамастан) мынадай:

V = cома (N × Конт), мұндағы:

Конт – мектепке дейінгі ұйымның жобалық қуаттылығынан аспайтын тәрбиеленушілердің нақты ай сайынғы контингенті;

N – бір айда 1 балаға арналған жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру;

(N × Конт) – балалардың әр тобы бойынша анықталады (жалпы міндеттегі топтар, мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған топтар, санаторлық топтар).

N = E + L, мұндағы:

E – білім беру процесі шығыстарының нормасы;

L – білім беру ортасы шығыстарының нормасы, ол коммуналдық қызметтерді тұтыну көлеміне және өңірлердегі тарифтерге байланысты ажыратылалы.

Сондықтан Әдістемеде білім беру ортасын қаржыландыру нормаларын есептегендегі әртүрлі коэффициенттер көзделген. Әдістемеге сәйкес мектепке дейінгі ұйымның білім беру ортасы шығыстарының нормасы айына 1 тәрбиеленушіге былай құрайды:

  • жарты күн болатын топтар үшін (шағын орталықтар) – 0,5 АЕК;
  • мектеп жанындағы шағын орталықтар үшін – 5,75 АЕК;
  • ҚР түрлі облыстарында орналасқан МДҰ-да балалардың болу режимі 9 сағаттық және 10,5 сағаттық топтар үшін:

– Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында орналасқан МДҰ үшін – 6 АЕК;

– Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары мен Астана қаласында орналасқан МДҰ үшін – 6,17 АЕК;

– Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан МДҰ үшін – 6,33 АЕК;

– Қызылорда облысында орналасқан МДҰ үшін – 6,5 АЕК.

Білім беру процесі шығыстарының нормасы мына формула бойынша есептеледі:

Е = Т + Х, мұндағы:

Т – білім беру процесіне қатыстырылған басқарушылық және педагогикалық қызметкерлердің бір айда 1 тәрбиеленушіге есептегендегі айлық еңбекақы қоры (ЕҚ);

Х – бір айда 1 тәрбиеленушіге есептелген білім беру процесіне байланысты оқу шығыстары. Х = 0,3 АЕК.

Т = Тнег. + Төтем., мұндағы:

Тнег. – білім беру процесіне қатыстырылған басқарушылық және педагогикалық қызметкерлердің өтемақылық төлемдерсіз айлық ЕҚ;

Төтем. – қызметкердің жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеуге арналған шығыстардың айлық көлемі.

Тнег. = (W + ((ЛА + БЛА × f) × (e + r))) × sno × mp × mv, мұндағы:

Жан басына шаққандағы қаржыландырудың жаңа нормативтері

≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈

Формуладағы бөлінген фрагмент экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін үстемеақының шамасын білдіреді. e және r мәндері мұндай жағдай болмаған кезде нөлдік көрсеткіштерді қабылдайды, сондықтан арифметика заңы бойынша, мәні нөлге тең болады, өйткені кез келген санды нөлге көбейткенде нөл шығады.

≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈

W – педагогикалық қызметкерлердің айлық еңбекақы қоры.

ЛА – білім беру процесіне қатысатын негізгі қызметкерлердің  лауазымдық айлықақысы. ЛА = БЛА × 3,57. БЛА = 17 697 теңге.

f – білім беру процесіне қатысатын басқарушылық қызметкерлердің еңбекақы төлеу қорын (ЕТҚ) есептеу коэффициенті = 0,643;

е – Арал аймағында тұрғаны үшін үстемеақы коэффициенті = 0,025. Үстемеақы болмаған жағдайда, коэффициент қолданылмайды, яғни 0-ге тең;

r – Семей полигоны аймағында тұрғаны үшін жыл сайынғы қосымша ақылы демалысқа үстемеақы коэффициенті = 0,028. Үстемеақы болмаған жағдайда, r қолданылмайды, яғни 0-ге тең;

sno – әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары аударымдарының коэффициенті – 1,099;

mp – жұмыс берушінің қосымша міндетті зейнетақы жарналар және жұмыс берушінің ММСҚ-ына аударымдар коэффициенті: 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап = 1,015;

mv – бала-сағат коэффициенті мыналардан құралады:

  • жарты күн болатын шағын орталықтағы топтар үшін = 0,04;
  • болу режимі 9 сағаттық топтар үшін = 0,08;
  • болу режимі 10,5 сағаттық топтар үшін:

а) әдеттегі топ үшін – 0,09;

б) туберкулезбен уланған балалар топтары үшін – 0,15;

в) түзету топтары үшін – 0,1875.

Төтем. = ((ЛА + БЛА × f) × ks + Эөтем) × mv / 12, мұндағы:

ks – мамандарға ауылдық жердегі жұмыс үшін төленетін қосымша ақы коэффициенті мынаны құрайды: қалалық мектепке дейінгі ұйымдар үшін = 1,0; ауылдық ұйымдар үшін = 1,25.

Эөтем. = ЛА + БЛА × f, мұндағы:

Эөтем. – жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қолданыстағы төлемнен тыс сауықтыруға арналған материалдық көмек.

W = ((ЛА + БЛА × f) × ks + БЛА × (Қеж + uz + ke) + R) × kалм, мұндағы:

Қеж – ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы коэффициенті = 0,421;

uz – дамуында мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс үшін педагогикалық қызметкерлерге төленетін қосымша ақы коэффициенті = 0,380;

ke – Арал өңірінде тұрғаны үшін қосымша ақы коэффициенті = 1,07. Қосымша ақы болмаған жағдайда ke қолданылмайды;

R – радиациялық қауіпті аймақта тұрғаны үшін қосымша ақы = 1,5. R болмаған жағдайда = 0;

kалм – қызметкерлердің орнын алмастырғаны үшін қосымша ақы коэффициенті = 1,357.

Жаңа Әдістемеде бекітілген форумалалар есебін қатаң регламенттеу сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай азайтуға және жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативінің сомаларын «ашық» қылуға мүмкіндік береді.

Егер барлық мәндерді формулаға қойып, мәндерді есептесек, жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативінің сомасы мектепке дейінгі ұйымның қалада немесе ауылдық жерде орналасқанына байланысты ғана емес, Қазақстан Республикасының қай облысында орналасқанына қарай да ажыратылатынын байқауға болады. Мәселен, МДҰ-да балалардың болу режимі 9 сағаттық әдеттегі топтар үшін жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі 2018 ж. облысқа байланысты мынаны құрайды:

  • Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы = 25 530,54 теңге (қала үшін) және 27 900,85 теңге (ауылдық жерлер үшін);
  • Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары және Астана қаласы = 25 939,39 теңге (қала үшін) және 28 309,71 теңге (ауылдық жерлер үшін);
  • Солтүстік Қазақстан облысы = 26 324,19 теңге (қала үшін) және 28 694,51 теңге (ауылдық жерлер үшін);
  • Қызылорда облысы = 26 733,04 теңге (қала үшін) және 29 103,36 теңге (ауылдық жерлер үшін).

Әдістемемен бірге, ҚР Білім және ғылым министрінің 27.11.2017 ж. № 596 бұйрығымен Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидалары бекітілді.

Қағидаларда көрсетілгендей, қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады. Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру мөлшері Әдістемеде есептелген нормативтен төмен болмауға тиіс.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Қағидаларда көрсетілгендей, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі шығыстардың мына түрлерін қамтиды:

  • экологиялық қасірет аймақтарында тұрғаны үшін сауықтыруға арналған жәрдемақылар мен қосымша ақыларды есепке ала отырып еңбекақы төлеу, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес бюджетке аударымдар, салық пен жарналар бойынша жұмыс берушінің шығыстарын;
  • білім беру процесін ұйымдастыруға және жүзеге асыруға арналған шығыстарды (жабдықтар мен жиһаздарды ҚР Білім және ғылым министрінің 22.01.2016 ж. № 70 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларына сәйкес сатып алу) (поставить активную ссылку);
  • дәрі-дәрмектер мен басқа да медициналық мақсаттағы құралдарды сатып алуға арналған шығыстарды;
  • үй-жайды жалға алуға арналған шығыстарды;
  • коммуналдық шығыстарды, байланыс қызметіне ақы төлеуге арналған шығыстарды (оның ішінде интернет);
  • МДҰ-ның шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін өзге де тауарлар мен материалдарды сатып алуға арналған шығыстарды (жуғыш құралдар, шаруашылық тауарлары мен құрал-саймандар, құрылыс тауарлары, кеңсе тауарлары, дезинфекциялаушы құралдар, төсек-орын жабдықтары, жұмсақ құрал-саймандар мен ас үйге арналған шығыстарды);
  • МДҰ қызметін жүзеге асыру нәтижесінде туындайтын банк қызметін төлеуге жұмсалатын шығыстар;
  • ғимараттар мен құрылыстарды, МДҰ қызметінде пайдаланылатын негізгі құралдарды жөндеу шығыстары.

Қағидалардың 14-тармағында көзделгендей, жекеменшік білім беру ұйымдары жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемінде бөлінген бюджет қаражатын өз бетінше жұмсайды.

Өткен жылдардың деңгейімен салыстырғанда нормативтердің айтарлықтай өскенін байқау қиын емес. Бұл мектепке дейінгі ұйымдарда жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік тапсырысты орналастыру арқылы орын санының әрі қарай өсуіне ықпал ететін болады, сондай-ақ мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағдарламаларына деген қызығушылықты арттырады, мұның өзі еліміздің балабақшаларында орын санының кеңеюіне алып келеді.

Дереккөз: «Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы» журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты