text
MCFR.KZ Образование

Сиқырлы дыбыстар елінде

  • 7 марта 2018
  • 29
Сиқырлы дыбыстар елінде
Сиқырлы дыбыстар елінде

Ырғақты декламацияны қолдану арқылы өткізілетін 5–6 жасар балаларға арналған кіріктірілген сабақ.

Мақсаты:

  • шулы және музыкалық дыбыстар туралы түсінікті, ырғақ схемаларын, ырғақ буындарын оқу, логоритмикалық жаттығуларды, музыкалық-ырғақты қимылдарды орындау, музыкалық аспаптарда ойнау арқылы мәжбүрсіз және эмоционалды түрде музыкалық ырғақты жеткізу қабілетін қалыптастыру;
  • ырғақты сезінуін, дыбыстық жоғары есту қабілетін, есту мен дауыс арасындағы үйлесімділікті дамыту;
  • сабақ кезінде балалардың эмоционалды қабілетін, ептілігін, белсенділігін тудыру;
  • қатынас дағдыларын, достық қарым-қатынасты тәрбиелеу.

Музыка терминдерінің сандықшасы: шулы және музыкалық дыбыстар, шулы және музыкалық аспаптар.

Жабдықтары, көрнекілік материалы: проектор, экран, презентация, музыкалық аспаптар (дабыл, кішкене қоңырау, үшбұрыштар, қоңыраулар, маракастар, металлофон, даң, ағаш қасықтар, ысқырық); дыбысты заттар – қағаз парағы, шыны стақан мен қасық, таяқшасы бар тарақ), тосынсый сәтіне арналған чупа-чупс түріндегі гүлдер (балалардың санына қарай).

Қостілді компонент: көктем – весна, би – танец, ән – песня, гүл – цветок, музыкалық аспаптар – музыкальные инструменты.

Балалар залға «Динь-динь, детский сад» көңілді әнінің сүйемелдеуімен кіреді.

Скачать минус

Скачать песню

Музыка жетекшісі (бұдан әрі – МЖ). Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін бізге көп қонақ келді! Ендеше бәріне көңілді әнімізбен қайырлы таң тілейік.

«Қайырлы таң» сауықтырғыш логоритмикалық әндетуі

(музыкасы мен сөзі О. Арсеневскаянікі;

балалар әндету мәтіні бойынша қимылдарды орындайды)

МЖ. Жарайсыңдар! Енді бір-біріңмен сәлемдесіңдер.

«Сәлемдесу» музыкалық-ырғақты жаттығуы

(музыкасы Л. Делибтің «Пиццикато»)

Балалар аяқтың ұшымен жүгіреді, ұлдар шеңбердің ішімен, қыздар сыртымен (сағат тілі бойынша және сағат тіліне қарама-қарсы). Музыкалық фраза аяқталғанда тоқтап, сәлемдесіп, «серіппемен» отырып-тұрады: «Сәлем!»

МЖ. Көктемде келер,

Құстар да жетер ән салып.

Көктер де шығар,

Көгілдір нұрға тамсанып.

Балалар. Көктем!

№ 1 «Көктемгі пейзаж» слайды

МЖ. Балалар, көктемде табиғатта қандай өзгеріс болады? (Балалардың жауаптары.) Дұрыс. Табиғат оянып, айнала жанданады.

Қазір мен әуенді ойнап беремін, ал сендердің оның қандай ән екенін табуға тиіссіңдер.

«Көктем әні»

МЖ. Ой, мынау қандай дыбыс?

«Тоқылдақтың тақылы» жазбасын тыңдау. «Ағаштағы тоқылдақ» слайдын көрсету.

МЖ. Қараңдаршы: на дереве дятел сидит

И клювом своим телеграмму стучит.

Ендеше, тоқылдаққа жылы жақтағы құстарға телеграмма жіберуге көмектесейік. Бұл телеграмма ұзақ және қысқа дыбыстардан тұрады. Ал қысқа және ұзақ дыбыстар қалай естіледі?

«Көктемгі телеграмма» өлеңі

(авторы Т. Тютюнникова)

Балаларға музыкалық аспаптар таратады, оның көмегімен олар мына сөздерді айту арқылы ырғақты суретті орындайды.

МЖ. Тоқылдақ жуан бұтақта отыр

Балалар. Тоқ-тоқ, тоқ-тоқ!

МЖ. Оңтүстіктегі достарына

Балалар. Тоқ-тоқ, тоқ-тоқ!

МЖ. Тоқылдақ телеграмма жіберуде,

Көктемнің келгенін хабарлап,

Қардың ерігенін айтып:

Балалар. Тоқ-тоқ, тоқ-тоқ!

МЖ. Тоқылдақ қыстан өтті,

Балалар. Тоқ-тоқ, тоқ-тоқ!

МЖ. Жылы елдерге бармады!

Балалар. Тоқ-тоқ, тоқ-тоқ!

МЖ. Тоқылдақтың іші пысқаны

Бәрімізге белгілі,

Ұшып кетті достары.

Балалар. Тоқ-тоқ, тоқ-тоқ!

МЖ. Послушайте и ответьте, что это?

Их нельзя увидеть,

Не возьмешь их в руки,

Можно только слышать.

Что же это?

Балалар. Дыбыстар!

МЖ. Дұрыс! Бүгін мен сендерді «Сиқырлы дыбыстар» еліне шақырамын. Ал онда бару үшін айналаңа көз тастап, «Грибле, грабле, бумс!» сиқырлы сөздерін айту керек.

Бәрің дайынсыңдар ма? Онда көзімізді жұмып, айналамызға көз тастап, «Грибле, грабле, бумс!» дейміз. (2 рет тіземізді, 1 рет – алақанымызды ұрамыз)

Сиқырлы музыка ойнайды.

МЖ. Міне, біз сиқырлы елге келдік!

«Ертегі елі» слайды

Қараңдаршы, айнала неткен ғажап! Табиғат та керемет! Аспан қандай ап-ашық! Бұл қандай ертегі кейіпкерлері тұрады! Назар аударыңдар: бұл жерде сиқырлы гүлдер бар.

Бірақ, балалар, сендерге ештеңе қызық көрініп тұрған жоқ па? Құлақ салып көрейікші… Не естідіңдер?

Балалар. Ештеңе.

МЖ. Мен де ештеңе естімей тұрмын. Л бұл елде тып-тыныш болуы мүмкін емес, себебі мұнда түрлі дыбыстар өмір сүреді. Мүмкін, зұлым сиқыршы елімізді сиқырлап, дыбыстардың бәрі жоғалып кеткен шығар. Не істесек екен? Осы елдің дыбыстарын қайтаруға көмектесейік! Дыбыстардың қандай болатынын айтып берейік.

Жалғасын  № 3-2018 "Музыкалық жетекшінің анықтамалығы" журналынан оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты