text
MCFR.KZ Образование

Ертеңгілікті дұрыс ұйымдастыру жолдары

  • 19 февраля 2018
  • 58
Ертеңгілікті дұрыс ұйымдастыру жолдары
Ертеңгілікті дұрыс ұйымдастыру жолдары

Балаларды музыкалық тәрбиелеуде ертеңгіліктің қандай орын алатыны бәріне мәлім. Ендеше балалар мерекесі тікелей байланысты «дирижер» жөнінде сөз қозғайық.


Осы тақырып бойынша мына мақалаларды оқи аласыздар:

Балабақшада ертеңгіліктер өткізу және оған дайындық

Балабақшадағы мерекелер


Ертеңгілік жүргізушісі – бұл бір уақытта қойылымның сценарийшісі мен режиссері. Қойылымның сәтті өтуі оның ертеңгілікке қаншалықты мұқият дайындалуына байланысты.

Ертеңгілікті ұйымдастыру

Жүргізушінің рөлі

Жүргізуші ертеңгілікті бастамас бұрын қажетті реквизиттерді, заттарды дайындайды, залға орындықтарды орналастырады. Жүргізуші кез келген сәтте балалардың ұмытып қалған мәтінін есіне түсіру үшін барлық нөмірді білуі, биді орындауда көмектесуі тиіс.

Конферансье міндеттері де жүргізушіге жүктеледі. Ол әндердің атауын хабарлайды, пікір білдіреді, ырғақты сүйемелдейді, ұзақтықтар мен үзілістерді уақытылы жояды.

Шынайылық, қысқа сөйлеу, сәтті әзілдеу немесе уақытылы залға жүгіну машығы – осындай қабілеттер ертеңгілікті жақсы қарқынмен өткізуге мүмкіндік береді.

Ертеңгілікте үнемі тиімсіздіктер орын алуы мүмкін. Мұндай сәттерге дайын болу керек, импровизациялау және әзілдеу, жұмбақ жасыру, мәселенің шешіміне көрермендердің назарын аудару арқылы әрекет ету керек.

Костюмдер мен атрибуттар

Костюмдердің бәрі арнайы тіктіріледі немесе сатып алынады. Бұл олардың жыртылған жерлерін тігуге, костюмдерді безендіруге, жетпеген атрибуттарын таңдауға мүмкіндік береді. Егер костюмдерді дайындауға ата-аналар қатысса, күтпеген жағдайлардың алдын алу үшін мұны тәрбиешілерге алдын ала ескерту керек.

Ересек қатысушылар

Егер ертеңгілікке ойынға қосылмайтын тәрбиеші қатысса, бұл оның ештеңе істемейтінін білдірмейді. Тәрбиеші балаларды бақылайды, ол бағдарламаны біледі, қолынан келгенше көмектеседі: балаларға костюмдерін киюге көмектеседі, реквизиттерді, керек заттарды бақылайды.

Тәрбиешілердің өнер көрсетуі – мерекенің ерекше тұсы. Ересек қатысушылар жеке және топтық нөмірлерді орындайды, ойындар мен биге қатысады, мысалы, балалар жұптасып билейді.

Ата-аналардың рөлі

Ата-аналардың ертеңгілікке қатысуының маңызы жөнінде айту керек пе. Бұл –сыпайылық пен сақтықты талап ететін басты көрермен. Меңгеруші мен тәрбиеші көрермендердің залда орналасуын мұқият бақылайды. Ата-аналардан алдын ала ауыстыратын аяқ киім алып келуін өтінген жөн.

Ертеңгіліктің аяқталуы

Балалар жылынды, шаршады, қойылымды аяқтау керек. Жүргізуші ертеңгіліктің тақырыбын қатысушылар мен көрермендердің есіне түсіреді, жиналған ата-аналарды құттықтайды.

Осыдан кейін жүргізуші балаларға ұйымдасқан, жұптасқан күйі немесе кезекпен залдан шығуды ұсынады.

Алған әсері

Мереке аяқталды, бірақ жас актерлердің мерекеден алған әсерлері көпке дейін есінде сақталады. Балалар жолдастарымен сөйлескенде ертеңгілікті еске түсіреді, сезімдерін суретпен, мүсіндеумен жеткізеді.

Әрине, тәрбиеші балаларды сүйікті эпизодтарын, кейіпкерлердің іс-әрекеттерін еске түсіруге ынталандырады. Бұған қорытынды музыка сабақтары ықпал етеді, мұнда мерекенің безендіруі бірден жиналмайды, балалар ертеңгілікті естеріне түсіріп, алған әсерлерімен бөліседі. Ол үшін атрибуттар, костюмнің керек заттары қолданылады.

Қабылдауын бекіту үшін орындаушыларды ауыстыру арқылы кейбір нөмірлерді қайталау немесе кіші топ балаларының алдында музыкалық нөмірлерді орындаудың мәні бар.

Тұжырым

Әзір ештеңе ұмытылмағандықтан, педагогикалық кеңесте өткізілген ертеңгіліктің нәтижелерін талқылау керек. Талқылауға жинақталған және пікірлер кітабына жазып алынған ата-аналардың ұсынымдары да жарамды. Осының бәрі іс-шараға қатысушыларға жақсы баға беруге және қателіктерге назар аударуға мүмкіндік береді.

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль