text
MCFR.KZ Образование

Балалардың музыкалық қабілеттерін диагностикалау

  • 3 марта 2018
  • 56
Балалардың музыкалық қабілеттерін диагностикалау
Балалардың музыкалық қабілеттерін диагностикалау

Осы мақалада балабақшадағы мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық тәрбиелеу және дамыту процесін жобалаудағы диагностиканың мәні ашылып, баланың тұлғалық-бағдарланған қалыптасуындағы оның қажеттілігі дәлелденді.


Осы тақырып бойынша мына мақалаларды оқи аласыздар:

Танымдық және шығармашылық қабілеттерді белсендіру

Мектеп жасына дейінгі балалардың ән айту машықтарын жетілдіру


Музыкалық қабілетті диагностикалау мәселесі заманауи психология-педагогика ғылымы үшін барынша өзекті болып қала бермей. Осы мәселе неліктен әлі күнге дейін өзекті?

Біріншіден, адамның музыкалық қабілеттілігі, музыкалылық құрылымы әлі күнге дейін шешімін таппады.

Екіншіден, музыкалық қабілеттер табиғи (тума), әлеуметтік және тұлғалық қабілеттердің күрделі үйлесімділігін білдіреді.

Үшіншіден, қабілетті таныту үнемі дара, ол нәтижелерді диагностикалауда, жеткізуде көрініс табуға тиіс.

Төртіншіден, қолданыстағы диагностикалар кей жағдайда нақтылауды, басқа жағдайда жаңа балама диагностикалық әдістерді талап етеді.

Балалардың музыкалық қабілеттерін диагностикалау не үшін қажет?

Музыкалық қабілеттерді зерттеу баланың музыкалылығын біртұтас және синтетикалық тұрғыдан зерттеуге және балабақшада оны қалыптастырудың дара жолын айқындауға мүмкіндік береді.

Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық қабілеттерін диагностикалауды тағайындау баланың музыкалылығын, оның жеке құрылымын зерттеуге байланысты. Диагностика нәтижелері педагогтарға баланың жеке даму логикасы тұрғысынан оның музыкалық қабілеттерін, жеке мүмкіндіктерін сауатты түрде дамытуға мүмкіндік береді.

Мектеп жасына дейінгі баланың музыкалық қабілеттерін диагностикалаудың қандай тәсілдері бар?

Н. А. Ветлугина ұсынған диагностикадау көптеген идеялар бар, олар жаңғыртуды және балабақшаның қолданыстағы практикасы қайтаруды талап етеді. Демек, мысалы, музыкалық қабілеттерді зерттеуде балалардың жүріс-тұрысына, олардың тұлғалық ерекшеліктерін сипаттауға, музыкалылығын танытуына ерекше назар аударылды, оны тәрбиеші күнделікті тіршілікте және музыкалық сабақ барысында қадағалау арқылы құрастырды.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Диагностика үшін балалардың шағын тобымен (3–4 адам) сабақ нысанында ұйымдастырылған музыкалық ойындар мен ойын тапсырмалары қолданылды. Кейінірек балалардың музыкалық қабілеттерін диагностикалау үшін арнайы музыкалық аспаптар мен құралдар жасалды, оған жоғары педагогикалық бағаға лайық «Музыка әліппесін» жатқызуға болады. Н. А. Ветлугина музыкалық құбылыстарды зерттеу тәсілдеріне мыналарды жатқызады:

  • музыкалық дыбыстарды тыңдау, олардың қасиеттерін ажырату;
  • оларды ұқсастығы және айырмашылығы бойынша салыстыру;
  • олардың мәнерлілік мәнін ажырату;
  • ән айту интонацияларын, аспаптарда ойнауды, мәнерді ырғақты қимылдарды бір уақытта дыбыстық бақылау арқылы оларды ойнату;
  • дыбыстық үйлесімділікті құрамдастыру;
  • қабылданған үлгілермен салыстыру.

Музыкалық ойын барысында балалардың музыкалық қабілеттерін таныту көрсеткіштеріне мыналар жатады

1. Музыканы қабылдау, оны тікелей әрі эмоционалды елеу арқылы оның ырғақты мәнерлілігін сезіну, ол мыналарда көрініс табады

  • музыканы қызыға, мұқият тыңдауда, балалардың мінез-құлқын бақылау барысында оны талқылауға болады;
  • музыкадағы өзгерістерді ажыратуда, оның мәнерлілік құралдарын кезектестіруде;
  • көркем бейненің даму желісін, «музыкалық әңгіменің» бірізділігін қадағалауда.

2. Музыканың сүйемелдеуі бойынша мәнерлі, мәжбүрсіз, ырғақты қозғалу қабілеттілігі, ол мыналарда көрініс табады

  • музыканың сүйемелдеуі бойынша қимылдауға қызығуда, музыка мен қимылға байланысты белгіленген міндеттерді орындауға дайындықта;
  • ойын бейнесін тікелей, шынайы жеткізуде, осы бейнеге ену талпыныстарында, музыканың мінезі мен ойынның сюжетіне сай шынайы, табиғи қимылдарды іздеуде;
  • қимылдар еріктілігінде (оларды музыканың ырғағына бағындыру, уақыт пен кеңістікке «бейімделу» машығында, бұл ретте жылдам реакцияны, бастамашылдықты, тапқырлықты таныту);
  • метроырғақты тамыр соғысын, ырғақты бейнені, екпінді, метрдің мықты үлестерін, музыкалық пішінді дұрыс сезінуге дәлел болатын қимылдардың ырғақтылығында; ойынның жекелеген элементтерін ойластыруда, «шығаруда» көрініс табатын шығармашылық бастама танытқанда.

3. Музыка мен қимылдағы әдемілікті, ырғақты мәнерлілікті бағалау, осы жасқа сай деңгейде музыкалық талғам таныту қабілеттілігі, ол мыналарда көрініс табады

  • музыканың мінезі мен оның қимыл ерекшелігімен байланысын еркіш ажыратуда;
  • шығарманың түрін, оның мәнерлілігінің барынша жарқын құралдарын қимылдың сәйкес ерекшеліктерімен бірге дұрыс ажыратуда;
  • музыкаға вербалды сипаттама бері қабілеттілігінде;
  • өзінің және құрдастарының қимыл сапасын бағалауда.

Жалғасын  № 3-2018 "Музыкалық жетекшінің анықтамалығы" журналынан оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты