text
MCFR.KZ Образование

Балабақшадағы жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру бойынша комиссия құру

  • 20 февраля 2018
  • 95
Балабақшадағы жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру
Балабақшадағы жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру

Өндірістегі жеңіл деңгейдегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібін қарастырайық және тексеруді жазатайым оқиға орын алған білім беру ұйымы жүргізеді.

Осы тақырып бойынша мына мақалаларды оқи аласыздар:

· Балабақшадағы жазатайым оқиға және тергеп-тексеру тәртібі

· Жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді және тіркеуді ұйымдастыру

· Тергеп-тексеру актісін жасау

· Жазатайым оқиға туралы актіні ресімдеу

· Жазатайым оқиғаларды тіркеу журналы

Өндірістік жарақаттың ауыртпалық дәрежесі туралы қорытынды алған сәттен бастап 24 сағат ішінде жұмыс беруші жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру бойынша комиссия құру туралы бұйрық (қосымша) шығарады.

Комиссия мына құрамнан тұрады:

· төраға – ұйым басшысы немесе оның орынбасары, олар болмаған жағдайда – жұмыс берушінің уәкілетті өкілі;

· мүшелері – ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі қызметтің басшысы және жұмыскерлердің өкілі, әдетте мектепке дейінгі ұйымдарда бұл – директордың ӘШБ жөніндегі орынбасары және кәсіподақ ұйымының төрағасы.

Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға орын алған тиісті учаскедегі еңбек қауіпсіздігіне тікелей жауап беретін лауазымды тұлға тергеп-тексеру өткізу кезінде комиссия құрамына енбейді. Сәйкесінше, егер жазатайым оқиға қызмет көрсетуші кіші  персоналдың басында орын алса, директордың ӘШБ жөніндегі орынбасарын комиссияның басқа мүшесіне ауыстыру керек, яғни ол өзінің лауазымдық міндеттемелеріне сәйкес өзіне сеніп тапсырылған қызметкердің еңбегін ұйымдастыруға тікелей жауап береді.

Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп–тексеру мерзімі комиссия құрылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиіс.

Тергеп–тексеруді белгіленген мерзімде аяқтауға объективті кедергі келтіретін мән–жайлар туындаған кезде тергеп–тексеру мерзімдері комиссияның хаттамалық шешімімен он жұмыс күніне екі реттен асырмай ұзартылуы мүмкін.

Комиссия әрбір тергеп–тексеру жағдайында оқиға куәгерлерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың бұзылуына жол берген адамдарды анықтайды және олардан жауап алады, жұмыс берушіден қажетті ақпарат және мүмкін болса, зардап шеккен адамнан түсініктеме алады.

Комиссия жиналған құжаттар мен материалдар негізінде еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаның мән–жайлары мен себептерін айқындайды, жазатайым оқиғаның жұмыс берушінің өндірістік қызметімен байланысын және тиісінше, зардап шеккен адамның оқиға орнында болуы оның еңбек міндеттерін орындауы екені түсіндірілгенін анықтайды, жазатайым оқиғаны еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға ретінде немесе еңбек қызметіне байланысты емес жазатайым оқиға ретінде сыныптайды, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының бұзылуына жол берген адамдарды айқындайды және өндірістегі еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалардың себептерін жою және алдын алу жөніндегі шараларды белгілейді.


Қосымша

___________________________________________________________
(ұйым атауы)

БҰЙРЫҚ № ____________

«___» _______ 20__ ж.                                                                           _____________ қаласы

Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру үшін комиссия құру туралы

 «___» _______ 20__ ж. 00 сағат 00 минутта көшіру аппаратында жұмыс орындау кезінде жазатайым оқиға орын алды, соның салдарынан «№ _________ балабақша» МКҚК хатшысы Т. А. Ә. қол жарақатын алды, осы оқиғаны тергеп-тексеру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру үшін мына құрамда комиссия құрылсын:

_____________________________ –  комиссия төрағасы;

                               (Т. А. Ә.)

_____________________________ – комиссия мүшесі;

                               (Т. А. Ә.)

_____________________________ – комиссия мүшесі

                               (Т. А. Ә.)

Комиссия дереу жұмысқа кіріссін, өз жұмысында ҚР Еңбек кодексінің 186–190-баптарын және еңбекті қорғау жөніндегі өзге де заңнамалық актілерді басшылыққа алсын.

Комиссия мүшесі ______________________ жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру

                                            (Т. А. Ә.)

бойынша құжаттарды жасау, жүргізу және әрі қарай сақтауды қамтамасыз етсін.

 «№ ___________ балабақша» МҚКК барлық жұмыскерлері комиссияға көмектессін және қажетті ақпаратты ұсынсын.

Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

Білім беру ұйымының басшысы    __________________

Негіздеме: «___» _______ 20__ ж. 00 сағат 00 минуттағы жазатайым оқиға туралы хабарлама.

Бұйрықпен таныстырылды:

Комиссия төрағасы _______________________

                                                 (Т. А. Ә.)

Комиссия мүшесі _______________________

                                            (Т. А. Ә.)

Комиссия мүшесі _______________________

                                            (Т. А. Ә.)

Дереккөз: «Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы» журнал

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль