text
MCFR.KZ Образование

Педагог-психолог қызметіндегі музыка терапиясы

  • 12 марта 2018
  • 52
Педагог-психолог қызметіндегі музыка терапиясы
Педагог-психолог қызметіндегі музыка терапиясы

Қазіргі қоғамда музыка көркемдік-эстетикалық қызмет түрінің біріне жатады. Ежелгі грек философтарының өзі жеке тұлғаны эстетикалық тәрбиелеудегі музыка өнерінің рөлін және оның тұлғаға жағымды терапевтік әсерін атап өткен.

Атақты педагог, музыка терапевті В. И. Петрушин былай деген: «Қоғамдағы психологиялық тұрақсыздық пен тәртіпсіздік тудыратын күйзелісті факторлардың рөлі балалардың, сондай-ақ ересектердің невроздығына әкеледі, сондықтан музыка дәстүрлі түрде адамның психикалық қызметін эмоционалды реттеудің мықты құралы болып саналады».

Музыка мінез қалыптастыру қабілетіне ие. Түрлі мақамға негізделген музыканы мінезге әсері бойынша бірнеше түрге бөлуге болады. Музыканың бір түрі меланхолия (мұң) тудырса, екіншісі – нәзіктік пен биязылық, үшіншісі – еркіндік, төртіншісі – сабырлылық, төртіншісі – шабыт және т. б. тудырады. Музыка тыңдаушыны қандай да бір эмоционалды күйге бөлейді және оларды жаңғыртады, осы эмоционалды әдеттер соңында болмыстың бір бөлігіне айналады.

Музыканың орталық жүйке жүйесіне, тыныс алуға, қан айналымына және т. б. жағымды әсері туралы мәліметтер пайда болады.

Музыка эмоционалды күйді педагогикалық реттеудің таптырмас құралына, сондай-ақ даму қиындықтары бар, өмірде қиын жағдайға тап болған, қоғамға жат мінез-құлықты балаларды түзету мен оңалту құралына айналады.

Музыка терапиясы – эмоционалды күйді түзетудің ежелгі әрі табиғи нысаны, көптеген адамдар оны психикалық шиеленісті басып, тыныштану, ойын жинақтау үшін қолданады. Музыка терапиясы – бұл музыканы эмоционалды ауытқуларды, қорқынышты, қимыл және тілдік бұзылуларды, жүріс-тұрыстағы ауытқуларды, қарым-қатынас қиындықтарын түзету, сондай-ақ түрлі соматикалық және психосоматикалық ауруларды емдеу құралы ретінде қолданатын әдіс. Музыка терапиясының көмегімен адам өзін және қоршаған ортаны түсіну, мұнда еркін әрі нәтижелі қызмет ету, сондай-ақ барынша психикалық және физикалық тұрақтылыққа жету мүмкіндігіне ие болуы тиіс.

Соңғы онжылдықта музыка терапиясын қолдану барысында жаңа қиындықтар туындады: қазіргі нарық музыкалық классиканы коммерциялық мақсатта қолдануда, ұялы телефондардың музыкалық қоңырауы, жарнама роликтері, бұл музыка мәдениетіне ауқымды залал келтіріп қана қоймай, сонымен бірге өскелең ұрпақтың психикасы мен эмоционалды сезімталдығына әсер ететін психологиялық ерекшелікке ие. Қазіргі жастар әлемді қарапайым әуендер жинағы арқылы қабылдайды. Сондықтан қазіргі кезде педагог-психолог пен өзге педагогикалық кәсіптің кәсіби қызметінде өскелең ұрпақтың музыка мәдениетін қалыптастыру мәселесі тұр, ол басты әрі күрделі міндет болып қала бермек.

Қазіргі кездегі музыка терапиясы саласындағы заманауи зерттеулер екі бағыт бойынша дамиды:

  • эстетикалық, музыкалық-теоретикалық және психологиялық-педагогикалық жұмыстарда музыкалық қабылдаудың көркемдік-эстетикалық заңдылықтарын зерттеу;
  • музыка терапиясының психофизиологиялық аспектілері – психологтар мен физиологтардың жұмысында.

Музыка терапиясы педагог-психологтың кәсіби қызметінде түрлі жолмен ұсынылуы мүмкін:

  • адам даусының және таңдаған музыкалық аспаптардың көмегімен дыбыстауға, қиялдау,а. импровизациялауға бағытталған белсенді түзетуші музыкалық-терапевтік қызмет;
  • қарқынды музыка терапиясы тыңдаушыны эмоционалды белсендіруге негіз болады;
  • реттеуші музыка терапиясы эстетикалық сезім, рухани тазару тудыру арқылы аффектілік-динамикалық реакцияларды тудырады, бұл музыка терапиясы барысында туындаған топтық пікірсайысты ұйымдастыру ерекшеліктерімен айқындалады, көбіне коммуникативтік міндеттерге бағдарлау арқылы қолданылады;
  • рецептивтік музыка терапиясы музыканы түзету мақсатында қабылдауды білдіреді.

Педагог-психолог арнайы іріктелген музыка өнерінің туындыларын тәрбиеленушілермен бірге тыңдауды ұйымдастырады, осыдан кейін олар тыңдау барысында туындаған өз күйініштерін, әсерлерін, қиялын талқылайды.

Бұл ретте түрлі кәсіптік қызметтер іске асырылады, атап айтсақ:

  • дамыту қызметі;
  • қатынас қызметі;
  • диагностикалық және түзетушілік қызметтері;
  • құрылымдық-ұйымдастырушылық қызметі;
  • үйлестіруші, өзін өзі жетілдіру қызметі.

Жұмыс жеке, жұппен, топта жүргізілуі мүмкін, бұл ретте жұптасқан немесе топтағы жұмыста өзара әрекеттестікке, ауызша емес қатынасқа байланысты мінез-құлық үлгілері жақсы түсініледі әрі өңделеді. Музыкалық материалды мұндай үзінділерде дыбысталған туындыны арнайы тыңдауды, ұғынуды, мазмұнын саралауды талап етпейтін орта ретінде қолданылады. Сабақ барысында гиперпассивті қабылдау жағдайлары мүмкін, осыдан кейін тыңдаушы музыканың ойнаған-ойнамағанын сеніммен айта алмайды. Мұнда музыка эмоционалды процестердің катализаторы қызметін атқарады, ал тыңдаушының назары өзге ішкі немесе сыртқы факторларға аударылады, мысалға, өз ойларына.

Осы процедураларда терапевтік міндеттерге сай музыка материалын нақты іріктеу қиындық тудырады. Музыка терапиясының кешенді түзетушілік әсерін педагог-психолог түрлі нысанда қолданады.

Психологиялық түзетудің үш нысаны бар:

  • коммуникативтік – бірге музыка тыңдау (өзара байланысты сақтау);
  • реактивтік – өзара түсіністік пен сенім (музыка терапиясының барынша қарапайым түрі);
  • регулятивтік – катарсиске жету (жүйке жүйесі-психикалық шиеленістің басылуы).

Жалғасын  № 3-2018 "Музыкалық жетекшінің анықтамалығы" журналынан оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль