text
MCFR.KZ Образование

Мені мейіріміңе бөлеші

  • 20 марта 2018
  • 18
Мені мейіріміңе бөлеші
Мені мейіріміңе бөлеші

Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларға арналған ойын-сауық сценарийі.


Осы тақырып бойынша мына мақалаларды оқи аласыздар:

Сиқырлы дыбыстар елінде

Мамыр әні • Майская песенка



Мақсаты:

  • дүниетанымды кеңейту;
  • тұлғаның мейірімділік, адалдық секілді қасиеттерін дамыту;
  • бала тұлғасының азаматтық ұстанымын тәрбиелеу.

Қатысатын тұлғалар мен орындаушылар:

Жүргізуші

Леопольд мысық

Тышқандар

Поль Морианың «Менуэті» ойнайды, балалар залға кіріп, орындарына тұрады.

Жүргізуші.

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Мейірімділік – ғажайып нәрсе. Ол адамдарды жақындастырады, ол – әр адам сізбен орнатқысы келетін қарым-қатынас тілі. Мейірім бізді жалғыздықтан, жан жарасынан және өткен реніштерден арылтады. Егер біз адамның басқа адамның ықпалымен адамға айналанатынын жиі еске алып отырсақ, онда береріміз көп болмақ. Мейірімділік туралы дайындық тобының балалары айтып береді.

Балалар өлең оқиды.

Мына сұлу әлемде,

Адам өмір сүреді.

Үлкен менен кішіге,

Күн сәулесін төгеді.

Бақытты дәйім армандап,

Досқа да бақыт тіледің.

Күтеді сені алдан бақ,

Жақсылық етсең үнемі.

Атамнан басталар,

Әжеммен қосталар.

Отбасым мыналар:

Ең жақын адамдар-

Әкем мен анам бар.

Бiр туған ағам бар.

Бiр туған апам бар…

Бәрiн жақсы көремiн,

Еркелеймiн еремiн.

Балалардың достығын

Көрсетейік біз бүгін!

Әлемдегі барлық жанға айтамын,

Татуласып жүрген жақсы, байқадым!

«Дорога добра» әні

(«Маленький Мук» кинофильмінен, музыкасы М. Минковтікі, сөзі Ю. Энтиндікі)

Жүргізуші. Неткен әдемі сөздер: «Мейірімділік, бейбітшілік пен бақыт орнасын!» Рас, бейбітшілік пен бақыт мейірімнің жанында жүреді. Ересек топтың балалары мейірім туралы түсініктерін айтып береді.

Балалар өлең оқиды.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі- көңіл ажары !

Күліп өмір сүрейік!

Айтамыз алғыс қайталап,

Тыңдайды бізді шартарап.

Өмір сүру – бір бақыт.

Дос бола білу – шын бақыт!

Кел балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек?

Көңілді болып жүрейік.

Кел балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік!

Отбасының гүліміз,

Көңілді өтер күніміз.

«Қайырлы таң!» деп айтамыз,

Бір болып, кеште қайтамыз.

Жүргізуші. Мейірім – бұл бауырмалдық, рухани жақындық, өзгелерге жақсылық жасауға ұмтылу. Орман аңдарының мейірімін қалай  көрсететінін қараңдаршы.

«Катяның қолшатыры» қойылымы

Жауынның фонограммасы ойнап тұр. Қолына қолшатыр ұстаған қыз шығып, «Если добрый ты» әнін орындайды (музыкасы М. Пляцковскийдікі, сөзі Б. Савельевтікі)

Оған қарама-қарсы көжек қашып келеді, қыз ағаштың артына жасырынады.

Қыз. Ой, Көжек қашып барады.

Қоян. Етек-жеңі жиылмай,

Жатып алды кыс мынау.

Көңіл күй де – бұйырмай,

Қоңыр күйге түстім-ау.

Қытымыр қыс тұр әлі,

Кірпігіне мұз қатып.

Ызғырық жел ұрады,

Тұла бойды сыздатып. 

Көжек секіріп, табанын жылытады.

Жүргізуші.

Осы жерде ашылды.

Катяның қолшатыры

Қыз.

Көжек, сен менен қорықпа,

Қолшатырға жақында!

Кіріп, жауыннан қорған,

Жылынып алып, қайтасың.

Көжектің қолшатырдың астына кіреді. Түлкі келе жатыр, ғажайып қолшатырға, оның астындағыларға қарайды.

Түлкі. Қолшатырың керемет,

Үшеуміз де сияр едік?

Тонымды аяп кеттім,

Бола ма мен кірсем.

Қыз. Түлкі, қане, келе ғой, құйрығыңды кептіріп ал.

Түлкі қолшатырдың астына кіреді, Аю келе жатыр.

Аю. Бәріңе қайырлы күн!

Бәрі. Сәлем, Мишка!

Аю. Бәріңе бүр беремін!

Бәрі. Рақмет.

Аю.

Сендерге кірсем бола ма

Жауыннан қорғану үшін?

Түлкі. Ой-ой-ой, бойың ұзын екен, менің құйрығымды басып кетпеші.

Қыз. Қолшатырда орын көп,

Қысылмаймыз төртеуміз.

Аю, сен де кіре ғой,

Бәріміз бірге әндетеміз?

«Моя песенка» әні

(музыкасы Е. Славинанікі, сөзі О. Дриздікі)

Жалғасын  № 3-2018 "Музыкалық жетекшінің анықтамалығы" журналынан оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты