text
MCFR.KZ Образование

Бейнелеу өнері мұғалімдерінің облыстық шеберлік сыныптар конкурсы

  • 13 марта 2018
  • 23
Менің шығармашылық зертханам
Менің шығармашылық зертханам

Бейнелеу өнері оқытушыларының біліктілігін арттырудың ең тиімді тәсілі – педагогтың кәсіби біліктілігін растайтын диплом мен сертифкат алуға болатын конкурстарға қатысу.

≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈

Біз «Музыкалық жетекшінің анықтамалығы» электрондық журналында алғаш рет әндердің минусовкаларын, сондай-ақ ертеңгіліктер мен ойындарды сүйемелдеуге арналған аудио және видеоматериалдар жариялауды бастадық.

► Мамыр әні • Майская песенка

► Ән қанатында • Окрыленные песней

► Халықтар достығы • Дружба народов

≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈

Қазіргі кезде кез келген оқытушыға үнемі біліктілігін арттыру, білімі мен машықтарын жаңарту талап етіледі, ол мансап жолында көтерілуі үшін және жоғары еңбекақы алуға мүмкіндік береді. Бұлар тең дәрежеде бейнелеу өнерінің мұғалімдеріне де қатысты, олар жасампаздықты, дарын мен ерекше білімді талап ететін креативті оқу әдістерін қолдана отырып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуы тиіс.

Конкурстар олар қатысушыларға білімін, машықтарын, оқушыларға қатысты түрлі әдістерді қолдану қабілетін және МЖМБС талаптарына толық сәйкестікті көрсетуге мүмкіндік береді. Осындай конкурста БӨ мұғалімдері көптеген педагогикалық міндеттерді өз бетімен шешу қабілетін дәлелдеп, білім берудің инновациялық әдістемелеріне зор үлес қоса алады. Егер олар сәтті аяқталып, адам диплом алса, ол қандай да бір қосымша күшсіз біліктілітігін арттыруға үміткер бола алады.

Бейнелеу өнері саласында сабақтар мен үйірме сабақтарды ұйымдастырудың үздік педагогикалық тәжірибесін айқындау мақсатында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының әдістемелік кабинеті жыл сайын бейнелеу өнері мұғалімдерінің «менің шығармашылық зертханам» шеберлік сыныптар конкурсын өткізеді.

Конкурс шығармашылық әлеуетті ашуға, кәсіби шеберлік арттыруға, бейнелеу өнерін оқыту саласында тәжірибе алмасу мен бөлісуге бағытталған.

Конкурстың негізгі міндеттері мыналар

  • педагогтардың шығармашылық белсенділігін ынталандыру;
  • облыс педагогтары арасында озық педагогикалық тәжірибені тарату;
  • бейнелеу өнері мұғалімдеріне арналған шеберлік сыныбы жинағын құрастыру.

Еркін, сонымен бірге өзекті тақырыпқа берілген шеберлік сыныбы конкурстың мәнін құрайды. Шеберлік сыныбы авторлық, қызықты, жақсы рәсімделген, бұрын ешқайда өткізілмеген болуы тиіс. Интернеттен көшіруге тыйым салынады.

Конкурс 2 кезеңмен өткізіледі: аудандық (қалалық) және облыстық.

Ұсынылған материалдың мазмұнына қойылатын талаптарда мыналар ескеріледі

  • педагогтың заманауи әдістемелер мен тәсілдерді меңгеруі;
  • қиялының кеңдігі және педагогтың шығармашылық тұрғыдан келуі;
  • оқытудың жүйелі-қызметтік тәсілін қолдану;
  • сабақтар (оқулар) нәтижелілігін көрсету, сабақтың (оқудың) белгіленген мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі;
  • білім алушылардың белсенді өзіндік қызметіне жағдай жасау;
  • білім алушылардың ұжымдық шығармашылық қызметін белсендіру;
  • сабақта заманауи ақпараттық технологияларды, еркін білім беру кеңістігін қолдану.

Осындай конкурстарға қатысу білімді тексеруге және жүйелеуге, оның қорын толықтыруға, оқытушының қатынастық және психологиялық қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік береді. Сондықтан конкурсқа қатысу тек материалдық тұрғыдан ғана емес, сонымен бірге мансап жолымен сәтті көтерілуге де пайдалы. Ол педагогтарға бір орында тұрмай, үнемі әріптестерінің арасында көшбасшылық орында тұруға мүмкіндік береді.

≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈

Пайдалы мақалаларды оқыңыздар:

Педагогтарға арналған «Конфликтогенді конвейер» шеберлік сыныбы

«Оқу-танымдық үдерісіндегі рефлексия» шеберлік сыныбы

«Жобалау әдісі мектеп жасына дейінгі балаларды кіріктіріп оқыту әдістерінің бірі ретінде» шеберлік сыныбы

Қашықтық конкурстары – балаларға қосымша білім беру мүмкіндіктерінің бірі ретінде 

≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈≈

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны



Қосымша

Бейнелеу өнері мұғалімдерінің «Менің шығармашылық зертханам»
облыстық шеберлік сыныптар конкурсы туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1.1. Бейнелеу өнері мұғалімдерінің «Менің шығармашылық зертханам» облыстық шеберлік сыныптар конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) туралы ереже Конкурстың мақсаттары мен міндеттерін, оны өткізу тәртібі мен мерзімдерін, Конкурсқа қатысушыларға, конкурстық құжаттаманы рәсімдеуге, қорытындылау және Конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қойылатын талаптарды белгілейді.

1.2. Конкурсты ұйымдастырушы – «_________________ облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ.

1.3. Конкурс шығармашылық әлеуетті ашуға, кәсіби шеберлікті арттыруға, бейнелеу өнерін оқыту саласында тәжірибе алмасуға және бөлісуге бағытталған.

2. Мақсаты мен міндеттері

2.1. Конкурстың мақсаты – бейнелеу өнері саласында сабақтар мен үйірме сабақтарын ұйымдастыру бойынша үздік педагогикалық тәжірибені айқындау.

2.2. Міндеттері:

  • педагогтардың шығармашылық белсенділігін ынталандыру;
  • облыс педагогтары арасында озық педагогикалық тәжірибені тарату;
  • бейнелеу өнері мұғалімдерінің шеберлік сыныптар жинағын құрастыру.

3. Мәні мен мазмұны

Еркін, сонымен бірге өзекті тақырыпқа берілген шеберлік сыныбы Конкурстың мәнін құрайды. Шеберлік сыныбы авторлық, қызықты, жақсы рәсімделген, бұрын ешқайда өткізілмеген болуы тиіс. Интернеттен көшіруге тыйым салынады.

4. Қатысушылар

Облыстағы бейнелеу өнері мектебінің мұғалімдері Конкурсқа қатыса алады. Жасы мен жұмыс өтілі бойынша шектеулер жоқ.

5. Өткізу мерзімдері

1-кезең – аудандық/қалалық – қыркүйектің алғашқы онкүндігі.

2-кезең – облыстық – өтінімдер мен конкурстық жұмыстар "___" қыркүйекке дейін, конкурс нәтижелері "___" қыркүйекте қабылданады.

6. Конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптар

6.1. Ұсынылған материалдың мазмұнына қойылатын талаптарда мыналар ескеріледі

  • педагогтың заманауи әдістемелер мен тәсілдерді меңгеруі;
  • қиялының кеңдігі және педагогтың шығармашылық тұрғыдан келуі;
  • оқытудың жүйелі-қызметтік тәсілін қолдану;
  • сабақтар (оқулар) нәтижелілігін көрсету, сабақтың (оқудың) белгіленген мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі;
  • білім алушылардың белсенді өзіндік қызметіне жағдай жасау;
  • білім алушылардың ұжымдық шығармашылық қызметін белсендіру;
  • сабақта заманауи ақпараттық технологияларды, еркін білім беру кеңістігін қолдану.

6.2. Жұмыстар СD/DVD дискілермен немесе басқа флеш-тасымалдағыштармен ұсынылуы тиіс. Конкурстық материалдар бар дискілерге белгі қойылуы тиіс (Конкурстың атауы, аудан/қала, автордың Т. А. Ә.) және Конкурсқа қатысуға өтінім қоса берілуі тиіс.

Конкурстық жұмыстар мына мекенжай бойынша қабылданады: __________________________________________.

7. Жеңімпаздарды марапаттау

Конкурс жеңімпаздары «______________________ облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ мадақтамаларымен марапатталады.

Дереккөз«Білім беру ұйымының әдіскері» журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты