Жұлдызды кеш бітіру кеші

34
Жұлдызды кеш – бітіру кеші!
Жұлдызды кеш – бітіру кеші!
Балабақшадағы бітіру кешінің сценарийі.

Білім еліне саяхат

Қош бол, балалық!

Балабақшада ертеңгіліктер өткізу және оған дайындық



Мақсаты:

  • алған білімдерін қолдану машықтары мен дағдыларын қалыптастыру; балалардың музыкалық нөмірлерді ұжыммен және жеке орындау машықтарын бекіту; музыка сабағында алған білімді, машықтар мен дағдыларды бекіту;
  • балалардың тұлғалық қабілеттері мен шығармашылық бастамасын, таныс би қимылдары арқылы импровизациялау машығы;
  • музыкалық-ойын қызметі мен көркем сөз арқылы мектепке деген оң көзқарас пен оқуға деген ниетін тәрбиелеу.

Топ тәрбиешілері музыканың сүйемелдеуімен музыка залына кіреді.

1-ші жүргізуші. Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!

 Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

 Қоштасатын кешімізді біз бастайық.

 Жүздерінен көркем шаттық арайлы,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың!

2-ші жүргізуші. Иә, қымбатты достарым, көптен күткен күн де келіп жетті, біз ерекше концертімізді бастаймыз. Ал ол бізді бірнеше жыл бойы машықтарымен және қабілеттерімен қуантқан дарынды балаларымыздың құрметіне арналады.

1-ші жүргізуші. Біздің концертіміздің артықшылығы – мұнда ешқандай әділқазылар болмайды, себебі біздің түлектеріміз ең үздік әрі талантты. Бүгін сіздерге балабақшамыздың жұлдыздары өнер көрсетеді, олар болашақта өнер әлемінен өз орнын табады.

2-ші жүргізуші.

Өтті қызық көп күндер,

Бес жасқа да жеттіңдер.

Барасыңдар мектепке,

Бір белестен өттіңдер.

Қолдарына гельді шар ұстаған балалар есіктің артында тұр; «Мы маленькие звезды» әнінің сүйемелдеуімен олар залға кіріп, сапқа тұрады және қонақтарға қараған күйі шахматтық тәртіппен тұрады.

1-ші жүргізуші.

Мәпелеген анамыз,

Бақша болды панамыз.

Мектепке енді барамыз,

Оқып білім аламыз.

Мектепке енді барамыз

Оқимыз, сауық құрамыз.

Қашық емес арамыз

Бақшаға келіп тұрамыз.

2-ші жүргізуші.

Біріншіге барамыз,

Әдепті бала боламыз.

Жақсы оқып сабақты,

Кілең бестік аламыз. 

Біздер алты жастамыз, 

Сәбиліктен асқанбыз, 

Мектеп бізді шақырды, 

Қош бол, әсем бақшамыз! 

Балалар өлең оқиды.

Балабақшам тым ыстық,

Білім алдық бастапқы. 

Мұнда жақын туыстық, 

Мұнда жақын дос таптық. 

Қолыма гүл аламын, 

Дайын дәптер-қаламым. 

Таңғалдырып достарды, 

Мен мектепке барамын.

Өстік біздер, мінеки, 

Жаттап талай тақпақты. 

Бала күнім бал дәурен, 

Ұмытылмас шақ тәтті. 

Балабақша бесігім,

Тағы бір той жасайық!

Ашып мектеп есігін

Өзіңмен қоштасайық!

Талай қызық той өткіздік,

Бірақ орны бөлекше.

Бақшамызбен қоштасатын,

Бәрі бірге. Бүгінгі той ерекше.

«Біз бақытты баламыз» әні

(музыкасы Т. Кулинованікі, сөзі Е. Аликеевтікі)

Әннен кейін шарларды ұшырады, олар төбеге ұшады. Балалар өлең оқиды.

Біз кішкентай бүлдіршінбіз,

Бақыт сыйлар ұл мен қызбыз.

Қуанышты көңіл сыйлар,

Мерекеге қош келдіңіз.

Бақшамыз бар таң қалдырар,

Өнерімен тамсандырар,

Бүлдіршінбіз жан шуақты,

Ән мен жырдан нәр алдырар.

Күлімдеген күн нұрындай,

Тәрбиеші анамыздай.

Білім менен тәрбиенің,

Ордасына айналғандай.

Бақшамыздың мақтанышы,

Биік ұстар ар-намысты.

Біз балдырған ұландармыз,

Шырқайтұғын ән мен жырды.

«Детский сад» әні

(музыкасы мен сөзі С. Солодованікі)

Әннен кейін балалар орындыққа отырады.

1-ші жүргізуші. Құрметті түлектер, бүгін сендердің балабақшадағы соңғы мерекелерің. Бүгін сендерге бірнеше жыл бойы қамқорлық танытып, мейірімділікке, сүйіспеншілікке, шыдамдылыққа баулып, бар білімі мен машықтарын сендер үшін сарп еткен жандар өздеріңмен қоштасады.

2-ші жүргізуші. Сендер осында достасып, көп нәрсені білдіңдер, және әрқайсың балабақшамен қоштасу үшін ерекше өнерлеріңді де дайындадыңдар. Біздің алғашқы жұлдыздарымды қарсы алыңыздар!

«Птицы мира» биі

Қыз-құстарға ақ капроннан «қанаттар» бекітілген. Қыздар аяқтарының ұшымен жүгіріп шығып, залға диагональ бойынша орналасады.

1-ші қимыл. Жанынан жоғарыға қолын сермей, қолын түсіріп, «қанаттарын сермеу».

2-ші қимыл. Қолдарын кезекпен солға-оңға сермеу.

3-ші қимыл. Шеңбермен аяқтың ұшымен жүгіру және шеңберге тоқтау.

4-ші қимыл. Қолын жайып, алақандарын қосу және қосымша қадамдармен шеңбермен жылжу.

5-ші қимыл. Шеңбермен жүгіру және қонақтарға қараған күйі жұптасып тоқтау.

6-шы қимыл. Тізерлеп отыру және алдымен тез «қанаттарын сермеу», осыдан кейін баяу және қол ұстасып, орындарында қатып қалу.

Қыздар залдан «ұшып кетеді», олардың қанаттарын шешіп, ұлдарға кепке кигізеді.

Жалғасын  № 3-2018 "Музыкалық жетекшінің анықтамалығы" журналынан оқыңыздар



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 237-77-11/12

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04, +7 (727) 237-77-13


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Только сегодня
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль