text
MCFR.KZ Образование

Білім беру мазмұнын жаңарту білім беру процесіне қатысушыларды психологиялық қолдау

  • 12 марта 2018
  • 49
Білім беру мазмұнын жаңарту
Білім беру мазмұнын жаңарту

Психологиялық қауіпсіздік әлеуметтік қауіпсіздік санатына кіреді, себебі мектеп қоғамда ауқымды мүмкіндікке ие әлеуметтік институт болып табылады, ол жергілікті қауіпсіздік жүйесін өз құрады.


Білім беру ұйымдарында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Оқу үдерісін жоспарлау


«Өзгерістер жағдайында білім беру ұйымын басқару» тақырыбын жалғастыра келе, жалпы білім беретін мектепте психологиялық қауіпсіз орта құру мәселесін қарастыру керек.

Бүгінде біз баланың мектепте жарақаттануының алдын алу үшін бәрін жасап жатырмыз, бірақ психологиялық қауіпсіздіктің де, және білім алушылардың психикалық денсаулығын сақтаудың қажет екендігі жөнінде аз ойланамыз. «Мектептегі денсаулық сақтау ортасы» деген сәнді сөз тіркесі – бұл ең алдымен мектеп ортасында психологиялық жайлы орта құру.

Психологиялық қауіпсіздік әлеуметтік қауіпсіздік санатына кіреді, себебі мектеп қоғамда ауқымды мүмкіндікке ие әлеуметтік институт болып табылады, ол жергілікті қауіпсіздік жүйесін өз құрады. Бұл аталмыш «адам–адам» жүйесі. Мұнда аса қауіпті психологиялық-педагогикалық технологияларды қолдануға (немесе олардың мүлдем болмауына) негізделген психологиялық қауіп туралы сөз етуге болады. Тек «оқушы–оқушы» қарым-қатынасы ғана емес, сонымен бірге «мұғалім–оқушы», «мұғалім–ата-ана» және т. б. қарым-қатынастары да психологиялық жарақат қалдыруы мүмкін. Осы тұрғыдан мектепті қауіптілігі жоғары объект ретінде қарастыруға болады, себебі ол «аса күрделі өнім» – психологиялық дені сау тұлғаны шығаруға арналған. Осыдан барып психологиялық қауіпсіздік немесе білім беру ортасы мүшелерінің өзара әрекеттестігіндегі психологиялық қауіпсіздік мәдениеті туралы мәселенің өзектілігі артады.

Білім мазмұнын жаңартудың маңызды құрамдастарының бірі оқу нәтижелерін бағалауды жетілдіру жолдарын іздеу болып табылады. Осындай ізденіс тоқсан бойы аталмыш «бағасыз» оқуға алып келді. Баға тек бөлімдегі жиынтық жұмыс үшін (бұдан әрі – БЖБ) және оқу кезеңіндегі жиынтық жұмыс үшін (бұдан әрі – ТЖБ) қойылады.


Критериалды бағалау


Оқушылардың нақты өзіндік бағасын жетілдіру мұғалімнің оқушымен өзара әрекеттестігінің шарттарының бірі болып саналады, ол алдыңғы нәтижемен салыстыруға негізделуі тиіс. Бала жеткен қандай да бір жетістікті өзіне қатысты түрде бағалау нормативтердің негізінде бағалауға қарағанда дұрысырақ. Бұл білім алушыны жағымсыз эмоциялардан және «жақсы оқу үлгерімі» үшін бәсекелі күресте сәтсіздікке ұшырау қорқынышынан арылтады, бұл мектеп жүйесінде өзіндік құндылыққа және жетістіктің стереотипіне айналды.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Шынайы бағалау оқу уәждемесінің артуына, оң қабылдауға және өзіне деген оң көзқарасқа ықпал етеді. Оқу қызметіндегі басты нәрсе –бұл адамның өзіне көңіл бөлуі: «мен кім едім» және «кім болдым», «неге қол жеткіздім» және «тағы неге қол жеткізе аламын» бағалауы. Осылайша, өзіндік өзгерістерді бағалау, рефлексия – білім алушының оқу қызметін бағалау нәтижелерінің сапалы құрамдастары. Осы жағдайда БЖБ және ТЖБ мектептік бағалауы баланың оқуға, білімге деген танымдық қызығушылығын жоймайды, керісінше қолдайды.

Біз бүгін практикадан нені көре аламыз?

Мұғалімдер мектептік бағалауға тәуелсіз оқу уәждемелерін қалыптастыру құралдарын білмеу немесе білу, бірақ дұрыс іріктей білу машығын айқындау қажеттілігіне тап болды.

«Бағалаусыз» жүйеге қалай ауыса әрі бейімделе аламыз?

Мектептік баға – бұл мықты уәждемелік фактор, ол танымдық қызметті ынталандыру немесе тежеу арқылы оған ықпал етеді. Баға бала өмірінің барлық саласына әсер етеді. Ол бала тұлғасының мінездемесіне айналады, оның өзіндік бағасына ықпал етеді, оның мектептегі мәртебесіне және отбасындағы әлеуметтік жағдайына ықпал етеді. Баланы қоршаған адамдар үшін: ата-анасы, туыстары, ұстаздары, сыныптастары үшін баланың «озат оқушы» немесе «үшке оқуы» аса маңызды.

Сонымен, ағымдық бағалауды «алып тастады». Енді не істейміз? Мақтаныш сыйлайтын «Бестікке»,  үміт сыйлайтын «төртікке», үйреншікті «үштікке» және жабырқататын «екілікке» үйренген бесінші және жетінші сынып оқушыларын «бағалаусыз» жүйеге қалай бейімдейміз? «Бағалау» мен «бағаның» арасындағы айырмашылық қандай?

Баға – бұл мемлекеттік стандартпен бекітілген оқушының білім деңгейін белгілеу.

Бағалау – оқушының нәтижелерін, ынтасын, талпынысын, күші мен шығармашылығын толық ауызекі сипаттау. Баға бағалаудан шығады, сондықтан да бағалау бағадан бұрын жүруі тиіс, керісінше болмауы тиіс.

Бағалаудың басты міндеті – жеке білім тереңдігі мен көлемін белгілеу.

Бағалау қызметтері – кері байланыс және бекіту (марапаттау). Бағалау мектептік білім деңгейінің айқын көрсеткіші, оқу қиындықтарын диагностикалаудың негізгі индикаторы әрі кері байланысты жүзеге асыру құралы болып табылады.

Баға – бұл оқушылар білімінің сандық белгісі, ол оқу деңгейін бекітеді, ұпаймен беріледі.

Мұғалім журналға баға қойғанда әдетте бірқатар ұстанымдарға бағдарланады, осының нәтижесінде әр ұпай оқушының мыналарға қатысты деңгейінің кіріктірілген көрсеткішіне айналады

  • белгілі эталонның;
  • жалпы сыныптың;
  • алдыңғы кезеңдегі өзінің.

Білім берудің жаңартылған мазмұны практикасында «бағалау» – формативтік бағалау, «баға» – жиынтық бағалау.

Жалғасын  № 3-2018 «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»  журналынан оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты