text
MCFR.KZ Образование

Мектепке дейінгі білім сапасын бағалаудың квалиметриялық тәсілі

  • 5 марта 2018
  • 542
Мектепке дейінгі білім сапасын бағалау
Мектепке дейінгі білім сапасын бағалау

Квалиметрия тіршілік ету циклінің кез келген кезеңінде сандық және сапалық нысандарда бағаланатын объектінің сапасы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Квалиметрия объект сапасын бағалауды динамикалық категория ретінде қарастырады.

Мектепке дейінгі білім сапасын бағалаудың квалиметриялық тәсіліПрактикалық мақалаларды оқыңыздар:


Балабақшадағы балаларға арналған музыка сабақтары – бұл ерекше, ғажайып музыка әлеміне қадам басу.

Мектепке дейінгі білім сапасын бағалаудың квалиметриялық тәсілі

Музыка жетекшісі үшін пайдалы мақалалар:


Қазақстандық мектептің 12 жылдық оқыту үлгісіне көшуі, білім берудің барлық сатысында білім нәтижелерін бағалаудың білікті тәсілін енгізу ҚР мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту контентін жаңарту қажеттілігін қалыптастырды.

Жаңа білім беру контенті мектепке дейінгі білім сапасын арттыруға бағытталған педагогикалық процесті технологияландыруды білдіреді. Жоғары сапалы білімді қолдауға бағытталған мектепке дейінгі білім жүйесін құру мыналарды әзірлеуді талап етеді

Бұл міндеттерді педагогикалық квалиметрияның көмегімен шешуге болады, ол сапаны сандық қатынаста өлшеуге мүмкіндік береді.

Квалиметрияның негізгі қағидаттары:

  • қасиеттердің өлшемділігі мен жекелеген, сондай-ақ жиынтық қасиеттер сапаларының бағалануы;
  • сапа мен таңдалған үлгі эталондарының салыстырымдылығы мен айырмашылығы;
  • түрлі нұсқалы сапалардың салыстырылуы.

Квалиметрия сапаны қасиеттер ағашы ретінде қарастырады, барынша төмен деңгейлі көрсеткіштер тобынан құралған объект сапасының көрсеткіші – оның тамыры. Әр деңгейдің көрсеткіштері қарапайым (біртекті) болуы немесе өз кезегінде қасиеттер иерархиясына бөлінуі мүмкін. Құрамдастарға бөлінбейтін қасиет қарапайым (біртекті) деп аталады. Әр қарапайым қасиет өзіндік спецификалық сандық көрсеткішпен өлшенеді. Дәл осы біртекті көрсеткіштер бойынша сандық баға алады және оларды кешенді бағаға кіріктіреді. Квалиметрияда оны қолдану саласына қарамастан сапаны бағалау процесі келесі іс-әрекеттер реттілігін білдіреді:

  • объект сапасын бағалау мақсаттарын айқындау;
  • сапа көрсеткіштерінің құрылымы мен номенклатурасын әзірлеу;
  • объект сапасы көрсеткіштерінің мәнін анықтау;
  • объект сапасын бағалау;
  • сапа көрсеткіштері бағасын біртұтас кешенді бағаға жиынтықтау;
  • шыққан нәтижелерді талдау.

Мақаланың мақсаты – мектепке дейінгі білім саласында барынша жиі қолданылатын педагогикалық квалиметрия аспаптарын қолданудың технологиялық ерекшеліктерін ашу, статистикалық әлеуметтанушылық ақпаратты және мектепке дейінгі ұйымның білім сапасы туралы мәліметтерді бірлесе талдау мүмкіндігі мен қажеттілігін  көрсету.

Педагогикалық квалиметрия алгоритмін ұстануға және «Денсаулық» білім саласында білім сапасын өлшеуге тырысып көрейік.

1. Объект сапасын бағалау мақсаттарын айқындау

1.1. Мақсаты – «Денсаулық» білім саласындағы педагогикалық процесс сапасын айқындау, көрсеткіштер динамикасына қарай білім беру жұмысы нысандары мен әдістерін уақытылы түзету.

2. «Денсаулық» білім саласындағы сапа көрсеткіштерінің құрылымы мен номенклатурасын әзірлеу (динамикалық жағдайы бойынша)

2.1. Физикалық денсаулық номенклатурасы – аурушаңдық деңгейі, физикалық даму деңгейі.

2.2. Әлеуметтік денсаулық номенклатурасы – адамның әлеуметтік ортамен байланысқа түсу қабілеті.

2.3. Эмоционалды денсаулық номенклатурасы – ересектермен қарым-қатынас, ойын барысындағы іс-әрекет.

3. Объект сапасы көрсеткіштерінің мәнін анықтау

3.1. Физикалық денсаулық көрсеткіштері

Балалардың денсаулығын бағалау барысында өлшеу әдісін немесе техникалық құралдардың көмегімен алынатын ақпаратқа негізделген межені қолдануға болады, мысалы:

  • дене салмағы (таразы);
  • өкпенің өмірлік деңгейі;
  • арақашықтық (адымөлшегіш).

Көп еңбекті қажет етпеуі, қатысты аз қателік және нәтижелердің барынша сенімділігі  осы әдістің артықшылығы болса, кемшілігі – технологиялық күрделілігі және сапаны бағалау әдістемесін әзірлеуге көп уақыт жұмсау.

Сондай-ақ мыналарды өлшеуге болады

  • 60 метрге жүгіру;
  • ұзындыққа секіру;
  • биіктікке секіру;
  • лақтыру.

Осыдан кейін мұнын бәрі эталонмен салыстырылып, сапа деңгейі шығарылады.

3.2. Әлеуметтік деңсаулық көрсеткіштері

Көрсеткіш

+2

+1

0

–1

–2

Көрсеткіш

1

Көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді

Басқаларға бағынуды жөн көреді

2

Балалардың үлкен тобында өзін жақсы сезінеді

Балалардың үлкен топтарын ұнатпайды

3

Басқа балалардың іс-әрекеттерін байыппен бақылайды

Басқа балалардың іс-әрекеттеріне кедергі келтіреді

4

Басқа балалардың көңілін аулай алады

Басқа балалардың көңілін аулай алмайды

5

Басқа балалар ұсынған істер мен ойындарға сәтті қатысады

Басқа балалар ұсынған істер мен ойындарға қатыспайды

6

Құрдастарымен жанжалдарды сәтті шешеді

Құрдастарымен жанжалдарды шешуде қиналады

7

Басқа балалар ұсынған қағидаларды қабылдайды

Басқа балалар ұсынған қағидаларды қабылдамайды

8

Өз бетімен жақсы әрекет етеді

Өз бетімен әрекет ете алмайды

9

Өз бетімен ойнай алады

Өз бетімен ойнай алмайды

10

Өзін ұстай біледі, іс-әрекетін қадағалай алады

Өзін ұстай алмайды, іс-әрекетін қадағалай алмайды

11

Өсімдіктерге, жануарларға, кітаптарға, ойыншықтарға залал келтірмейді

Өсімдіктерге, жануарларға, кітаптарға, ойыншықтарға жиі залал келтіреді

12

Балабақшадағы күн тәртібін жақсы біледі және орындайды

Балабақшадағы күн тәртібін білмейді және орындамайды

3.3. Эмоционалды денсаулық көрсеткіштері                                                                               

Көрсеткіші

Өлшемшарттар

1 ұпай

2 ұпай

3 ұпай

1

Ойынға көзқарасы

Тіпті ересек ұсынса да ойнамайды

Аз әрі ынтасыз ойнайды

Құмарлана әрі рақаттана ойнайды

2

Ойындағы белсенділігі

Алаңдаушылық немесе қорқыныш

Қызығушылығы тез басылады

Басқа қызмет түрінен гөрі ойынды ұнатады

3

Құрдастарымен араласуы

Кедергі ретінде қабылдайды, жиі шағымданулар

Қиын, ересек арқылы араласады

Бір-бірімен қарым-қатынасты өз бетімен реттейді және оны белгілі уақыт аралығында сақтауға тырысады

4

Ойын барысында ересектермен араласу

«Қатынастан қашқақтау» ниеті

Ересектің көмегін күтеді

Жағымды эмоциялары қосылады

5

Қиялын дамыту

Пәндік айла-амалдар

Стереотиптік жүріс-тұрыс

Сарқылмас қиял

4. Объект сапасын бағалау

Квалиметриялық мониторинг нәтижелерін математикалық, статистикалық, өлшеу әдістерін, қатынастар межесін және т. б. қолдану арқылы бағалауға болады. Мұның бәрі педагогтың цифрлармен жұмыс істеуге даярлығына байланысты.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Практикада ол мынадай. Біз баланың физикалық даму көрсеткіштерін өлшеп, ұпай қойдық, физикалық даму нормативтерімен салыстырдық және қатынастар межесін қолдану арқылы балалар тобы бойынша орташа ұпайды шығардық. Бұл  – өлшем бірлікке [Q] қолданылатын басқа белгілі өлшемге Qi өлшенетін мәнінің математикалық қатынасы ретінде qi  шамасының сандық мәні есептелетін (анықталатын) өлшегіш меже. 

Физикалық даму нормативтері

4 жас

5 жас

6 жас

ұл

қыз

ұл

қыз

ұл

қыз

30 м  жүгіру (сек.)

9,6–9,0

9,8–9,2

8,5–8,0

8,7–8,1

8,2–7,5

8,3–7,6

Орнынан ұзындыққа секіру (см)

70–80

70–83

77–93

72–87

90–105

85–102

Теннис добын лақтыру (м)

3–5

3–5

1–3

2–5

6–10

6–9

Допты лақтыру және қағып алу (саны)

3–5

4–8

5–8

5–8

15–25

20–30

Көзі ашық күйі статистикалық тепе-теңдік (сек)

5–7

5–10

10–19

13–18

20–40

20–47

Бағалау өлшемшарттары

  • 2 ұпай – нәтижелері норматив нәтижелерінің шегінде және жоғары.
  • 1 ұпай – 1–4 көрсеткіштер бойынша нәтижелер нормативтен төмен.
  • 0 ұпай – дерлік барлық көрсеткіштер бойынша нәтижелер нормативтен төмен.

Сондай-ақ эмоционалды және әлеуметтік денсаулықтың барлық көрсеткіштері бойынша бағалау жүргізуге болады.

Бағалаудың келесі кезеңі – жоғарыда көрсетілген алгоритм бойынша мектепке дейінгі ұйым әдіскерінің қимыл ортасын бағалауы.

Бағалау өлшемшарттары         

  • 0 ұпай – осы өлшемшарттарға сай келмейді.
  • 0,5 ұпай – ішінара сәйкес келеді.
  • 1 ұпай – осы өлшемшартқа толық сәйкес келеді.

Көрсеткіштері

Ұпайы

1

Балаларға қимыл белсенділігін қанағаттандыру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін топта жиһаз бен ойын материалының дұрыс орналастырылуы

1

2

Жиһаз бойына қарай таңдалған және таңбаланған

0

3

Жасы бойынша қимылды ойындар картотекасының, қимылды ойындарға, спорттық ойындарға қажетті атрибуттардың (қалашықтар, бадминтон және т. б.) болуы

0,5

4

Секіру ойындарына арналған атрибуттардың болуы (секірмежіп, сақиналар, секіруге арналған жалпақ шеңберлер және т. б.)

1

5

Лақтыру, қағып алу, ұшыру ойындарына қажетті атрибуттардың болуы (кегльдер, сақина, доп, құм салынған қаптар, дартс, ұшқыш тәрелкелер және т. б.)

0

6

Топта таңғы гимнастика, ояну гимнастика кешендері, бой жазу минуты картотекасының болуы

0,5

7

Серуендеуде қимылды ойындар өткізуге арналған алып жүретін материалдың болуы

0

8

Топта гигиеналық процедураларға қажетті жағдайлардың болуы

1

9

Топта дәрігер бекіткен шынықтыру және сауықтыру әдістемелерінің болуы

0,5

10

Топта балалар үшін оңтайлы қимыл режимін ұйымдастыру мәселелері бойынша ата-аналарға арналған көрнекілік ақпараттың болуы (шынықтыру бойынша ұсынымдар, түрлі сырқаттардың алдын алу бойынша материалдар және т. б.)

1

Жиыны

6,5 ұпай

5. Сапа көрсеткіштерін бағалауды біртұтас кешенді бағамен жиынтықтау

Бағаларды жиынтықтауды мектепке дейінгі ұйымның әкімшілігі жүзеге асырады

Оқу жылы

Физикалық денсаулық

Әлеуметтік денсаулық

Эмоционалды денсаулық

Қимыл ортасын бағалау

Орташа көрсеткіш

1

2

3

6. Шыққан нәтижелерді талдау

Қандай да бір объектіні немесе құбылысты бағалау – істің жартысы, динамиканы салыстыру, талдау, айқындау қажет, мысалы:

  • бір тәрбиешінің қимыл белсенділігі ортасын ұйымдастыру сапасы деңгейінің динамикасы;

  • бір жас тобы үшін қимылды ортаны ұйымдастыру сапасы деңгейінің динамикасы;
  • сырқаттану деңгейінің динамикасы;

  • физикалық даму деңгейінің динамикасы және т. б.

Осылайша, біз «Денсаулық» білім саласындағы педагогикалық процестің сапасы туралы толық түсінік аламыз.

Мектепке дейінгі білім саласында қолданылатын кез келген басқа әдістемелер, технологиялар, тәсілдер мен әдістер секілді педагогикалық квалиметрияның ұсынылған материалдарын догмативтік тұрғыдан қолданудан сақтандырғымыз келеді. Математикалық тәсілге, формулалардың болуына қарамастан квалиметриялық тәсіл білім сапасына деген белгілі тұжырымдамалық немесе философиялық көзқарастың шегінде жүзеге асырылуы тиіс. Балабақша Білім сапасын ішкі бағалау жүйесі туралы ережені әзірлей әрі бекіте алады.

Дереккөз«Білім беру ұйымының әдіскері» журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты