Ұзартылған күн тобындағы музыка сабақтары

28
Ұзартылған күн тобындағы музыка сабақтары
Ұзартылған күн тобындағы музыка сабақтары
Жекелей алынған гимназияның мысалында ұзартылған күн топтарындағы (бұдан әрі – ҰКТ) музыка сабақтарына жаңартылған мазмұнды енгізу тәжірибесі қарастырылады.

Осы тақырып бойынша мына мақалаларды оқи аласыздар:

Черлидинг – мектеп жасына дейінгі балалардың физикалық қасиеттерін дамыту

Музыкалық ойындардың көмегімен шығармашылық қиялды дамыту

Ойын технологиялары музыка сабағында


Жетекші мамандар үшін сыныптан тыс музыка сабағы білім алушыларды музыкалық-эстетикалық тәрбиелеу (бұдан әрі – МЭТ) бөлімі ретінде жетілдіру мен жаңғыртуды талап ететіні құпия емес.

ҰКТ-ғы белсенді демалыс нысандары

Музыка сабақтарын тәрбиелеу құралы ретінде экскурсия, дене шынықтыру-сауықтыру белсенділігі болсын кез келген жалпы дамыту сабақтарының аясында енгізу ыңғайлы.

ҰКТ-ғы музыкалық-эстетикалық қызмет қандай нәтиже береді:

  • сабақтан кейін қызметті ауыстыру;
  • оқу үшін күш жинау;
  • қимыл белсенділігін қамтамасыз ету;
  • эмоционалды ширату.

Осыдан барып сыныптан тыс сабақтардағы МЭТ мақсаты қалыптасады: балаларға музыка мәдениетінің негіздерін үйретеді, алдыңғы ұрпақтың қоғамдық-тарихи тәжірибесімен таныстырады.

Тәрбиелік әсері екі міндетте көрініс табады:

  • білім алушылар үшін музыкалық-эстетикалық қызметтің (бұдан әрі – МЭҚ) қоғамдық құндылықтар мәні ашылады;
  • өзінің рухани сұраныстарын қанағаттандыру тәсілі ретінде музыкаға деген талғам қалыптасады.

Сабақтардың апталық циклі

Музыка өнерімен танысу процесін апталық циклдің аясында қарастырайық. Оқу аптасы бойы біз музыка сабағы жоқ «терезені» таңдаймыз. Осы күнге арналған музыка мазмұнын іріктеу жүргізіледі.

Музыка материалын іріктеу

Балалардың есту әсерлерінің ерекшеліктерін ескере келе, музыкатанушылық материалды асыра қолданбау маңызды, балалар музыканы тікелей қабылдағаны жөн.

Музыкалық оқыту жоспары

ҰКТ тәрбиешілеріне күнделікті қызмет барысында өзінің жұмыс жоспарын топтағы оқушылардың оқу айларына және оқу жылдарына бөлуге тура келеді.

Қағида бойынша, ҰКТ тәрбиешісінің жұмыс жоспарына негізгі қызмет уақыты – түскі ас пен өзіндік дайындық кезеңінің арасындағы аралық енгізіледі.

Бастысы, ҰКТ – бұл демалыс екенін, ал музыка сабағының шаршатпай, керісінше шаршаңқылықты басуы тиіс екенін естен шығармау керек.

Музыка сабағын ұйымдастыру қағидалары

Біз екі қағидатты ұстанамыз: қимыл белсенділігі көбірек және дербестілік басым. Осыдан мынадай ұстанымдар шығады:

  • оқушының шаршаңқылығын басуға ықпал ету;
  • өз бетімен әрекет етуді үйрету;
  • тәрбиелік іс-шаралардың алуан түрлілігін бақылау;
  • күйзеліс пен шаршаңқылықтың алдын алу арқылы МЭТ түрлеріне талғамдық тұрғыда келу;
  • музыка таңдауда тиісті жаңашылдық пен жаңалықты қамтамасыз ету;
  • оқушыларды ойын жағдайларына, импровизациялауға тарту.

Сабақ нысандарын таңдау

Ұжымдық ойын-сауық қазақ, орыс, классикалық музыканың дыбыстарына қанық болуы тиіс. Репертуар қайталанбауы тиіс.

Білім алушылардың дүниетанымын кеңейту

Мұнда бізге музыка материалын тақырыптық топтарға біріктіру тәжірибесі көмекке келді. Сіз «Қазақстан әндері» бөлімін аша аласыз, мұнда қазақ әндері кіреді. Сәйкесінше, «Әлем халықтарының әндері» бөлімінде білім алушылар өзге елдердің мәдени ортасына ене алады.

Музыкалық тәжірибені байыту

Біз әлемдік ауқымды музыка сандықшасындағы үздік шығармалар санын жоспарлы түрде арттырудамыз. Білім алушылар жалпы «ән» ұғымынан халық, батырлар, дәстүрлі әуендердің, әзілді сарындардың, хороводқа арналған музыканың ерекшеліктерін ажырата және көре бастайды.

Мұнда, әрине, музыкалық тәрбиенің ән айту секілді қолжетімді құралы қолданылады. Білім алушылар әнді хормен орындау арқылы өздерін біртұтас ұжым ретінде сезіне бастайды.

Бұған өлең мәтінінің ауқымды рөлін қосайық, әсіресе бастауыш сыныптардағы. Ал кезек би музыкасы мен марштарды үйретуге келгенде өлеңдер балалардың музыкалық талғамын қалыптастыруға өз үлесін қосады.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 237-77-11/12

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04, +7 (727) 237-77-13


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Только сегодня
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль