text
MCFR.KZ Образование

Жобалау әдісі мектеп жасына дейінгі балаларды кіріктіріп оқыту әдістерінің бірі ретінде

  • 2 марта 2018
  • 187
Шеберлік сағаты
Шеберлік сағаты

Шеберлік сағатының негізгі мақсаты – кіріктіріп оқыту әдістерінің бірі ретінде жобалау әдістерін меңгеруге деген ынтаны арттыру. Ортақ жоба бойынша кіріктіру ерекше қызығушылық тудырады, оның негізін белгілі қиындықтар құрайды.

Оқыңыз және практикада қолданыңыз

Жобалау әдісі мектеп жасына дейінгі балаларды кіріктіріп оқыту әдістерінің бірі ретінде

Музыка жетекшіңізді де естен шығармаңыз!

Практикалық мақалалар:


Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының аясында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың басты міндеті – мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңартудың негізінде мектепке дейінгі білім беру қызметтерінің сапасын жетілдіру және инновациялық әдістемелер мен технологияларды білім беру процесіне енгізу.

Жоба – бұл балалар қабылдаған әрі меңгерген мақсат, олар үшін өзекті, дербес балалар қызметі, нақты практикалық шығармашылық іс, мақсатқа кезеңмен ұмтылу, бұл баланың қоршаған ортаны педагогикалық ұйымдасқан түрде меңгеру әдісі.

Жобалау әдісі мектеп жасына дейінгі балаларды кіріктіріп оқыту әдістерінің бірі ретіндеНазарда болыңыз!


Жобалау әдісі ортақ жобаның негізіндегі ықпалдастықты білдіреді. Жетекші педагогтар, психологтар мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың жобалау-зерттеу әдісінің оны бастауыш сынып мұғалімінің бұдан әрі жетілдіруіне дайындық кезеңі болып табылады.


Балабақшада білім беру салаларының мазмұнын кіріктіру мыналарды қамтамасыз етеді

  • біртұтас процестің аясында білім беру салаларының мазмұнын іске асыру;
  • баланың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру және оның әлеуметтік ортаға үйлесімді бейімделуі.

Бағдарламалық материалды жеткізудің кіріктірілген тәсілін мақсатты қолдануда білім беру міндеттері барынша нәтижелі түрді шешімін табады. Балабақшадағы біріктірілген сабақтарды жоспарлау ҚР БҒМ бекітілген мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Білім беру қызметінің барысында бір саласына кіріктіру қағидатына сәйкес бір уақытта басқа білім беру саласының міндеттерін шешу керек. «Денсаулық» білім беру саласының міндеттерін шешумен бірге «Әлеуметтік орта» білім беру ортасына жататын дағдылар қалыптасады, «Таным», «Қатынас» және т. б. салаларға жататын білімдер мен машықтар тәрбиеленеді.

Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстың жобалау әдісі – бұл мектепке дейінгі білім беру жүйесінде лайықты орнын алуға тиіс оңтайлы, инновациялық әрі болашағы бар әдіс.

Мектеп жасына дейінгі балаларды кіріктіріп оқыту әдістерінің бірі ретінде мектепке дейінгі білім беруде жобалау әдісін қолдану.

Жобалар

  • көмектеседі

– балалардың дербес танымдық қызметін белсендіруге;

– балалардың қоршаған ортаны жан-жақты зерттей келе, оны қабылдауына;

– мәселені жан-жақты қарастыруға, кешенді;

  • ықпал етеді

– балалардың шығармашылық қабілеттерін;

– қадағалау машығын;

– тыңдау машығын;

– жалпылау және талдау дағдыларын;

– ойлауын дамытуға;

  • дамытады

– қиялын;

– зейінін, жадысын, тілін.

Бала үшін жоба дегеніміз не?

  • Шығармашылық әлеуетін ашу.
  • Топта жұмыс істеу машығы.
  • Балалар тұжырымдаған қызықты мәселені шешуге бағытталған қызмет.
  • Жұмысын ұсыну машығы.

Жобалау әдісін қолдану балабақшаның білім беру жүйесін ата-аналардың белсенді қатысуы үшін ашық етеді.

Мектепке дейінгі практикада жобалау әдісін қолдану ерекшелігін ересектердің балаға «бағыт беруі», мәселені анықтауына көмектесу немесе тіпті оның қалыптасуына ықпал ету, қызығушылық тудыру және балаларды бірлескен жобаға «тарту» құрайды.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Білім беру салаларын кіріктіру призмасы арқылы баланың әлем туралы біртұтас түсінігін қалыптастыру тұрғысынан тақырыптарды өзара толықтыру, кеңейту, күрделендіру жүреді.

Жобаның құрылымын есте сақтау оңай.

Жоба – бұл алты мәселені қамтиды:

  • Мәселе (тақырып таңдау).
  • Жобалау және жоспарлау.
  • Ақпарат іздеу.
  • Өнім (практикалық нәтиже: көрме, журнал, газета, ойын, карта, топтама, альбом, жарнама, хабарлама, концерт және т. б.).
  • Презентация. (Презентация түрлері: зерттеу жұмысының есебі, ғылыми баяндама, іскерлік ойын, рөлдік ойын, спектакль, концерт және т. б.).
  • Алтыншысы – портфолио, мұнда әзірленген материалдар жиналған (фотосуреттер, суреттер, альбомдар, нобайлар және т. б.).

Кез келген жоба нақты мәселені шешуге бағдарланған, оны әзірлеу барысында ұсынылатын іс-әрекеттерге қатысты өз көзқарасын жеткізу пайдалы.

Америкалық философ әрі педагог, жобалау әдісін әзірлеуші Джон Дьюидің ойынша, оқыту «балалардың қызығушылықтары мен жеке мақсаттарына сәйкес олардың мақсатты қызметі арқылы белсенді түрде» құрылуы тиіс.

Шеберлік сағатының практикалық бөлімі

– Құрметті әріптестер, біз бір-бірімізді танымасақ та жиі кездесетін жағдайлар көп және бұл біздің араласуымызға кедергі келтіреді. Сондықтан мен танысуды ұсынамын. Ол үшін біз қарапайым, бірақ маңызды «Таныс болайық» ойынын ойнауды ұсынамын.

Бәріңді шеңберге шақырамын. Ережесі мынадай:

Есіміңді ата – «Сенім».

Көршіңе қолыңды сөзқолын созады.

Күлкі сыйлакүлімдеп, былай дейді.

Мақтау сөз айт«Сіз бүгін құлпырып тұрсыз!»

Жанында тұрғанның жауабы: «Рақмет! Рас айтасың! Мен сондай-ақ мейірімдімін!»

– Бізде тұйық шеңбер шықты. Бұл бізді бір мақсат біріктіретінін білдіреді: балалар тәрбиесі, көмектесу, қолдау, өмірдің барлық кезеңінде балаларға түсіністік таныту.

Сендерді қиялдағы ойын алаңына шақырамын. Бұл алаңға бәрімізге танымал жобалау әдісі иелік етеді.

Жобалар әзірлеудің екі тәсілін  қарастырайық:

  • «Үш сауал үлгісі»;
  • «Ойлау карталары» әдісі.

Осы үлгілердің көмегімен біз білім қоры туралы, тақырып бойынша балалардың түсінігі туралы бастапқы ақпарат аламыз, өзіміз бағдарланып, балаларға білім алу, нақтылау тәсілдеріне бағдарлануға көмектесеміз, балалар алдағы танымдық қызметті жалжы жоспарлауға қатысады.

«Үш сауал үлгісін» қарастырайық. Бұл үлгінің мәні тәрбиешінің балаларға үш сауал қоятындығында:

  • Не білеміз?
  • Нені білгіміз келеді?
  • Қалай білеміз?

Тәрбиеші жалпы талқылауға бастамашылық етеді, балалар белгілі зат пен құбылыс туралы нені білетінін анықтауы қажет. Балалардың сауалға берген жауабына қарай тәрбиеші оны үлкен параққа жазып алады, ол топқа көрінуі тиіс. Балалардың бәрінің жауаптарын жазып алып, жанына есімдерін жазып қою керек. Осыдан кейін тәрбиеші мынадай сауал қояды: «Біз … туралы нені білгіміз келеді?» Балалардың жауаптары танымдық қызметтің міндеттері мен бағыттарын айқындайды. Балалардың бәрі ойын айтқанда, тәрбиеші былай деп сұрайды: «Сауалдарымыздың жауаптарын қалай табамыз?»

Балалармен бірге картиналардың көмегімен ақпарат жинау символдарын ойлап табу керек.

Осы үлгіні «Су» жобасының мысалымен толығырақ қарастырамыз.

Баланың есімі

Не білемін?

Нені білгім келеді?

Қалай білемін?

Айгүл

Көгілдір, жуынуға және таза жүруге болады

Неге қатып қалады

Әкемнен сұраймын

Әсем

Тәтті, ішуге болады, ыстық болады

Алмада су бар ма?

Шырынын сығу

Максим

Балшық

Неге судың бәрін ішуге болмайды?

Әжемен бірге кітап оқу

Артем

Жауын – бұл су

Неге су бір орында тұрмайды?

Анамнан сұраймын

Алина

Су дегеніміз – теңіз

Неге теңіздің суы тұщы?

Су туралы бағдарламаны қарау

Рома

Суда балықтар бар

Судан неге дыбыс шығады?

Интернеттен қарау

Осы жауаптарға сүйене отырып, біз нені жоспарлай аламыз?

  • Шырынды сығу тәсілін көрсету үшін әкемізді шақырамыз.
  • «Су кімге керек» шағын кітапшасын құрастыру.
  • Су туралы әндер мен өлеңдерді жаттау.
  • «Бәрі су туралы» альбомын құрастыру (өлеңдер, жұмбақтар, мақалдар).
  • «Бұқтырма өзеніне саяхаттау» сюжеттік-рөлдік ойынын ұйымдастыру.
  • «Күн, ауа және су – біздің жақын достарымыз» сурет көрмесін өткізу және т. б.

Екінші тәсіл – «Ойлау картасы» әдісі – ойлауды визуалдаудың және балама жазбаның ыңғайлы әрі нәтижелі техникасы. Бұл – қағазға графикалық тәсілмен баяндалған ойларың. Бұл техниканың негізін зерде, психология және оқыту және ойлау мәселелері бойынша америкалық маман Тони Бьюзен қалаған.

Ойлау карталары балалардың білімі мен түсініктерін айқындауға, оларды реттеуге, осыдан кейін жаңалыр қосуға және топтастыруға, оларды бір-бірімен үйлесімді түрде біріктіруге мүмкіндік береді.

Ойлау картасы ағаш тәрізді схема түрінде құрастырылады, мұнда идеялары, міндеттері, мәселер сөзбен белгіленген. Ол бейнелер мен сөздерден құралған ассоциациялық желіні білдіреді.

  • Беттің ортасына негізгі тақырыпты жазамыз, яғни сөз жазамыз немесе сурет түрінде орындауын сұраймыз. Мысалы, «Жемістер» тақырыбы бойынша себеттің суретін немесе жемістерге қатысты басқа нәрсенің суретін салуға болады.
  • Бұдан әрі бала жуан бұтақтарының суретін салады (беттің бұрыштарына қарай, әрқайсының өз түсі бар). Әр бұтақтың астына тәрбиеші ассоциациялық сөзді жазады. Бала әр суретті осы сөзді білдіретін картинамен немесе суретпен толықтырады.
  • Осыдан кейін әр бұтақпен кезекпен жұмыс істейміз. Туындаған бейнелер мен ассоциацияларға қарай негізгі бұтақтан бірнеше тарамдардың суретін саламыз. Мысалы, «алма»  сөзі бізде көк түсімен ассоциацияланады және т. б.
  • Бұдан әрі екінші қатарда тұрған осы бұтақтан үшінші қатардағы бұтақтың суретін саламыз. Сөздерді балалар жақсы есте сақтауы үшін сурет түрінде бейнелеген дұрыс.
  • Бір бұтақпен жұмыс аяқталғанда келесіге ауысамыз және осылай кезекпен. Егер жұмыс барысында қандай да бір бұтаққа қатысты идея туындаса, оларды жазып алу қажет.

Практикалық бөлім

– Сендерге әзірлейтін жоба тақырыбын таңдауды ұсынамын.

Рефлексия: «Мен нені үйрендім»

Сөйлемді аяқтаңдар:

  • Мен… үйрендім
  • Мен …екенін білдім
  • Мен… таң қалдым
  • Маған … ұнады
  • Мен үшін… аса маңызды
  • Мен … жұмысымда қолданамын

Дереккөз«Білім беру ұйымының әдіскері» журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты