text
MCFR.KZ Образование

Черлидинг – мектеп жасына дейінгі балалардың физикалық қасиеттерін дамыту

  • 8 февраля 2018
  • 26
Черлидинг – мектеп жасына дейінгі балалардың физикалық қасиеттерін дамыту
Черлидинг – мектеп жасына дейінгі балалардың физикалық қасиеттерін дамыту

Черлидинг – бұл спорт пен ойын-сауық индустриясының сәнді қоспасы. Әсерлі би, жанды баурайтын акробатикалық трюктер, айбынды сөздер түрлі ойын-сауық іс-шараларының, барлық мүмкін мерекенің және спорттық сайыстың сәніне айналады.


Халық биі оқушылардың рухани қасиеттерін тәрбиелеу құралы ретінде


Черлидинг – бұл физикалық дайындық деңгейі әртүрлі балаларға арналған, барлық жас тобына қолжетімді спорт түрі. Спортта көпшілікке ортақ, қыздарға қолжетімді бағыттар аз. Черлидинг – бұл эстетика, керемет фитнес, өмір стилі мен көшбасшылық қасиеттердің дамуы.

Черлидингпен бәрі айналыса алады: арықтар да, толықтар да, денсаулығы мықтылар мен әлсіздер, алғырлар мен ұялшақтар. Физикалық даму, құрдастармен араласу, тілектестік көзқарас шығармашылық бастамаларды, көшбасшылық қасиеттерді айқындауға, ұялшақтықты еңсеруге және жетістікке ұмтылуға көмектеседі!

Черлидинг мыналарға ықпал етеді

  • көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға;
  • үйлесімді дамуға;
  • командалық рухты қалыптастыру;
  • өзара түсіністіккке.

Черлидерлер қайта сап түзеуге, шеңбер құруға, шпагатқа отыруды үйренеді, ұрандар мен өлеңдер құрастырып үйренеді, актерлік шеберлік пен сөйлеу мәнеріне машықтанады.

Сабаққа гимнастика, акробатика элементтері, би қимылдары, жалпы дамытушы, саптық, қолданбалы жаттығулар, секірулер; қимылдар үйлесімділігіне арналған жаттығулар, би қимылдары, көркем гимнастика элементтері, хореография, түрлі секірулер кіреді.

Қосымша білім берудің аясындағы білім беру ұйымы бағдарламасындағы, фитнес-клубтың жанындағы балалар секциясындағы черлидингтің негізгі мақсаты – балаларды, жасөспірімдерді, бозбалалар мен қыздарды физикалық, рухани және адамгершілікті жетілу үлгілеріне тарту.

Черлидинг – бұл командалық спорт түрі. Құрамы тұрақты болғанда ғана жақсы команда жөнінде сөз етуге болады. Мұнда ұжым құрып, балаларды біріктіруге, жұмыста өзара түсіністікке, қимылдар орындауда үйлесімділікке жетуге болады. Сонымен бірге, черлидинг дербес спорт түрі болып табылады. Черлидинг командалары балабақша, мектеп, колледж, университет базаларында құрылады.

Черлидингпен айналысуды бастау үшін арнайы физикалық жағдайлар қажет емес, сондықтан командаларды мына жас санаттары бойынша құруға болады:

  • балалар: 5–6 жас; 7–11 жас;
  • юниорлар: 12–16 жас;
  • ересектер: 16+.

 Черлидингтің пайдасы

Біріншіден, черлидинг тез салмақ тастауға және үйлесімді мүсін қалыптастыруға ықпал етеді (бұл ретте фитнеспен салыстырғанда бұлшықеттердің қалыптан тыс ұлғаюына алып келмейді).

Екіншіден, жүрек-қан тамырлар жүйесі мен тірек-қозғалыс аппараты ауруларының алдын алудың керемет мүмкіндігі (мысалы, осы спорт түрімен айналысу арқылы сколиоздан ерте кезден арылуға болады), жадының жақсаруына ықпал етеді.

Үшіншіден, тәртіп орнатады, араласу ортасын кеңейтеді, күйзелістен арылуға көмектеседі және т. б.

Черлидингтің көмегімен балалардың бос уақытын ұйымдастыруға, сондай-ақ спорттық іс-шаралар мен мерекелерді қызықты етіп өткізуге болады.

 Мектепке дейінгі ересек жастағы балалармен сабақты ұйымдастырудың ерекшеліктері

Сабақтарды ұйымдастыру, оқыту нысандарын, құралдары мен әдістерін таңдау, жүктемені мөлшерлеу жас черлидерлержің ағзасының даму ерекшеліктеріне негізделген. Спортшыларды дайындау қатаң түрде олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жүзеге асырылады, оған анатомиялық, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктер кіреді.

5–6 жасар балалар үшін (ұлдар мен қыздар) сабақтар балалардың қимыл белсенділігіне ынтасын дамытуға және физикалық көрсеткіштерін жетілдіруге ғана бағытталмаған, сонымен бірге топта араласуға қажетті тұлға қасиеттерін дамытуға бағытталған, яғни: тілтабысқыштық, эмоционалды тұрақтылық, дербестілік, батылдық, өзіне деген сенім, өзін өзі бақылау, адекватты өзіндік баға, сондай-ақ позитивті жүріс-тұрыс нормалары мен қатынас мәдениетінің негіздері. 

Жалғасын  № 2-2018 "Музыкалық жетекшінің анықтамалығы" журналынан оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль