text
MCFR.KZ Образование

Музыка сабағының маңыздылығы мен беделін түсінетін кез келді

  • 5 марта 2018
  • 25
Музыка сабағының маңыздылығы мен беделін түсінетін кез келді
Музыка сабағының маңыздылығы мен беделін түсінетін кез келді

Орта мектептердің жалпы білім беру бағдарламасында музыка сабағының маңыздылығын төмендетуге мүлдем жол жоқ. Музыка – толыққанды тұлғаны дамыту мен тәрбиелеудің ажырамас бөлігі.


Осы тақырып бойынша мына мақалаларды оқи аласыздар:

Ойын технологиялары музыка сабағында

Музыканың тәрбиелік рөлі


Әлеуметтік ортада мектептік білімге немқұрайды көзқарас байқалады. Қоғамның назары математика мен шет тілдері секілді пәндерге ауды. Сонымен бірге эстетикалық тәрбиеге, музыкаға, бейнелеу өнеріне жеткілікті деңгейде көңіл бөлмеу аталмыш «жаппай мәдениетке» кері әсер етеді.

Ең алдымен мектептерде өнерге тиісті көңіл бөлінбейді. 2010–2011 жылдардан бастап бастауыш және ортаңғы сыныптар үшін музыка мен бейнелеу өнерін оқыту аптасына бір сағатпен шектелген (Ресей Федерациясында музыка сабақтары 9-шы сыныпқа дейін оқытылады). Жалпы білім берудің маңызды бөлігі ретінде музыкалық тәрбие мәселелеріне лайықты көңіл бөлу керек.

Музыкалық тәрбиенің міндеттері

Ежелгі заманнан бастап адамның рухани және психикалық қалыптасуы тікелей музыкаға байланысты еді. Ата-бабаларымыз музыка құдайдың туындысы деп болжаған. Музыкатану музыканың қоғамдық өмірдің барлық саласындағы рөлін айқындай түседі.

Қазіргі педагогиканың негізін қалаушылардың бірі В. А. Сухомлинский былай деген: «Музыкалық тәрбие – бұл музыкантты тәрбиелеу емес, ең алдымен, адамды тәрбиелеу». Музыкалық тәрбиенің мақсаттары қандай міндеттерге негізделеді?

Музыка сабағының міндеттері

  • балаларға классикалық және дәстүрлі сарындарды, әсіресе қазақ музыкасын тыңдауды  және қабылдауды үйрету;
  • музыка өнерімен, музыка жанрларымен, интонациялары мен стильдерімен таныстыру;
  • музыкалық-бейнелі ойлауын, музыкалық сезімін дамыту;
  • ырғақты сезінуін, музыкалық естуін, жадысын, музыкалық-орындаушылық қызмет негіздерін қалыптастыру;
  • қазақ музыкасы мен Қазақстан халықтарының шығармашылығын тану арқылы отансүйгіштікті тәрбиелеу.

Баланың өзін өзі тануы музицирлеу және хормен ән айтудан басталады, музыкалық-ырғақты қимылдар, ырғақты интонациялау арқылы білім алушы өнер әлемімен қауышады.

Музыка сабақтарының тәрбиелік әлеуеті

Кеңестік педагогика тәжірибесі көрсеткендей, білім алушылар бірінші сыныптан-ақ барынша күрделі музыка материалын қабылдауға қабілетті. Бұған жетекшінің дарыны ғана емес, сонымен бірге оқу ортасының сауатты ұйымдастырылуы да ықпал етеді.

Музыкалық тәрбиенің факторлары

  • мұғалімнің жағымды бейнесі және өнерге деген көзқарасы арқылы үлгі көрсету;
  • мектептік музыка кабинетінің ерекше безендірілуі;
  • өнер сабақтарындағы сенім атмосферасы;
  • музыка тыңдау және музыкалық шығармалардың сапасы.

Кеңестік тәжірибені еске алғандықтан, музкалық тәрбиенің көрнекті теоретигі Дмитрий Борисович Кабалевскийдің қызметін де атап өткіміз келеді. Осы атақты музыкант Ленин және Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты бола тұра, қарапайым мұғалімдік қызметті таңдады, сол арқылы бүкіл шығармашылық әлеуетін жастарды үйлесімді тәрбиелеу жолына арнады.

Сондықтан да осы атақты музыка педагогының тәжірибесінен мынадай ой түюге болады: өнерге баулу толыққанды болып, барлық жанрды қамтуы тиіс: вокалдық-хор жұмысы, аспапта ойнау, классикалық шығармалар, халық шығармашылығы. Нақты жанрлық және стилистикалық алуан түрлілік шынайы өнерді қабылдау машығын қалыптастырады.

Сонымен, біз музыканы жалпы өнерден жеке қарастыруға болмайтынын түсіндік. Музыка сабағы тиісті элементтерінің бәрі: кіріспесі мен шарықтау шегінен аяғына дейінгі бөлімдері бар өнер туындысы ретінде құрастырылуы тиіс.

Бала түсінігі үшін музыка құрамдас бөлшектерге бөлінбеуі тиіс. Тек біртұтас әрі шексіз музыка әлемі балаларды баурап алады.

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль