text
MCFR.KZ Образование

Музыка сабағы қандай кезеңдерден тұрады

  • 6 марта 2018
  • 32
Музыка сабағы қандай кезеңдерден тұрады
Музыка сабағы қандай кезеңдерден тұрады

Музыка сабағы – ең алдымен өнер және эстетика сабағы, оның көмегімен баланың рухани қасиеттерінің нәзік тұстары қиылысады. Осыған сәйкес, музыка сабағы біртұтас шығарма ретінде оқытылуы тиіс.


Осы тақырып бойынша мына мақалаларды оқи аласыздар:

Ойын технологиялары музыка сабағында

Музыканың тәрбиелік рөлі


Музыка сабағын өткізу тәртібін қарастырайық.

Музыка сабағының негізгі кезеңдері

Кез келген шығарма секілді музыка сабағы кіріспеден басталуы тиіс. Алғашқы кезеңде оқушылардың қоңырау соғылғанда сыныпқа кіруін ұйымдастыру үшін сынып жетекшісінің көмегіне жүгіну қажет.

Музыканың сүйемелдеуімен сабаққа кіру

Сонымен балалар музыканың сүйемелдеуімен сыныпқа кіреді. Егер тым шулы болса, музыка шуды ұнатпайды деген сылтаумен оны өшіріп тастауға тырысып көріңіз. Балаларға музыканы тыңдау мен естуді бірден үйреткен маңызды.

Музыкалық шығарманы таңдау

Музыканың сабақтың тақырыбымен үйлесуі тиіс екендігі белгілі. Музыканың сүйемелдеуімен кіру бірнеше мақсатты қамтиды:

  • балалардың назарын аударады;
  • белгілі көңіл күй қалыптастырады;
  • өткен сабақтың нәтижелерін бекіту арқылы уақытты үнемдейді.

Музыка тыңдау

Мұнда мұғалімнің үлгі көрсетуі маңызды, ол тыңдау процесінің маңыздылығын айқындай түсуі тиіс. Бірнеше маңызды қағидаларды еске түсірген жөн:

  • музыкаға көңіл бөліңіз, оқушыларға оның өзіңіз үшін де аса маңызды екенін түсіндіріңіз;
  • дауыс интонациясының көмегімен, суретті көрсету, өлең оқу арқылы тыңдау атмосферасын құрыңыз;
  • оқушыларды жайлы жағдаймен қамтамасыз етіңіз, тыңдау кезінде ойын басқа жаққа бөлуге, жауап беру үшін қол көтеруге, сөйлесуге болмайтынын алғашқы сабақтан-ақ түсіндіріңіз.

Музыка тыңдаудың пайдасы

Оқушылардың музыка өнеріне деген құрметін тәрбиелеу, музыка тыңдауды сауатты ұйымдастыру арқылы мұғалім балаларды өзін өзі тануға ынталандырады. Тыңдаудың құндылығы балалардың

  • зейінді болуына;
  • эмоцияларын қадағалауға;
  • байқампаздығын дамытуға;
  • жадысын жаттықтыруға;
  • тембрлік, дыбыстық жоғары, ырғақты есту қабілетіне ие болуға ықпал ететіндігінде.

Вокалдық-хор жұмысы

Ән айту – музыкалық тәрбиенің маңызды бөлігі және ұжымдық шығармашылықтың бірегей құралы. Вокалдық-хор жұмысы

  • музицирлеу қабілеттілігін;
  • нәзік қабылдау қабілетін;
  • жедел дамуға (ғылыми дәлелденген дерек);
  • сауықтыру нәтижесін (ерте кезден бастап вокалдық жаттығуларға негізделген емдік-сауықтыру рәсімдері белгілі) қалыптастырады.

Бастысы, уақыт шектеулі болғанда сабақты вокалдық-хор жұмысына кем дегенде 20–25 минут бөлетіндей етіп ұйымдастыру керек.

Әндетудің пайдасы

Вокалдық-хор жұмысындағы әндетудің рөлін толық бағаламауға болмайды.

Әндету

  • дауысты қыздыруға және күйіне келтіруге;
  • вокалдық-хор қабілеттерін дамытуға;
  • музыка тілінің заңдылықтарын меңгеруге;
  • теорияны жаңартуға;
  • дыбысқа, дауысқа құрметті тәрбиелеуге;
  • дирижердің ым-ишараттарын орындауға машықтандыруға мүмкіндік береді.

Концерт сабақ форматы

Оқу тоқсаны немесе оқу жылы аяқталғанда концерт сабақ арқылы негізгі тақырыпты саралау әрі қорытындылау қажет болады. Осы форматтың көмегімен балалар жаттаған әндерін орындайды, сүйікті шығармаларын қайта тыңдайды, тоқсанның тақырыбын бекітеді, оқытушының сұрақтарына жауап береді.

Оқушылар өздерін нағыз әнші ретінде сезінуі үшін ата-аналарды, сынып жетекшісін немесе өзге сынып оқушыларын шақырыңыз.

Концертпен бірге сабақ форматының да сақталуы тиіс екендігін естен шығармаңыз. Ата-аналарға музыка сабағының атмосферасын сезінуге мүмкіндік беріңіз. Мектептің өзге мұғалімдері мектептік сабақ арқылы концерт форматының нәтижелілігін көрсін.

Ата-аналар мен мұғалімдердің музыка сабағының ерекше беделін түсінгені сіздің жетістігіңіз болады, ол көбіне толық бағалана бермейді.

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль