text
MCFR.KZ Образование

Музыка сабағында гипербелсенді балалармен жұмыс істеу тәсілдері

  • 14 марта 2018
  • 29
Музыка сабағында гипербелсенді балалармен жұмыс істеу тәсілдері
Музыка сабағында гипербелсенді балалармен жұмыс істеу тәсілдері

Тәрбиешілердің бәрі музыка сабағына тәртіпті әрі жауапты оқушылардың қатысқанын қалайды. Алайда, шынайы өмірде бәріміздің аталмыш гипербелсенді балалармен жұмыс істеуімізге тура келеді.


Білімге деген сұраныстары ерекше балалардың музыкалық дамуы

Балалардың музыкалық қабілеттерін диагностикалау

Музыкалық-ырғақты қызметте балаларды сауықтыру


Гипербелсенді балаларды сарқылмас энергиясы ғана емес, сонымен бірге білімге деген қызығушылығының болмауы да ерекшелендіреді. Олар осы тұсымен холериктерден ерекшеленеді. Сондықтан да невропатологтың көмегіне жүгінбес бұрын басқа педагогтармен ақылдасып көріңіз. Қиын балалардың тең құқылы оқушылар екенін естен шығармаған маңызды.

Ойын әдістері

Менің музыка терапиясы саласындағы тәжірибем ешқандай жағдайда гипербелсенді баламен күресуге болмайтынын көрсетті. Ең алдымен оны тым белсенділіктен арылту керек.

Қандай да бір тұрғыда музыка мұғалімі балалардың гипербелсенділігін түзету мәселесінде мол мүмкіндікке ие. Төменде мен осы саладағы өз әзірлемелерімді атап өтемін.

Рөлдік ойындар

Балаға белсенділігін қолдануды қажет ететін тапсырма беріңіз. Мысалы, топтағы көшбасшы, аниматордың рөлі,  оны көмекшіңіз етіп тағайындаңыз.

Ойынмен оқыту әдісі

Осы әдіс музыка сабағының барлық кезеңінде – ән айту, тыңдау, композициялар кезеңінде жақсы жұмыс істейді. Жетекшінің міндеті – оқушыларға шығармашылық әлеуетін танытуға көмектесу:

  • № 1 ырғақты ойнау. Дыбыстық және есту дағдыларын дамытады. Мұғалім музыканы қосады, осыдан кейін балалардың шапалақтың көмегімен ырғақты суретті қайталауын сұрайды. Цифрлар немесе әріптер түрінде көмектесуге болады.
  • № 2 ырғақты ойнау. Алғашқы ойыншыдан бәріне таныс әуенді еске түсіруін және оның ырғағын шапалақтың көмегімен жеткізуін сұраймыз. Осыдан кейін екінші ойыншыдан әуенді табуын сұраймыз.
  • № 3 ырғақты ойнау. Композициялық дағдыларды дамытуға арналған ойын. Алғашқы оқушы өзінің ырғақты суретін ойластырады және ойнайды, ал екіншісі оны қайталауға тырысады.
  • Аспапта ойнау. Балалардың ойлау және ассоциативтік қабілеттерін дамытады. Балаларға кезекпен музыкалық аспап беріледі, олар оны бір сөзбен сипаттауы тиіс.

Таза ауадағы сабақтар

Бұл – кез келген көше объектілерін: ағашты, гүлдерді оқуға қолданудың жақсы тәсілі. Сабақтың келесі түрлерін меңгеруге болады:

  • белгілі тақырыпқа жазылған эссе түріндегі тақырыптық сабақтар;
  • тыңдалым-сабақ, мұнда балалар қиялын дамытады. Құстарды бақылаймыз және олардың ән салуын графикалық түрде бейнелеуге тырысамыз (мысалы, символдардың көмегімен).
  • композиция-сабақ, мұнда екі ойыншы рөлді бөлісіп, бірге ән шығарады.

«Театр сағаты» әдісі

Гипербелсенді балалардың шығармашылық құлшынысын қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, балалар кейіпке еніп, бірге музыкалық драма шығарады. Әдіс басқа мұғалімдерге бірге кіріктірілген сабақты ұйымдастыруға мүмкіндік береді (қазақ тілі мен ағылшын тілімен, драмамен, бейнелеу өнерімен).

Тыныс алу гимнастикасы әдісі

Гипербелсенді балалар үшін тыныс алу жаттығулары аса пайдалы:

  • балаға гүл иіскеуді ұсынамыз, бұл ретте мұны эмоциямен істеу керек. Мысалы, ең алдымен «күлімдеп», сосын «мұңайып» иіскесін;
  • балаларға қиял ойынын ұсынамыз, балалар бу шығаратын шәйнекті бейнелесін.

«Дыбыстарды елеу» әдісі

Бұл әдіс тыңдауда да, ән айтуда да жақсы жұмыс істейді. Тыңдалымда балаларға кейбір музыкалық аспаптардың дыбысын шығаруды ұсынамыз. Әртүрлі: ұрмалы, үрмелі және ішекті аспаптарды кезектестіріп қолданамыз.

Ән айтуда аталмыш әндетулерді белсенді қолданамыз. Жүргізуші (тәрбиеші) балаларға акапельдік, сондай аккомпанементтің не дабылдың сүйемелдеуімен интонациялар береді.

Тапсырмалардың біртіндеп күрделенуіне қарамастан балалар ойынға белсенді қатысады, аспаптардың дыбысталуын ынтамен қайталайды.

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль