text
MCFR.KZ Образование

«Күлкі – жанның шипасы» сценарийі

  • 20 февраля 2018
  • 108
«Күлкі – жанның шипасы» сценарийі
«Күлкі – жанның шипасы» сценарийі

Алғыс айту күніне орай ортаңғы және ересек топ балаларына арналған мереке сценарийі.

Мақсаты:

  • өлеңдерді, әндерді, биді орындау дағдыларын қалыптастыру;
  • мерекелік көңіл күй қалыптастыру, мейірімділікті, ықыластылықты, достықты тәрбиелеу;
  • айналасындағыларға деген оң көзқарасты дамытуға ықпал ету;
  • балалардың уайымдау, алаңдау, достық тілектестік сезімін тәрбиелеу.

«Дорога добра» әні ойнайды (музыкасы М. Минковтікі, сөзі Ю. Энтиндікі); балалар залға кіреді, шеңбермен жүріп, орындыққа отырады.

1-ші жүргізуші. Қайырлы күн, балалар мен құрметті қонақтар! Мен сендерді және сендердің қуанышты жүздеріңді, жадыраған көздеріңді көргеніме қуаныштымын!

2-ші жүргізуші. Бүгін бізде ерекше күн: Мейірімділік аптасының салтанатты ашылуы!

1-ші жүргізуші. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Алғыс айту күнін жариялады, ол 1-наурызда, яғни Қазақстан Халық ассамблеясы құрылған күні атап өтіледі.

2-ші жүргізуші. Алғыс айту күні – біртұтас азаматтық қағидатында қазақстандық қоғамды дамыту арқылы еліміздің бірлігін күшейту. Бұл рухани салт-дәстүрлер, қайырымдылық пен адамгершілік, бөлісуге және бір-біріне көмектесуге дайындық күні.

1-ші жүргізуші. Ал қазір Қазақстан Республикасының Әнұраны ойнайды.

Қазақстан Республикасының әнұраны

1-ші жүргізуші. Сөз кезегі балабақша директорына беріледі.

Директордың сөзі. Мейірімділік аптасының жоспарын хабарлау.

1-ші жүргізуші.

Бір-біріне алғыс айтып адамзат, 

Адамдықтың төріне шыға берсін қадамдап.

Тарихыңнан бастау алған ғұрпыңды,

Болашаққа міндет ет, даралап!

2-ші жүргізуші.

Қазаққа дархан рахмет!

Салт-санасын сіңірген.

Жеріме байтақ рахмет!

Таза ауа үшін сімірген.

Жарыма айтам мың алғыс!

Сыйлаған ұл-қыз, түсінген.

Барша әлем, саған рахмет!

Әр күнім үшін кешірген.


1-ші жүргізуші. Ендеше бір-бірімізге жақсы көңіл күй сыйлайық. Балалар, бір-біріңе қарап,. Қонақтарға күлімдеңдер. (Балалар бір-біріне, қонақтарға күлімдейді.)

2-ші жүргізуші. Балалар, сендерге күлімдеген ұнады ма?

Балалар. Иә!

2-ші жүргізуші. Сендер күлімдегенде жүздерің бал-бұл жайнайды. Бұл жерге мейірімді әрі жақсы адамдар жиналыпты. Балалар, жақсы адамдар жақсы іс жасайды, мейірім таратады. Ал мейірімді адам дегеніміз кім?

Балалар. Мейірімді дегеніміз – тату жүріп, үлкендерге көмектесетін, ешкімді ренжітпей, әлсіздерді қорғайтын, сыпайы, тек жақсы, мейірімді сөздер айтатын, досына жол беретін адам.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Балалар өлең оқиды.

Мейірімділік – ғажайып өмір есігі,

Мейірімді болсаң – әуенмен тербетілер бесігің.

Ашық болсын мұқтаждарға есігің,

Мейірімсіз болсаң, Алладан болмас кешірім.

Қол ұшын бер жетімдерге жылаған,

Қайтарма қолын ананың көмек сұраған.

Оу, адамзат, сіңірген бойға мейірімді,

Өтініп соны, сіздерден әркез сұранам.

Мейірімді ізде, таза, аңғал жүректен,

Селт еткізіп, сезімді бойда дір еткен.

Мейірім ана бойында сіңірген бойға, мойында,

Өмірге мына жылылықпен гүл еккен.

Әкел, досым, қолыңды,

Татуласқан орынды.

Өкпелесіп не керек,

Көрсет, кәне, соныңды.

Баққа бірге кірейік,

Қол ұстасып жүрейік.

Мейірімділік белгісі –

Кел, қосылып күлейік.

1-ші жүргізуші. Дұрыс, балалар, сыпайы, мейірімді болып, бір-біріңе жол беру керек, сондай-ақ өзара келісе білу керек. Мейірімді адам күн секілді шуағына бөлейді, жылу мен жарығын шашады, оған адамдар үйір болады, себебі бұл адам оларды мейіріміне бөлейді.

Жүргізуші балалардың назарын «Бұлтты күн» слайдына аударады.

2-ші жүргізуші. Міне, күн шықты. Балалар, қараңдаршы, ол көңілсіз секілді, шуақтары да жарқырамайды. Әлдебір зұлым сиқыршы бізді қорқытқысы келген сияқты! Ол күнді сиқырлап тастады… Оның сиқырын жою үшін біздің мейірімді іс жасауымыз керек.

Музыка ойнайды; сиқырлы таяқшасы мен сандығы бар Періште кіреді.

Періште. Балалар, сәлеметсіңдер ме. Мен мейірімді Періштемін. Мен сендердің әңгімелеріңді естіп қалдым. Мені тыңдап, айтқандарымды ұмытпаңдар:

Мейірімділік-асыл қасиетіміз,

Жүректегі таза ақ ниетіміз.

Жан дүние кілті,

Шаттық пенен күлкі.

Биік ұстап соны,

Қадірлейік біз!

1-ші жүргізуші. Мейірімді Періште, сен бізге күнді шығаруға көмектесесің бе?

Періште. Әрине! Бірақ күннің күлімдеуіне өздерің көмектесе аласыңдар!

2-ші жүргізуші. Біз ол үшін не істеу керекпіз?

Періште. Ол үшін менімен бірге ойын ойнауға тиіссіңдер. Балалар, сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме? Ал ертегі кейіпкерлерінің бәрі мейірімді ме? (Балалардың жауаптары.) Ертегілерде мейірімді әрі зұлым кейіпкерлер кездеседі. Қазір сендер экраннан ертегі кейіпкерлерін көресіңдер. Олардың қай ертегіден келгенін, мейірімді немесе зұлым екенін есте сақтау керек. (Алтын балық, Мыстан кемпір, Иван-царевич, Карабас-Барабас, Қызыл телпек)

«Мейірімді-зұлым» ойыны

Періште. Жарайсыңдар, балалар, тапсырманы жақсы орындап шықтыңдар! Ертегідегі арулар үнемі мейірімді әрі сұлу болса, мейірімді сиқыршылар зұлымдықты жеңіп отырған. 

Жалғасын  № 2-2018 "Музыкалық жетекшінің анықтамалығы" журналынан оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты