text
MCFR.KZ Образование

Мектептегі әлеуметтік эксперимент арқылы оқушыларды интернетке тәуелділіктен арылтамыз

  • 7 марта 2018
  • 20
Мектептегі әлеуметтік эксперимент арқылы оқушыларды интернетке тәуелділіктен арылтамыз

Интернеттің адам өміріндегі рөлі туралы белсенді пікірталастар барысында 12–16 жастағы оқушылар арасында «Интернет өмір үшін бе, әлде өмір Интернет үшін бе?» атты әлеуметтік эксперимент жүргізу өте өзекті болмақ.

Экспериментке қатысқан жасөсіпірімдер  Интернеттің біздің өмірімізге әсер ету деңгейін ұғынады және ең маңыздысы, тұлғалық белсенділік таныта алады. Танымал психолог әрі педагог А. Н. Леонтьев оқушыны оқыту мен тәжірибе жинау процесіне жеке тартудың маңызды рөлін атап өткен еді.

Осы қызықты шараны сәтті өткізуге септесетін кезеңдер мен жағдайлардың қажетті  тізімін қарастырайық.

Эксперименттің бастапқы жағдайлары

Бірінші кезекте қатысушылар Интернетті үш күн ішінде пайдаланбауға міндеттеледі. Эксперимент барысында сынаққа қатысушылар «Әлеуметтік экспериментке қатысушының жазбалары» деген күнделік жүргізуге тиіс, онда өткізілген шеберлік сағаттары, сонымен қатар Интернеттің болмауына қатысты пікірлері тіркеледі.

Бір нұсқа ретінде, ватманның үлкен қағазына «интерактивті панно» толтыруға болады. Белгілі бір символдардың немесе смайликтердің көмегімен оқушылар күн сайынғы өз көңіл күйлерін білдіреді.

Кезеңдерге бөлу

Эксперимент бірнеше кезеңнен тұрады, оларды жеке қарастырған жөн.

1. Сауалнама, оқушыларды диагностикалық зерттеу. Бірінші кезеңде ұйымдастырушы сынаққа қатысушының Интернеттегі мінез-құлық ерекшелігін зерттейді. Сауалнама эксперимент басталғанға дейін екі апта бұрын басталады. Бұл кезеңде ұйымдастырушы шеберлік сыныптарының  тақырыптарымен жұмыс істейді, шығармашылық адамдары арасындағы жетекшілерді, қосымша білім беру мамандарын, жоғары сынып оқушылары мен педагогтарды таңдайды. Балаларды көбірек қызықтыру үшін, оқушылар арасынан волонтерлерді іріктеудің мәні бар.

2. Эксперименттің ашылу салтанаты (30 минут). Екінші кезеңде қатысушылар шеберлік сыныбын жүргізушілермен, жасөспірімдермен және волонтерлермен танысады. Көрермендерді экспериментке қатысуға шақырған шара жүргізушісі сауалнама нәтижелерін жария етеді. Интернеттің бала өміріндегі оң және теріс жақтары атап өтілетін эксперименттің мақсаты айтылуға тиіс. Қатысушылар  экспериментке қатысуға жазбаша келісім береді, шеберлік сыныбын өткізу кестесімен танысады. Осы сәттен бастап қатысушылар Интернетті пайдаланбайды.

3. Шеберлік сыныптары. Оқыту кезеңі басталады, жасөспірімдер Интернеттен бас тарту арқылы қол жеткізетін мүмкіндіктермен танысады. Шеберлік сыныптарын өткізу орны нақты тақырыпқа байланысты. Мәселен, «Фотоас» шеберлік сыныбы мектептен тыс жерде өткізіледі. Мұндай тәсіл оқушыларға әрі қарай да, оқыту курстары аяқталған соң да үйірмелерге қатысуға мүмкіндік береді.

4. Жабылу салтанаты. Қатысушылар шеберлік сыныптарындағы оқуды аяқтайды және «желіден тыс» өмірдегі тәжірибесінің әсерлерімен бөліседі. Волонтерлер сұхбат жаза отырып, нәтижелерді тіркейді.

Сұхбаттың үлгісі

Үлгі. Экспериментке қатысушының сұхбатынан: «Әрине, мен түсінемін, біздің істегенімізді қайталауға құлшыныс білдіретіндер көп болмайды. Дегенмен егер адам қызықты іс тапса, ол Интернетсіз өмір сүре алады және төрт күн ғана емес».

Сұхбат сұрақтары:

1. Неліктен экспериментке қатысу туралы шешім қабылдадың?

2. Бірінші күні, екінші күні, соңғы күні қандай сезімде болдың?

3. Әдетте Интернетке жіберетін уақытыңды қайда жұмсадың?

4. Осы күндері сенің желіге шықпай, өзіңді ұстай білуіңе не немесе кім көмектесті?

5. Интернетте болу уақытын қысқартуды қалайтын, бірақ соған күш-жігер таба алмайтын балаларға қандай кеңес берер едің?

Эксперимент соңы лайықты рәсімді талап етеді, мәселен: концерт ұйымдастыру, таныстырылым. Қатысушыларға және шеберлік сыныптарын жүргізушілерге сертификаттар беріледі (олар шынымен де Интернетті пайдаланбаған жағдайда). Мамандарға сабақты әрі қарай жалғастыру үшін балаларды үйірмелерге шақыруға мүмкіндік беріледі.

Дереккөз: «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль