text
MCFR.KZ Образование

Кіші топтардағы музыкалық-дидактикалық ойындар

  • 26 февраля 2018
  • 76
Кіші топтардағы музыкалық-дидактикалық ойындар
Кіші топтардағы музыкалық-дидактикалық ойындар

Музыкалық-дидактикалық ойындар – бұл музыка мен ойын нысандарының қорытпасы, ол мектепке дейінгі топ балаларын оқытуда музыка жетекшілеріне түрлі мүмкіндіктер береді.

Оқуда музыкалық-дидактикалық ойындарды қолданудың мәні ойын жағдайлары арқылы балалардың музыкалық қабілеттерін дамытудан құралады. Сәбилер тональдылық пен динамикалық боямаларды ажыратып, ырғақты сезінеді, тембрлік есту қабілеті қалыптасады.

Балалардың музыкалылығын дамыта келе, біз балаларды бастамашылдық пен шығармашылықты талап ететін шынайы өмірлік міндеттерді шешуге даярлаймыз. Осы тәрбие құралының педагогикалық құндылығы да осыда.

Музыкалық-дидактикалық ойындар музыкалық тәрбиенің бір бөлімі ретінде

Педагогика музыкалық-дидактикалық ойындарды мынадай дидактикалық қағидаттарға бөле отырып, музыкалық тәрбие әдістемесінің бір бөлімі ретінде қарастырады: тәрбиелік оқыту, ғылыми тұрғыдан келу, оқытудың ақылға қонымдылығы, білімді есте жақсы сақтау, балалардың музыкалық тәрбиесі, балалардың музыкаға қызығушылығы.

Балаларды музыкалық тәрбиелеу әдістерін таңдау сәбилердің жасы мен тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты. Тәрбиешілер ауызекі сөйлеу мен туындыларды тыңдауды қолдануда, іс-әрекетті, элементтерді суреттер, қуыршақтар, ойыншықтар түрінде көрсетеді.

Музыканың ойында қолданылу схемасы әртүрлі: мұнда бейне (адамдар, жануарлар, кейіпкерлер) қалыптастыру да, іс-әрекетті (әскери марш, құстардың самғауы, аюлардың серуені) жеткізу де бар.

Музыкалық шығармаларды таңдаудың орны ерекше. Мәнерсіз әрі ырғақсыз музыкаға қарағанда қимылға ынталандыратын музыканың ойынға барынша жарамды екендігі айқын.

Тәрбиелік компонентін де естен шығармайық: педагог балаларға ойын барысында серіктестерінің сұраныстарын ескеруді үйретеді. Қуыршақпен ойнап болған балаға ойыншығын көршісіне беруді ұсынуға болады.

Ұжымның жұмысына басында жүрексініп, сенімсіздікпен қосылатын жасқаншақ балалармен жұмыста музыка жетекшісіне шыдамдылық пен жұмсақтық қажет.

Балалардың музыка қызметінде ырғақты қимылдар секілді аса маңызды фактор да ескеріледі. Балаларға музыка тыңдап, мәжбүрсіз қимылдауды үйретеді – осының бәрі музыкалық-есту қабілетін дамытуға септігін тигізеді.

Ерте жастағы балалардың ерекшеліктері

Кіші топтарда балалардың қимылды ойындарға ынтасы да ескеріледі. Оларды қызықтыру үшін жарқын әуен мен қызықты сюжет таңдалады.

Кіші жастағы балалардың жүріс-тұрысы көбіне еліктеушілікке негізделеді. Музыкалық-дидактикалық ойындарға күрделі емес билерді немесе музыкаға сай қимылдарды қосып қолдануға болады. Кіші топтағы балалар ырғақтың қыр-сырын аяқтарын тапырлату, қол шапалақтау және секірулерді орындау арқылы меңгереді.

Мұғалім қолына бибабо қуыршағын киіп, балаларға қандай да бір қимылдарды орындау тәсілін көрсетеді.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Музыка сабағын күрделендіру

Балалардың музыкалық-ырғақты белсенділігін кез келген ақылға қонымды деңгейде күрделендірген дұрыс, егер бұл зейін мен тапқырлықты дамытуға ықпал етсе. 2-ші кіші топ балаларынан бастап дайындық тобының балаларына дейін ерекше ұнайтын «Пойыз» ойынын мысалға алайық.

Ойынның мәні – кішкентай қатысушылар пойыздан өздеріне орын алып, музыка тоқтағанда, жылдам орындарына баруы тиіс. Алайда тапсырманы күрделендірді: балаларға белгілі заттарды жинап, оны тәрбиешіге көрсету ұсынылды, тек осыдан кейін барып пойыздағы орындарын іздеуге тиіс.

Балабақшадағы музыкалық-дидактикалық ойындар көркем безендіруді және оқу құралдарын таңдауды талап етеді. Балаларды антураж дайындау процесіне тарту арқылы тіпті даярлық кезеңінің өзін ойынға айналдыруға болады.

Музыкалық-дидактикалық ойындар мен шығармашылық тапсырмалар көркем әрі шебер жеткізілсе, балалар осындай сабақты ерекше құлшыныспен қабылдап, би қимылдарын белсенді үйренеді.

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты