text
MCFR.KZ Образование

Екі апталық біліктілігін арттыру курстарынан өту кезінде жұмыскерлердің еңбекақысын төлеу

  • 23 февраля 2018
  • 151
Іссапар шығындарын төлеу
Іссапар шығындарын төлеу

«Білім туралы ҚР Заңының 51-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес педагог жұмыскердің бес жылда бір реттен сиретпей, ұзақтығы төрт айдан аспайтын біліктілігін арттыруға құқығы бар.

ҚР Еңбек кодексінің  (бұдан әрі – ЕК) 118-бабы жұмыс берушінің жолдамасы бойынша білім алушылардың біліктілігін арттыру оқыту шартына сәйкес жұмыс берушінің қаражаты немесе ҚР заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражат есебінен жүзеге асырылатынын көздейді. Оқыту шартында:

  • біліктілік курсының атауына сілтеме;
  • жұмыс беруші мен білім алушының құқықтары мен міндеттері;
  • оқыту мерзімі және оқыту аяқталғаннан кейін жұмыс берушіде жұмыспен өтеу мерзімі;
  • оқытуға байланысты шығындарды жұмыспен өтеудің өтелмеген мерзіміне пропорционалды түрде жұмыс берушіге өтеу тәртібі мен жағдайлары;
  • оқытуға байланысты кепілдіктер мен өтемақы төлемдері;
  • тараптардың жауаптылығы қамтылуға тиіс.

Оқыту шартында тараптардың келісімімен айқындалған өзге де талаптар қамтылуы мүмкін.

Келісімде, ұжымдық және (немесе) еңбек шарттарында оқытуға байланысты жеңілдіктер мен өтемақы төлемдері көзделуі мүмкін.

Осылайша, біліктілігін арттыру курсынан өткені үшін төлем мөлшері міндетті төлемге жатады, бұл ретте төлем мөлшері шартпен немесе білім беру ұйымының ұжымдық шартымен анықталады. Көбінесе біліктілікті арттыру білім алушының тұратын жерінен алыс елді мекенде өтетініне назар аударған жөн. Бұл жағдайда білім алушы іссапар шығыстары төлеміне сүйене алады.

ЕК 127-бабына сәйкес іссапар уақытында жұмыскердің жұмыс орны (лауазымы) мен іссапар күндеріне келетін жұмыс күндері үшін жалақысы сақталады. Іссапарларға жіберілетін жұмыскерлерге:

  • іссапарда болған күнтізбелік күндері үшін, оның ішінде жолдағы уақыты үшін тәуліктік төлемдер;
  • баратын жеріне дейінгі және кері қайтқандағы жол жүру шығыстары;
  • тұрғын үй-жайды жалға алу шығыстары төленеді.

Жұмыскерлерді іссапарларға жіберудің шарттары мен мерзімдері еңбек, ұжымдық шарттарда немесе жұмыс берушінің актісінде айқындалады.

Осылайша, егер жұмыскер іссапарға жұмыс берушінің өкімімен (бұйрығымен) жіберілсе, оған екі апталық біліктілігін арттыру курстарынан өткен уақыты үшін іссапар шығыстары төленеді (қосымша).

Екі апталық біліктілігін арттыру курстарынан өту кезінде жұмыскерлердің еңбекақысын төлеуІссапарға жібергенде Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ережені   (ҚР Үкіметінің 22.09.2000 ж. № 1428 қаулысымен бекітілген, өзгертулер және толықтырулармен) басшылыққа алған жөн.

Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақыны есептеу қағидаларының 1-тармағына сәйкес ( ҚР Білім және ғылым министрінің 29.01.2008 ж. № 40 бұйрығымен бекітілген), біліктілігін арттыру курстарынан өтіп жатқан педагогтарды алмастыратын педагогикалық жұмыскерлерге ақы төлеу жұмыс істейтін педагогтың еңбекақысының 100 %-ы мөлшерінде педагогикалық жұмыстың нақты көлемі ескеріле отырып жүргізіледі.


Қосымша

БҰЙРЫҚ № ________

«___» ________ 20__ ж.                                                                                                           ______________ қ.

  __________________________         біліктілікті арттыру курсына жіберу туралы

                     (Т. А. Ә.)

 «Білім туралы» ҚР Заңының 51-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес біліктілігін арттыру мақсатында ___________________________________,  __________________________

                    (Т. А. Ә. толығымен)                                    (лауазымы)

БҰЙЫРАМЫН:

1.  ______________________________________________  ________________ қаласына

                                         (Т. А. Ә., лауазымы)

 ___________________________________________ өндірістен қол үзе отырып

                (оқу орнының атауы)

__________________________________ бағдарламасы бойынша оқу үшін, жолда болу

                           (атауы)

уақытын қоса алғанда, ______ жылдан бастап ______ жыл аралығындағы мерзімге жіберілсін.

2.  _______________________________________ шарт бойынша

                               (оқу орнының атауы)                                                                 

оқу құнын төлеу ______________ теңге мөлшерінде.

3.  _________________________ үшін

                        (Т. А. Ә.)                                                                                                           

оқу және жолда болудың бүкіл кезеңі ішінде лауазымы мен 100 % мөлшерінде орташа жалақысы сақталсын.

4. Растаушы құжаттар болған кезде іссапар шығыстары төленсін.

5. Осы бұйрықты орындау бухгалтер ___________________________ жүктелсін.

                                                                                      (Т. А. Ә.)                                            

Негіздеме: «___» _______ 20__ ж. № _____  ______________________ оқыту шарты,

                                                                                              (Т. А. Ә.)                             

_________________________________________ шарт,

          (оқу орнының атауы)

_____________________________________  ұжымдық шартының __ тармағы.

                (білім беру ұйымы)

                              

Ұйым басшысы лауазымының атауы _________________ / ____________________________

Бұйрықпен танысты _________________________________________

                                                                 (Т. А. Ә., қолы)

Күні

Дереккөз: «Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы» журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль