Жаңа ойын технологиясының көмегімен балаларды кітап оқуға дағдыландырыңыз

12
Жаңа ойын технологиясының көмегімен балаларды кітап оқуға дағдыландырыңыз
Мектепте ойын технологиясын белсенді түрде қалыптастыру және енгізу арқылы педагогтар 1–9-шы сынып оқушыларының өзін-өзі дамытуы үшін қуатты әмбебап құралға ие болады.

Сондай-ақ тақырып бойынша оқыңыздар:

Бастауыш сыныптардағы оқу техникасы мониторингі

Оқырмандық сауаттылықты қалыптастыру

«Кітап, мәдениет, толеранттық» бағдарламасы

Көрнекілігі мен қызықты тапсырмаларының арқасында балаларға арналған қабырға ойындары өзін қиял мен жадыны дамыту құралы ретінде танытты. Жеке немесе топта жұмыс істей отырып, қабырға ойындарына қатысушылар мәтінді шығармашылық тұрғыда қабылдау дағдыларын меңгереді.

Оқушылардың басым көпшілігіне қолжетімді болуын қамтамасыз ету үшін ойынды дәлізге немесе холлға орналастырады.

Қабырға ойынының құрылысы

Ойын үлкен қабырға құрылымы түрінде берілген, мәселен, 3 пен 1,5 м-дегі ашық кітап формасында, матамен қапталған, сыртқы жағы әдемі ойын түрінде безендірілген.

Безендіру және материалдар

Сюжетіне байланысты ойын алаңына сурет салынуы және өзіне бастапқыда немесе ойын барысында қосылатын қағаздан, табиғи материалдан, «құпия» бетбелгіден тұратын кез келген объектіні үйлестіруі мүмкін.

Кез келген топтық ойындағы сияқты, қатысушылар ойын алаңын қадам-қадаммен еңсереді, басқатырғыштарды шешеді, басқа ойыншылармен араласа алады. Ойын ережесі ірі қаріппен басылуға тиіс (кегль мөлшері 24 пт дейін). Қолайлы болу үшін ойыншыларға жиһаз, қарындаш, қағаз және басқа да құралдар беріледі.

Сюжетті таңдау

Ереже бойынша, жас қатысушыларға арналған сөзден басталады, ол арқылы ережелер мен әртүрлі нәзік тұстарын білуге болады. Сюжет жалпы мектептегі олимпиаданың, викторинаның, оқушылардың шығармашылық жұмысын пайдаланудың табиғи жалғасы бола алады.

Үлгі. «Үлкен ертігілік бақылау» қабырға ойыны. Ватманнан жасалған парақтары бар дәптер түрінде берілген. Бірінші бетінде Ғалым Мысық және стильдік арнау бейнеленген, онда ертегі кейіпкері ойыншыларды тапқырлықпен қошеметтей қарсы алып,  «Ертегілік бақылауды» шешуді ұсынады.

Сюжеттің бес идеясы

Сюжетті жасаудың бірқатар технологияларын атап өтейік:

1. Танымал шығармалардың желісін пайдаланатын сюжет. Мәселен, повестер мен ертегілердің желісімен.

2. Шығарманың жалғасы түріндегі сюжет. Әдетте ертегі немесе повесть базасында.

3. Балалар журналдары мен газеттері негізіндегі сюжет.

4. Танымдық әдебиет базасындағы авторлық сюжет.

5. Оқушылардың жеке шығармашылығы. Балалар тапсырманы ғана ойлап тауып қоймайды, ойынды безендіруге де қатысады.

Ойындық тапсырмалар

Ойын тапсырмасы барынша түсінікті және жеңіл баяндалуға тиіс. Ойын барысында балаларға анықтамалық ақпаратты пайдалану, түрлі дереккөздерге жүгіну ұсынылады (көркем шығармалар, фольклор).

Тапсырмаға міндетті түрде шығармашылық компонент кіріктіріледі: сурет салу, шығарма жазу, ойдан шығару, ойындар, кітап оқу. Кез келген күрделі сәттер айтылуға және бөліп көрсетілуге тиіс.  

Қабырға ойынының ашылуы және таныстырылымы

Қабырға ойынының ашылуы таныстырылымнан басталады. Ойын процесіне ойыншылар мен көрермендерді тарту үшін стендтің жанында міндетті түрде ұйымдастырушылар немесе волонтерлер тұруға тиіс. Осындай түрде жасалған назар аударту ахуалы ойыншыларды ынталандыруға тиіс.

Қатысушылар тапсырманы белгілі бір жүйелілікпен және  алдын ала айтылған мөлшерде орындайды немесе өз бетінше анықтайды.

Тапсырманың күрделілігіне байланысты ойын уақыты бірнеше аптадан бір айға дейін созылуы мүмкін.

Ойын  барлық қатысушылардыңжауаптары мен шешімдерін жариялаумен аяқталады. Жүлде түрінде жеңімпаздарға «эрудиткалар» – символдық ұпайлар және тиісті марапаттау құжаты беріледі.

Балаларға арналған ойындар, кітап оқу және басқа да белсенді әрекеттер кітап оқуға деген қызығушылығын дамытуға бағытталған марафон типі бойынша іс-шараның бір бөлігіне айналады. Бұған кітап көрмелері, викториналар, әдебиет бұрыштары жатады. «Эрудитканың» бірнеше санын жинаған оқушылар оларды кітап түріндегі әртүрлі жүлделерге айырбастай алады.

Дереккөз: «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналы



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 237-77-11/12

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04, +7 (727) 237-77-13


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Только сегодня
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль