text
MCFR.KZ Образование

Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру

  • 6 марта 2018
  • 54
Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру
Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру

Бүкіл әлемде білімге деген қаржыны бөлудің басымдыққа ие әдісі «ақша оқушылардың санына байланысты» схемасы, яғни сұраныстың негізінде қаржыландыру болып табылады. Оны көбіне «қаржыны жан басына бөлу» немесе «нормативтік-бюджеттік қаржыландыру» деп атайды. Осы қаржыландыру тетігі қаржыландыру көлемінің ең алдымен оқушылардың санына байланысты екенін білдіреді.

Орта білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландырудың халықаралық тәжірибесі атаулы жоспарлау жүйесінің көбіне мемлекеттік қаржыны мақсатына сай жұмсау нәтижелілігін арттырып, болашақта оқудың жоғары сапасын қамтамасыз ететінін көрсетті.

Орта білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру мектептерді оқушылар санына қарай қаржыландыру тетігін білдіреді және МЖМБС бірыңғай талаптарына сәйкес балалардың орта білім алуына кететін базалық шығындарды теңестіруге бағытталған. Жан басына шаққандағы қаржыландыруда мемлекеттік шығынды жоспарлау бірлігі мектеп емес, мұндағы оқушы болады.

Орта білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыруға көшу Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған.

Жан басына шаққандағы қаржыландырудың мақсаты

Мақсаты – педагогикалық әлеуеттің рөлін күшейтудің есебінен білім сапасын арттыру және мектептердің материалдық-техникалық базасын жетілдіру.

Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруда оқушылар, олардың сапалы білім алу мүддесі мен құқықтары алғашқы орында тұрады. Білім беру ұйымының (бұдан әрі – БҰ) ұйымдастырушылық және қаржылық мәселелерді басқару, білім беру процесін ұйымдастыру нәтижелілігі артады. Осының бәрі БҰ арасында оқушылар, мұғалімдер үшін және олардың жұмысын ынталандырудың қосымша шаралары үшін бәсекелестіктің туындауына алып келеді.

Орта білім саласында жан басына шаққандағы қаржыландыруды апробациялау 01.09.2013 ж. бастап республикамыздың 4 облысындағы 50 пилоттық мектебінде басталды (Алматы (4 мектеп), Ақтөбе (15 мектеп), ШҚО (12 мектеп) және ОҚО (19 мектеп)). 01.01.2014 ж. апробацияға тағы Ақмола облысында 13 мектеп қосылды. 01.01.2017 ж. бастап пилоттық жобаға қосымша Астана қ. 5 мектеп пен Алматы қ. 5 мектеп қосылды.

Орта білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыруды апробациялаудың аралық қорытындыларын талдау 4 жылдың ішінде мынаны көрсетті:

  • білім берудің барлық деңгейі бойынша орташа есеппен оқушылардың оқу үлгерімін жыл сайынғы бақылау нәтижелері жақсарды: 2013 жылы 54 балдан 2016/2017 оқу жылы 61,5 балға дейін;
  • пилоттық мектептерде ҰБТ бойынша орташа көрсеткіш 71-ден 75,9 балға дейін өсті.

Жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу тәрбие процесінде де көрініс тапты, бұл барынша көп білім алушыны сабақтан тыс қызметпен қамту деңгейін арттыруға мүмкіндік берді.

Осылайша, балаларды дамытуға арналған үйірмелер мен секциялар саны 1 175 бірлікке артты.

Өткен оқу жылында өткізілген сыныптан тыс іс-шаралар саны апробациялаудың алғашқы жылындағы 6 500 іс-шарамен салыстырғанда 11 649 іс-шараны құрады.

2016/2017 оқу жылы конкурстар мен сайыстардың (спорттық, пәндік, ғылыми, зияткерлік) жүлдегері, жеңімпазы, лауреаты атанған оқушылар үлесі жалпы оқушы санының 24,6 % құрады, ал 2012/2013 оқу жылы бұл көрсеткіш 18 % құраған болатын.

Пилоттық мектеп оқушылары қатысқан олимпиада, конкурс, сайыс саны артты және есептік оқу жылының қорытындылары бойынша 9 019 бірлікті құрады (2012/2013 оқу жылы – 2 480 бірлік).

Жан басына шаққандағы қаржыландыруды апробациялау педагогтардың белсенділігінде де көрініс тапты:

  • пилоттық мектептерге магистр академиялық дәрежесіне ие 83 педагог келді;
  • пилоттық мектеп педагогтары шығарған әдістемелік оқу құралдары мен өзге басылымдар саны 7 187 құрады.

Жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемінің аясында мектептерде оқу және материалдық-техникалық базаны ішінара нығайту мүмкіндігі пайда болды. Тек өткен оқу жылының ішінде спорттық керек-жарақ – 1485 бірлік, оқушылар жиһазы – 2 435, компьютерлер мен жабдықтар – 470, оқу тақтасы – 111, көрнекілік құралдары мен оқу материалдары – 36 404, музыкалық аспаптар – 124 бірлік сатып алынды.

Апробациялау кезеңінде пилот форматы бірнеше рет өзгерді. Бүгінде пилотқа 1–11-ші сыныптар қатысады. Сондықтан жан басына шаққандағы норматив мынадай белгілері бойынша ажыратылады

  • білім деңгейі бойынша (1–4 сыныптар, 5–9 сыныптар, 10–11 сыныптар);
  • білім беру бағдарламаларының түрлері бойынша (жалпы білім беретін бағдарламалар, білімге деген сұраныстары ерекше оқушыларға арналған түзету бағдарламалары);
  • мектептің орналасқан жері бойынша (қалалық/ауылдық жер);
  • оқу орны бойынша (жалпы білім беретін сыныпта, үйден оқу, білімге деген сұраныстары ерекше оқушылардың жалпы білім беретін сыныпта оқуы).

Алайда, осы үлгілер білім сапасына залалын да тигізуде, себебі БҰ оқу-материалдық базасы нашарлап, апаттық оқу орындары пайда болды, мектептерде ақша жиналады.

Жан басына шаққандағы қаржыландырудың аясындағы ақша неге жұмсалады?

Жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі келесі шығын түрлерін қарастырады:

  • еңбекке ақы төлеу, қызметкерлердің жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына сауықтыруға арналған жәрдемақы төлемі және салықтар мен басқа да бюджетке міндетті төлемдер бойынша жұмыс берушінің салымдары;
  • білім беру процесіне байланысты шығындар (баспа және экрандық-дыбыстық оқу құралдарын, оқытудың техникалық құралдарын, оқу-көрнекілік құралдарын, демонстрациялық оқу құралдарын, мектеп жиһазын, спорттық керек-жарақ пен жабдықтарды, үлестірме және бақылау-өлшеу құралдарын, музыкалық аспаптар, көркемдік материалдар, оқушылар планшеттерін, үлестірме материал, гербарийлер, топтамалар мен нақпішіндер, онлайн-сабақтар өткізу және жобаларды шолу үшін бағдарламалық қамтым, жарақтандыру нормаларына сәйкес әдістемелік қор, сондай-ақ табель бланкілерін, сынып журналдары мен борды сатып алу);
  • коммуналдық шығындар;
  • почта және телефон байланысы, Интернет қызметтерін төлеуге кеткен шығындар;
  • ғимараттарға, үй-жайларға ағымдық жөндеу, ұстау және қызмет көрсетуге кеткен шығындар, компьютер мен ұйым техникасын, интерактивті жүйелерді сатып алу;
  • білім беру процесінде қолданылмайтын тауарларды, соның ішінде жуу құралдарын, шаруашылық тауарлар мен керек-жарақтар, құрылыс тауарларын, кеңсе тауарларын, зарарсыздандырғыш құралдар, жұмсақ құрал-саймандар мен ыдыс-аяқ сатып алу;
  • қызметкерлерге сыйақы беру;
  • білім алушылардың ғылыми, спорттық, шығармашылық және зияткерлік іс-шараларға даярлығы мен қатысуына байланысты шығындар және оқу шығындары (сахна костюмдерін, мектеп командасына қажетті спорттық киім сатып алу, оқушылардың іс-шара өтетін жерге барып-келуі, қатысу үшін салымдар; ғылыми жобаларға арналған макеттерді дайындау және т. с. с.);
  • капиталдық шығындар;
  • банк (қаржылық) қызметтерін төлеу.

Жалғасын  № 3-2017 «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»  журналынан оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль