text
MCFR.KZ Образование

«Жігіт сұлтаны» сценарийі

  • 15 февраля 2018
  • 59
«Жігіт  сұлтаны» сценарийі
«Жігіт сұлтаны» сценарийі

«Туған күн» кіріктірілген іс-шарасының сценарийі

Мақсаты:

Алдын ала жұмыс: қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі туралы әңгімелесу; «жігіт жасы» ұғымын түсіндіру; мерекеге орай            әндерді, өлеңдерді, ойындарды жаттау.

Материалдары: ойынға арналған ағаш аттар; үлкен ат – «модуль»; биге және ойынға арналған қамшы; найза мен садақ.

Музыканың сүйемелдеуімен балалар жайлауға сай безендірілген залға жүгіріп кіріп, өлең оқиды.

Қой маңырап, төл жамырап,

Жайлау малға толады.

Бөбектерім, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

Весна, весна, кругом весна,

Джайляу расцветает,

И в этот яркий, теплый день

Мы веселимся и играем!

«На джайляу» ән-хороводы

(музыкасы мен сөзі В. Видмандікі)

Бала. Көңілді ойнап, арықтардан секіреміз!

«Бұлақ» ойыны

Еденде кілем-бұлақ жатыр. Балалар «бұлақтың» бір жағына тұрады, «секірейік қанекей, аяқ кұрғақ, мінеки» дейді де, бұлақтан секіреді. Кім бұлақты басып кетсе, сол ойыннан шығады.

Залға музыканың сүйемелдеуімен Әже кіреді.

Әже. Сәлеметсіңдер ме, балалар! Көңіл көтеріңдер, ойнаңдар, шуақты көктемді қарсы алайық.

Балалар өлең оқиды.

Көктем келіп шуақты,

Балаларды қуантты.

Құстар сайрап, бақтар

Жайнап, гүл атты!

Солнышко пригрело,

В небе посветлело.

Расцветает всё кругом,

О весне мы все поем!

«Келді көктем» әні

(музыкасы М. Лапинанікі, сөзі А. Жаманованікі,

нотасын № 2–2016 ж. «Музыкалық жетекшінің анықтамалығы» журналынан таба аласыздар)

Әже. Әндерің әсем, өздерің көңілді екенсіңдер. Ал менің сендерді тойға шақырғым келеді! Бүгін менің немерем Айдос 5-ке толады. Қазақ халқында бұл жас қалай аталатынын білесіңдер ме?

Балалар. Жігіт жасы.

Әже. Дұрыс, балалар! Бәріңді мерекеге шақырамын!

Балалар Әжемен бірге музыканың сүйемелдеуімен шеңбермен жүреді; залдың ортасына Айдос Атасымен бірге кіреді.

Ата. Бес жасқа келдің бүгін,

Әдемі шапан киіп тұрсың.

Достарың құттықтайды,

Саған арнап ән жолдайды.

«Бүгін туған куніміз» әні

(музыкасы И. Нүсіпбаевтікі, сөзі Ә. Табылдиевтікі)

Ата. Саған атты сыйладым,

Тұлпар деп атын қойдым.

Жігіт болдың деп айтамын,

Және қамшы сыйлаймын!

Әже. Дарим мы тебе коня,

Тулпарчиком зовут!

На тебя твой конь глядит,

Ты теперь у нас джигит!

Музыканың сүйемелдеуімен Ата Айдосты үлкен атқа (модуль) отырғызып, қолына қамшы береді; Әжесі немересіне найза мен садақ сыйлайды.

Әже. Қамқор болып халқына,

Берік болсын антына.

Есейгенде қымбатты,

Сыйлы болсын жалпыға.

Балалар алдын ала дайындалған сыйлықтарды алып, Айдосқа тілек айтады. Кезекпен сөйлейді.

Батыл бол!

Ата-анаңды тыңда!

Үлкен жігіт бол!

Сосын бақыт тілейміз...

Айдос. Ал бақыт дегеніміз не?

Басқа балалар жүгіріп шығып, олар да кезекпен сөйлейді.

Бақыт деген – сенің бала күндерің

Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің,

Бақытын да, басқасын да білмеуің

Бақытсыз-ақ ойнағаның-күлгенің.

Бақыт жайлы менің мынау білгенім.

Бақыт деген – бірде шаттық, бірде мұң.

Бақытты сол – тәрік етіп түндерін,

Бақыт іздеп азаптанса, кімде-кім.

Бәрі. Бақыт деген бейбіт өмір.

Әже. Балалар, мен немереме құттықтау ашықхатын дайындап қойдым, бірақ оны бояп үлгермедім. Ендеше бәріміз бірге оны бояйық. Ол жарқын әрі әдемі болады.

Балалар Әжемен бірге ашықхатқа түрлі түсті гүлдерді жапсырып, оны Айдосқа тарту етеді.

Айдос. Сыйлықтарыңыз бен тілектеріңізге рақмет! Ал Атам мен Әжеме тұлпарым үшін рақмет!

Атамды қатты жақсы көремін,

Ол үшін ән де салып беремін!

Айдос әнді орындайды.

Жалғасын  № 2-2018 "Музыкалық жетекшінің анықтамалығы" журналынан оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль