text
MCFR.KZ Образование

Ұжымның қалыптасу процесі

  • 27 февраля 2018
  • 29
Ұжымның қалыптасу процесі
Ұжымның қалыптасу процесі

Белгілі бір немесе өзге әдісті таңдау әрбір нақты жағдайда бос қызмет орнының сипатымен, оның МДҰ үшін маңыздылығымен, дәстүрлермен, сондай-ақ іріктеу процесімен айналысатын қызметкерлердің біліктілігімен айқындалады.

Осы тақырып бойынша мына мақалаларды оқи аласыздар:

Ұжымның қалыптасу процесіМузыка жетекшісіне арналған пайдалы мақалалар:


Кадрларды іріктеудегі талаптар:

  • Тапсырмалар (сұхбат сұрақтары, практикалық жағдайларды шешу, т. б.) барлық үміткерлер үшін бірдей болуға тиіс, олар бірдей жағдайда болуы керек. Практикалық материалдар үміткерлер келгенге дейін дайын болуға тиіс.
  • Үміткерлерге оларда күйзеліс жағдайы болмас үшін әңгімелесуде әңгіме ғана емес, басқа да әдістер қолданылатыны алдын ала хабарлануға тиіс.
  • Сұхбаттың басында оның мақсатын көрсету керек, ал соңында әрі қарайғы әрекетті түсіндірген (үміткерді лауазымға қабылдау бойынша шешім туралы хабарлама) және үміткерге әңгімелесу үшін  алғыс айтқан жөн.
  • Әңгімелесу жылы шырайда ұйымдастырылуға тиіс: сабырлы үн, басшының күлімдеуі.
  • Проблеманы, міндеттерді шешуге белгілі бір уақыт бөлінеді, түсінісуге кететін уақытты келісіп алу керек (мәселен, 4–5 минутқа дейін және басқа).
  • Екі әлеуетті үміткерден біреуін таңдағанда басшының қалауымен білім деңгейіне, жеке ерекшеліктеріне, т. б. бағдарлануға жол беріледі немесе қосымша тапсырма ұсынылады.

Балабақшада кадрларды іріктеу рәсіміне: әдіскер, педагог-психолог, медицина қызметкері, директордың шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары қатысады.

Кадрларды іріктеу әдістері балабақшада қызметкерді іріктеу процесін жетілдіруді болдыруға бағытталған. Дұрыс таңдалған тәсілдер кадрларды іріктеу тиімділігін арттыруға көмектеседі.

МДҰ ұжымын қалыптастыру процесі – жұмысқа қабылдау кезіндегі әңгімелесуден бастап, бір арнада жұмыс істейтін және бұл ретте жеке кәсіби тұрғыда өзін-өзі жетілдіруге ұмтылатын ниеттес адамдар ұжымын қалыптастырғанға дейін, мына кезеңдерді қамтиды:

  • Кадрлық жоспарлау.
  • Жұмыскерлерді іздеу және іріктеу.
  • Ынталандыру (оның ішінде қолайлы еңбек жағдайы).
  • Кадрларды оқыту және дамыту.
  • Еңбекті ынталандыру жүйесі (материалдық та, моральдық та).
  • Кадрлық резерв қалыптастыру.
  • Қызметкердің жұмысын талдау және бағалау, оның ішінде педагогикалық шеберлікті өзіндік талдау (қосымша).
  • Команда қызметін жетілдіруге бағытталған басқарушылық және алқалық шешімдер қабылдау.

Ұжымның қалыптасу процесіМДҰ ұжымын сапалы түрде іріктеу нәтижесі: жоғары сапалы еңбек, тұрақсыздық пен аурушаңдықтың аздығы, еңбекке қанағаттанудың өсуі, ұйымның айнымастығы, әріптестер мен ата-аналар арасындағы беделі.


Қосымша

Педагогикалық шеберлікті өзіндік талдауды бағалау шкаласы

Тәрбиешінің Т. А. Ә. ____________________________________________________

Кәсіби және тұлғалық қасиеттері  мен дағдыларының тізбесі

Көріну деңгейі

(«+» белгісімен белгілеу)

жоғары

жеткілікті

орта

әлсіз

жоқ

1. Тәрбиешінің кәсіби қасиеттерінің көрінуі

1

Нормативтік құжаттарға сәйкес қажетті білім мен қабілет негіздеріне ие (оқыту бағдарламасы, мектепке дейінгі тәрбие концепциясы)

2

Балалардың даму деңгейін жоспарлау және бағалау қабілетіне ие

3

Педагогикалық техниканы меңгерген:

сөйлеуді;

көңіл бөлуді және аударуды, кез келген жағдайдан шыға білуді;

қызмет тәсілдерін көрсете алады;

тәртіптік ықпал ету шараларына жүгірмей-ақ, педагогикалық міндеттерді шешуге баса назар аудара алады

4

Арнайы дағдыларды меңгерген:

көркем шығармаларды мәнерлеп оқу, ертегіні әңгімелеу;

сурет салу, жапсыру, құрастыру;

ән салу және билеу;

негізгі қозғалыс түрлерін жақсы меңгерген

5

Жұмыста ҰТҚ және АКТ қолданады

6

Балалардың сабақтағы және бос кезін ұйымдастыра алады

7

Балаларды жақсы көреді және сыйлайды, оларға үлкен қызығушылық танытады, ынтамақтаса алады

8

Баланың ішкі әлемін көре және түсіне біледі

9

Қызметінде шығармашылық және жұмысына қызығушылық танытады

2. Ұйымдастырушылық-әдістемелік дағдылардың көрінуі

10

Жұмыста озық жаңашыл әдістемелерді пайдалану

11

Балаларды шығармашылық қызметке баули білу

12

Балаларды оларға түсетін күш пен шаршаудан арылту, топта жайлы ахуал жасау

13

Әр баланың өзін танытуына көмектесуге деген ықылас

14

Балалардың табыстарына, тұтас алғанда педагогикалық қызмет нәтижелеріне деген қызығушылық

15

Ата-аналармен бірлескен жұмыстың маңыздылығын көре білу

16

Әріптестердің тәжірибесімен бөлісуге ықылас таныту,  оларға дер кезінде көмекке келу

17

Өздігінен білім алу және өзін-өзі тәрбиелеу

3. Тұлғалық ерекшеліктерінің көрінуі

18

Адалдық

19

Әдептілік

20

Өзіне талап қою

21

Адамгершілік

22

Эмпатия

23

Рефлексия

24

Оптимизм

25

Жинақылық

26

Бастамашылық

27

Шыдамдылық, төзімділік

28

Сендіре біледі, беделді

4. Сыртқы көріністері

29

Сөйлеу мәдениеті, дикцияның, ым-ишараның мәнерлілігі

30

Кәсіби және жалпы білімпаздық

31

Мінез-құлық ерекшелігі

32

Мұнтаздай сыртқы келбет

5. Шығармашылық қабілеті мен педагогикалық бастамасының көрінуі

33

Белсенді қоғамдық қызмет (МДҰ, аудан, республика)

34

Педагогикалық жүктеме (шығармашылық топ, педагогикалық клубтар, ӘБ басшылығы, т. б.)

35

БАҚ арқылы тәжірибе жинақтау

36

Әртүрлі деңгейдегі конкурстарға белсене қатысу (МДҰ, аудан, республика, халықаралық)

37

Әртүрлі деңгейдегі әлеуметтік институттармен белсенді түрде өзара әрекет жасау

38

Аттестаттауға арналған проблемалық тақырып: ____________________________________________________

39

Проблемалар: _________________________________________

Дереккөз: «Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы» журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль