text
MCFR.KZ Образование

Дене шынықтыру минуттары мен дене шынықтыру үзілістерін өткізу бойынша ұсынымдар

  • 20 марта 2018
  • 19
Дене шынықтыру минуттары мен дене шынықтыру үзілістерін өткізу бойынша ұсынымдар
Дене шынықтыру минуттары мен дене шынықтыру үзілістерін өткізу бойынша ұсынымдар

Дене шынықтыру минуттарының қарапайым болып көрінетініне қарамастан, педагогтардың жаттығулар таңдауда және оның ұзақтығында маңызды өзгешеліктерге назар аударғаны жөн.

Аурудың алдын алу

Оқу қызметі әрқашан дерлік аз қозғалысты сабақтармен сүйемелденеді. Балалар көбінесе бүкшиіп отырады, бұл ретте көз бен кітап арасындағы арақашықтық азаяды. Дұрыс отырмау арқа бұлшық етіне түсетін жүктеменің артуына және  аяқ-қолдың  іркілу құбылысына алып келеді. Көбінесе оқушылар миопия алдындағы белгілермен және аккомодациялық жиырылу белгілерімен тәуекел тобына түседі, ал көру бұзушылығының ең көп пайызы миопия сияқты ауруға жатады.

Көзге арналған жаттығулар

Көздің көруінің шаршауын басу үшін, сондай-ақ алыстан нашар көрушіліктің алдын алу үшін офтальмотренаж өткізуді ұсынамыз. Көз алмасын айналдыру мен «жақындау– қашықтау» схемасы бойынша  көру-қозғалу проекциялары көздің және бас миының қанмен қамтамасыз етілуін жақсартады, аккомодациялық жиырылудың алдын алады.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Тыныс алу жаттығулары

Әдістемені сақтаған кезде тыныс алу жаттығулары, немесе тыныс алу гимнастикасы бұлшық етке түсетін күшті жақсы басады және үлкен ми жарты шары қыртысының қозуын арттырады. Тиімді тыныс алу техникасы кеуде клеткасының экскурсиясын жақсартады, өкпенің өмірлік сыйымдылығын ұлғайтады. Жаттығу кезінде терезені  немесе терезе желдеткішін ашуды ұмытпаңыз.

Бұлшық етке түсетін күштен арылу

Пән сабақтарында балалар көбінесе партада дұрыс отырмайды, бұл тірек-қозғалыс аппаратының бұзылуына алып келеді. Ойынның және негізгі бұлшық ет тобына түсетін жүктеменің көмегімен жалпы және тұрақты түсетін күшті тез жоюға жәнге балаларды  сабаққа белсене қатыстыруға болады.

Жалпы ұсынымдар

Балаларға арналған дене шынықтыру минуттары мен дене шынықтыру үзілістері жаттығу санымен ажыратылады. Дене шынықтыру минуттарының ұзақтығы 1–2 минут шегінде түрленіп отырады, оның барысында 3–6 жаттығу орындалады. Дүркінділігі – 2-ден 4 ретке дейін. Дене шынықтыру үзілістері, жаттығулар 4–5 минутты алады, 4–6 рет дүркінділікпен 6-дан 8-ге дейін жаттығулар орындалады. Қосарланған сабақтарда үзілісті 10 минутқа дейін жеткізуге болады.

Түсетін күш деңгейі

Жаттығулар кешенін ең болмаса екі аптада бір рет жаңартып отырыңыз. Тар сыныпта секіру, отыру және басқа да тез қозғалыстағы жаттығуларды орындауға болмайды.

Балалардың шаршау деңгейі жоғары болған сайын, жұмыс істейтін бұлшық еттерді босаңсытуға қатысты жаттығулар соғұрлым жоғары. Есте сақтаңыз, қатты шаршағанда сабақтағы дене шынықтыру минуттары тиісті нәтиже бермейді.

Жаттығуларды орындау көру түрінде жүзеге асырылады. Жаттығулар орындау тәсілі бойынша үздіксіз және дара болып бөлінеді. Екпін баяудан орташаға қарай түрленіп отырады.

Дүркінділігі

Дене шынықтыру минуттарының дүркінділігі 1-ші сыныпта – 2 рет; бала физиологиясын ескергендегі бөліктілігі: 12–14-ші минутта, 21–22-ші минутта. Бастауыш сыныптарда екінші сабақтан бастап – 1 реттен; бөліктілігі: сабақтың 15–20-шы минуты. Жоғары сыныптарда – шаршау белгілері байқалғанда, яғни бүкіл оқу күнінде 2–3 рет.

Музыкалық сүйемелдеу

Дене шынықтыру минуттары егер оны жаттығулардың логикалық алмасуын ескере отырып, музыкамен, өлеңмен сүйемелдесе, барынша тиімді бола түседі.

Өлең сабақ тақырыбына қарай таңдалады, мәтіндегі ырғақ пен акцент жаттығумен үйлесуге тиіс.

Ең бастысы, дене шынықтыру минуттары мен дене шынықтыру үзілістерінің кешені егер оны жағымды және шығармашылық ахуалда өткізгенде жоғары нәтиже беретінін есте сақтаңыз. Музыканы қосыңыз, оқушыларды жаттығуларды көрсетуге тартыңыз, сонда балалар өз күшін тез қалпына келтіретін болады.

Дереккөз: «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты