text
MCFR.KZ Образование

Балабақшада музыканы үйретуге компьютерлік технологиялар көмектеседі

  • 28 февраля 2018
  • 31
Балабақшада музыканы үйретуге компьютерлік технологиялар көмектеседі
Балабақшада музыканы үйретуге компьютерлік технологиялар көмектеседі

Кеңес дәуіріндегі ескі мульфильмдердегі ғажайып әуендерге қанша таңдай қақсақ та, қазіргі кезде балабақшада компьютерлік технологиялар мен жаңа туындыларды қолданусыз музыканың оқытылуын елестету мүмкін емес.

Интернет қолжетімді дәуірде ата-аналар мен тәрбиешілер үшін мектепке дейінгі ұйымда музыка мен ән айтуды меңгеру, сондай-ақ балалардың бос уақытын ұйымдастыру мәселесі аса өзекті емес.

Алайда, мүмкіндіктердің ауқымдылығы балалардың музыкалық тәрбиесіне ықпал ете бермейді. Ендеше, ақпараттық ғаламдану жағдайында мектеп жасына дейінгі балалардың бойында музыкаға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мәселесінің шешімін іздеуге тырысып көрейік.

Балабақшада музыканың заманауи ұйымдастырылуы

Қарапайым әуендер мен түсінікті мәтіндерді жаттау әрі әндету – музыкалық тәрбиенің негізі. Балабақшадағы музыка мен ән айту балалардың психоэмоционалды дамуына ықпал етеді, ырғақты сезінуін қалыптастырады.

Әлі күнге дейін балаларға ән айтуды тәрбиелік әсері ауқымды кеңес мульфильмдерінің көмегімен үйретеді. Бағдарламалық музыкалық репертуарды жаңарту жолдарын қарастыру керек.

Мұнда бұқаралық ресурстардың: кітаптардың, сайттардың, журналдардың шексіз мүмкіндіктерін пайдалануға болады.

«Музыкалық жетекшінің анықтамалығы» журналының электрондық нұсқасы музыка жетекшілерінің әділ көмекшісіне айналады, себебі журналдың электрондық нұсқасында алғаш рет әндердің минусовкаларын, сондай-ақ ертеңгіліктер мен ойындарды сүйемелдеуге арналған аудио және видеоматериалдар жариялауды бастаймыз.

Сайттан тәрбие процесінің барлық талаптарына сай келетін заманауи музыкалық шығармаларды таңдап алуға болады.

Жаңа ән репертуарын ұйымдастыру тәсілдерін қарастырайық.

Аудиовизуализация

Бұл әдісті баланың ақпаратты қабылдауының барынша ілгері технологиясы деп атауға болады. Өнер көрсету үшін мониторлар, теледидарлар, дыбыстық колонкалар, видеопроекторлар қолданылады.

Музыкалық дүңгіршектер

Бұл жағдайда ән айтуды үйрету үшін әндердің цифрлық жазбалары жинақталған орталықтар қолданылады. Тәрбиеленушілер үшін тыңдалымдар ұйымдастырылады, тасымалдағыштарға таңдаулы туындылар көшіріледі.

Балабақшадағы презентация

Бейнежазбаларды қарауға негізделген ән айтуды дамытудың тиімді әдісі. Презентациялар үлкен экранда көрсетіледі, негізінен әндерге қатысты видеолар, сюжеттік суреттемелер бар.

Қуыршақ қойылымдары

Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалылығын дамытудың тағы бір тәсілі. Қуыршақ спектакльдері музыкамен сүйемелденеді, ол сюжетті қабылдауда маңызды рөл атқарады.

Балабақшадағы дыбыстық жазба

Репертуарды жаңарту қажеттілігі жөнінде сөз қозғағанда нота дәптерлеріне қатысты жаңа технологиялардың басты артықшылығын – дыбыстық жазба мен оны бірнеше рет тыңдау мүмкіндігін естен шығармаған жөн.

Осы және басқа да көптеген технологияларды біз бір балабақшаға енгіздік және эксперименттің нәтижесімен бөліскіміз келеді.

Эксперимент

Ең алдымен біз әлдебір әдістемелік жинақ сандықшаны ұйымдастырдық, мұнда аса дарынды балалардың жеке шығармашылығы жазылады.

Балабақшада ән айтуды жазу процесі жас орындаушыларға ерекше шабыт береді. Бала дыбыстық жазбаның барлық кезеңдерін бастан өткереді: интонациялық мәнерлілік, дыбысты айту, әуенді интонациялау.

Тәжірибе көрсеткендей, ересектің қадағалауымен өтетін репетициялар, өз дауысын және жолдастарының дауысын тыңдау музыкалық-есту қабілетін жетілдіріп, өзіндік бағаны көтереді.

Ата-аналар үйдегі импровизацияланған концерттер мен үйдегі мұрағат үшін балаларын камераға түсіріп және микрофонға жазып ала алады.

Балалар шығармашылығының үлгілері – бұл балаларға ән айтуды үйрету бойынша әдістемелік оқу құралдарына арналған дайын материал. Эксперименттің жағымды тұстарын да байқауға болады: электрондық тасымалдағыштар мен компьютерлік техниканың көмегімен балалар мен ата-аналар үйде, қонақта жиі ән айтатын болды.

Нәтижесінде эксперимент балабақшаның беделіне де оң әсер етті. Компьютерді қолданатын музыка жетекшісі тәлімгерлеріне көп нәрсе үйрете алады, және де заманауи технологияларға машықтандырады.

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль