text
MCFR.KZ Образование

Балабақшадағы музыка терапиясы

  • 16 февраля 2018
  • 312
Балабақшадағы музыка терапиясы
Балабақшадағы музыка терапиясы

Психологияның жеке бағыты – музыка терапиясы музыканың емдік қасиеттерін зерттейді. Қазір біз музыка мен дыбыстардың сәбилерімізге әсері жөнінде сөз қозғаймыз.


Осы тақырып бойынша мына мақалаларды оқи аласыздар:

Білімге деген сұраныстары ерекше балалардың музыкалық дамуы


Біздің ағзамызға дәрілік зат секілді әсер ететін өзіндік «музыка энергиясы» жөнінде де айтып өтуге болады, ол: дене қызуы мен қысымды қалыптандырады, бұлшық еттің тырысуын басуға көмектеседі. Яғни музыка немесе музыка терапиясының көмегімен сауығу жөнінде айтамыз.

Зерттеулер көрсеткендей, адам организмі музыканы ырғақты тітіркендіргіш ретінде қабылдайды. Мысалы, дыбыстар жүрек-қан тамырлар жүйесінің жұмысына және қанның гормональдық деңгейіне барынша әсер етеді.

Музыка терапиясы

Шындығында музыка терапиясының құпиясы қарапайым: адамның жүйке жүйесі мен бұлшық еті ырғақтың әсеріне сезімтал. Музыка мен дыбыстардың көмегімен емдеу және түзету әуендер мен дыбыстарды дұрыс таңдау арқылы құрылады.

Музыка терапиясы баланың жай-күйін үйлестіруге ықпал етеді, шаршаңқылықты басады, ырғақты сезінуін дамытады. Музыканың педагогтарға да көмегі бар. Байқағанымыздай, үйлесімді әуен жаңа материалды қабылдауды жақсартады, балалардың шыдамдылығын қалыптастырады, музыкалық әсерін дамытады.

Тіпті бала емізетін әйелдердің өзі сүйікті ырғақтарды қосқанда сүт бөлінетінін атап өтті!

Төменде музыка терапиясы бойынша бірнеше кеңес ұсынамыз.

Алаңдаушылық сезімінен арылу

Тексерістен өткен композицияларды қолданыңыз: Ф. Шопеннің «Мазуркасы» мен «Прелюдииі», И. Штраустың «Вальсі», А. Рубинштейннің «Мелодиялары», сондай-ақ дәстүрлі этникалық сарындар.

Балалардың әсершілдігін бақылау

Гипербелсенді баланы тыныштандыру үшін сізге И. Бахтың «Кантата 2» мен «Итальянский концерті», Й. Гайднның «Лунная сонатасы» мен Л. Бетховеннің «Симфония ля-миноры» көмекке келеді.

Дыбыстар тыныштандырғыштың орнына

Релаксацияға мұқтаж балаларға флейтаның, скрипка мен фортепианоның дыбыстары көмектеседі. Үш төрттік ырғағындағы вальс, табиғат дыбыстары (желдің шуы, ағаштардың сыбдыры) босаңсуға көмектеседі. Классикадан А. Вивальди мен Л. Бетховен, И. Брамстың «Колыбельная», Ф. Шуберттің «Аве Мария», Ф. Шопеннің «Ноктюрн соль-минор», К. Дебюссидің «Свет луны» шығармалары жарамды.

Бас сақинасында көмектесетін музыка

Мұнда да классика көмекке келеді: В. Моцарттың «Дон Жуан» және «Симфония № 40», Ф. Листтің «Венгерская рапсодия 1», А. Хачатурянның «Маскарад» сюитасы.

Көңіл күйді көтеретін музыка

Мұнда сізге жігерлі сарындар қажет, мысалы, марштар. Енжар баланы қозғалтқыңыз келе ме, оған П. Чайковскийдің «Шестая симфониясын», Л. Бетховеннің «Эгмонт» увертюрасын, Ф. Шопеннің «Прелюдия 1, оп. 28», Ф. Листтің «Венгерская рапсодия 2» қосып беріңіз.

Музыка терапиясын «дозалау»

Күнделікті 30 минутқа дейін музыка терапиясының сеанстарын қолданыңыз. Лайықты уақыт – таңертең немесе кешкісін. Музыка терапиясы кезінде кез келген жеңіл істермен айналысуға болады.

Музыка терапиясының қасиеттері

Ырғақты сезіну

Адам ағзасының музыкалық ырғақтарға сезімталдығы соншалықты, дұрыс таңдалған композиция босаңсытқыш немесе сергіткіш әсер етуге қабілетті.

Үндестілік

Мұңды музыка депрессиялық әсер етеді. Керісінше, мажорлы үндестіліктер артериалдық қысымның көтерілуіне ықпал етеді, бұлшық еттер тонусын күшейтеді.

Дыбыстар жиілігі

Жиілігі жоғары дыбыстар баланың танымдық қабілеттерін төмендетуі мүмкін. Жиілігі орташа дыбыстар жүрек пен тыныс алу жұмысын жақсартады. Ал жиілігі төмен дыбыстар жағымсыз болуы мүмкін немесе бұлшық еттердің түйілуін тудырады.

Дыбыстардың үйлесімділігі (консонанстар) жағымды эмоциялар тудырады, ал диссонанстар ашуландырады. 

Осылайша бәріне үйреншікті классикалық музыка көбіне таблеткаларды алмастыра алады. Алайда, музыка терапиясы кез келген басқа жанрлар мен стильдерді мойындайды. Бірақ терапияның тексерістен өткен тәсілі ретінде классика ұсынылған.

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль