Балаларға арналған дене шынықтыру минутын қалай дұрыс ұйымдастыру керек

94
Балаларға арналған дене шынықтыру минутын қалай дұрыс ұйымдастыру керек
Балаларға арналған дене шынықтыру минутын қалай дұрыс ұйымдастыру керек
Дер кезінде өткізілетін дене шынықтыру минуты шаршағанды басады және балаларға оқу материалын меңгеруді жаңа күшпен жалғастыруға көмектеседі.

Тез шаршау және физикалық тұрғыда тоқтап қалушылық әдетте кез келген сабақтағы ең жағымсыз нәтижеге – оқуға деген қызығушылықтың жоғалуына алып келеді. Физиология заңдары осындай: баланың орталық жүйке жүйесі шаршаумен және бұлшық еттерге түсетін артық күшпен күреседі, ал бұл шашыраңқылыққа, ұйқышылдыққа, яғни жүйке жүйесінің тежелу процесіне алып келеді.  

Дәл осы жағдайларда мұғалімге дене шынықтыру үзілістері, бастауыш мектептегі дене шынықтыру минуттары көмекке келеді.

Физиологиялық аспектілер

Дене шынықтыру минуттарын оқушының жұмыс қабілетіне жағымды әсер ететін қарапайым дене жаттығуларының сериясына толы іс-әрекеттің тез ауысуы деп сипаттауға болады.

Дене шынықтыру үзілісі, жаттығулар:

  • орталық жүйке жүйесінің жұмысын қалыптандыруға;
  • зейінді арттыруға;
  • сабақты қабылдау деңгейін жақсартуға;
  • эмоционалдық күйді жандандыруға;
  • дұрыс сымбатты қалыптастыруға ықпал етеді.

Дене жаттығуларын кез келген сабақта, сондай-ақ үйде сабаққа дайындалғанда да орындауға болады.

Жаттығулар форматы

Дене шынықтыру минуттарының жалпы дамытушылық сипатын ескерсек,  жаттығулар тез алмасып отырады. Балалар гимнастикамен немесе күрделі емес ойындармен партада, оның жанында тұрып та, саппен немесе шеңбер жасай отырып та айналыса алады.

Ұзақ және қысқа дене шынықтыру минуттарын қарастырайық.

Қысқартылған дене шынықтыру минуты дәлме-дәл бір жаттығуды, мәселен, қол білезіктерінің жұмысына бағытталған жаттығуды білдіреді. Әдетте жазбаша сабақ кезінде орындалады.  

Толық дене шынықтыру минуты бірнеше жаттығуларды қамтиды. Бұған тыныс алу тәсілдері,  еңкею және қолды созу, табан буынында шеңбермен айналу, қол білезіктерін сілку, т. б. жатады.

Дене шынықтыру үзілісінің жалпы ұзақтығы 4–5 минуттан аспайды және 6–8 жаттығудан тұрады.

Дене шынықтыру уақытын өткізу уақыты әдетте сабақ кестесінің соңғы сабақтарына және өзін-өзі дайындау кезеңіне тап келеді. Бақылау сабақтары, диктант және өзіндік жұмыс кезінде дене шынықтыру үзілістері өткізілмейді.

Жаттығудың мақсаты

Дене шынықтыру минуттарының белгілі бір немесе өзге форматын таңдау оқушылардың жасына, оқу процесінің ерекшеліктеріне және тіпті балалардың жеке айырмашылықтарына байланысты. Жаттығулар кешені қарапайымдылығымен және қолжетімділігімен ерекшеленеді. Жаттығулар сипаты ұзақ уақыт партада отыру кезіндегі статика-динамикалық жүктеменің алдын алуға бағытталған.

Жаттығуларды жіктеу

Жаттығулардың ағзаның қандай функционалдық жүйесіне әсер ететіндігіне байланысты мынадай мақсаттарды бөліп қарауға болады:

  • бас миына қан келуін жақсарту;
  • ұсақ білезік бұлшық еттерінің шаршауын болдырмау;
  • көзді демалдыру;
  • омыртқа қисаюының алдын алу;
  • тыныс алуды қалыптандыру;
  • жалпы дамуға ықпал ету.

Мидағы қай айналымын жақсарту

Мұндай блиц-жаттығуларды бақылау жұмыстары кезінде орындауға болады. Қысқа мерзім ішінде балалар мойын мен иық белдеуіне түсетін тұрақты күштен арылады. Барлық сыныптардың оқушыларымен бірге орындауды ұсынамыз.

Қол білезіктеріне арналған гимнастика

Жазбаша жұмыстар бала саусақтарын шаршатады, олардың қозғалысын шектейді. Қол білезіктеріне арналған мұндай жаттығулардың көмегімен, мәселен, «Қолдағы театрдың» көмегімен шаршағандықты тез басуға болады. Әсіресе бұл кіші сыныптың оқушылары үшін пайдалы болмақ.

Жаттығу соңында мұғалім балалардан босаңсыған білезіктерді сілкуді, саусақтарды сипауды, массаж жасауды өтінеді.

Дереккөз: «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналы



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 237-77-11/12

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04, +7 (727) 237-77-13


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Только сегодня
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль