Ата-аналар мен сынып жетекшілерінің одағы бірінші сыныптықтардың мектепке бейімделуінің кепілі ретінде

17
Тәжірибе көрсеткендей, бірлесе жұмыс істей отырып, сынып жетекшісі мен ата-аналар бірінші сынып оқушысының бейімделуінің көптеген проблемаларын шешуге қабілетті.

Баланың мектептегі алғашқы жылы бірінші сынып оқушысы үшін де, ата-аналар үшін де оңай емес.  Баланың үлгерімі ғана емес, мектепке бейімделуі де ата-аналардың бала өмірінің жаңа сатысына дайындық деңгейіне байланысты.

Бейімделудің үш деңгейі

Бірінші сыныптықтардың ата-аналарымен кездесуде оларға бала ағзасының жаңа жүктемеге дағдылануының күрделілігі туралы, баланың эмоциялық денсаулығы туралы айтыңыздар. Ата-аналар бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделуінің үш деңгейі туралы білгендері жөн.  

Жоғары деңгей. Бала өзі үшін жаңа өмір ырғағына тез сіңеді.  Оқу материалы оған оңайға түседі. Құрдастарымен қарым-қатынас жасауға тез дағдыланады.

Орташа деңгей. Бала әдеттегі міндеттерді өз бетінше шешуге қабілетті, бірақ үлкендердің бақылауымен жүреді. Сыныптастарымен қарым-қатынасын жолға қоя алады.

Төменгі деңгей. Бала мектепке қызығушылық танытпайды, оқуға белсенді түрде қарсы шығады. Әдетте құрдастарымен де тіл табыса алмайды.

Мектепке бейімсіздену

Бейімделудегі кез келген теріс динамика мектепке бейімсізденуге, дағдарысты ахуалға алып келуі мүмкін, олардың нақты белгілері бар:

  • бала мектептен қашады;
  • тәбеті, ағзаның жалпы тонусы төмен;
  • жиі шаршайды;
  • тұйықталады;
  • мұғаліммен байланыс жасай алмайды;
  • ұмытшақ, шашыраңқы;
  • оқуға қызықпайды;
  • сабақта тұтығады, жөтеледі, көзін жыпылықтатады.

Аталған белгілер анықталса, ата-аналарды бірінші сыныптықтың бейімсізденуі туралы хабардар етіңіз. Тек педагог пен ата-аналардың бірлесе жолға қойған жұмысы ғана проблеманы жоюға көмектеседі.

Бейімделу проблемаларын жою тәсілдері

Белгілі бір мағынада, бірінші сынып оқушысы алғаш рет партаға отырғанда,  онымен бірге оның ата-анасы да оқуға отырады. Оқушыларға тән әдеттегі проблемаларды қарастырамыз және ата-аналарды олармен күресуге үйретеміз.  

№ 1 проблема. Үлгермеушілік

Бірінші сынып оқушысы барлық пәндер бойынша нашар оқиды. Бұл ата-аналар тарапынан психологиялық қолдаудың әлсіздігімен байланысты болуы мүмкін. Ата-аналарға баланың сәтсіздігіне емес, жетістігіне көңіл аударудың маңыздылығын жеткізген жөн.

№ 2 проблема. Тәртіп бұзу

Баланың өзін-өзі бақылауға қабілетсіздігі әдетте оның өміріндегі шектен тыс тәртіпке салудан немесе керісінше – өлшеусіз шектеу қоймаушылықтан келіп туындайды. Ата-аналар балаға үйдегі міндеттерді орнымен жүктей білуі, оның мектептегі проблемеларын талқылап, жетістіктерін мақтап отыруы керек.

№ 3 проблема. Сенбеушілік сезімі

Егер бірінші сынып оқушысы тақта алдында тайсақтап тұрса,  оның мінез-құлқынан қорқыныш немесе үрей сезіледі, ата-аналардың әрекетіне көңіл аударыңыз. Егер ата-аналар балаға психологиялық қысым көрсетуге бейім болса, оларға жазалау мен кемсітуге жол бермеу туралы ескертіңіз.

№ 4 проблема. Жинақсыздық

Кейде мынадай көрініс байқалады: оқушы үнемі артта қалады және ұзақ уақыт зейін қоюға қабілетсіз. Көібенесе бұл бұрыс тәрбиеден, даму ерекшеліктерінен, жүйке жүйесінің әлсіздігінен келіп шығады.

Ата-аналармен жұмыста күн тәртібіне және баланың толыққанды демалысына баса назар аударыңыз.

№ 5 проблема. Ұмытшақтық

Бала енжар болса және материалды есте сақтай алмаса, оқушының ерікті зейінінде проблема бар деп болжауға болады. Ата-аналарға сөйлеуді дамытуға қатысты бірнеше жаттығуларды айтыңыз, дефектолог-мұғаліммен, педагог-психологпен кеңесуді ұсыныңыз.

№ 6 проблема. Даулылық

Оқушының сыныптастарымен кез келген қақтығысы – оның отбасындағы психологиялық ахуалға қатысты ата-аналармен әңгіме жүргізуге себеп болып табылады. Мүмкін ол әкесінің немесе анасының істегенін істеп тұрған шығар. Құрдастарымен қарым-қатынасты жолға қою жолдарын талқылаңыз, мәселен, әдебиеттегі, мультфильмдердегі үздік үлгілерден алынған жақсы оқиғалардың көмегін пайдалануға болады.

Дереккөз: «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналы



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 237-77-11/12

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04, +7 (727) 237-77-13


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Только сегодня
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль