text
MCFR.KZ Образование

Критериалды бағалау

  • 9 февраля 2018
  • 297
Критериалды бағалау
Критериалды бағалау

Педагогикалық ұжым үшін критериалды бағалау жүйесін іске асыру нені білдіреді? Осы мақалада мұғалімдерге пайдалы ақпараттар, ұсыныстар, ескертулер мен ұсынымдар берілген.

Критериалды бағалау – бұл алдын ала белгіленген өлшемшарттардың нақты жинағының негізінде оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау. Білім алушылардың оқу үлгерімі олардың сыныптастарының оқу үлгерімімен салыстырмалы түрде бағаланатын нормаға негізделген бағалаудан несімен ерекшеленеді.

Критериалды бағалау жүйесі формативтік және жиынтықты бағалаудан тұрады. Формативтік бағалау оқу процесінің ажырамас бөлімі болып табылады, оқу процесінде білім алушылардың білім алу және дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтайды, қиындықтарды анықтауға және оқу бағдарламаларын оқыту мақсаттарына жетуге көмектеседі. Бағалаудың бұл түрі білім алушылар мен мұғалімдер арасындағы тұрақты кері байланысты қамтамасыз етеді және балл мен баға қоюсыз оқу процесін түзетуге мүмкіндік береді. Жиынтықты бағалау мұғалімдерге, білім алушыларға және ата-аналарға оқу бағдарламаларының бөлімдерін (өтпелі тақырыптарды) және тоқсанды аяқтаған соң балл мен баға қою арқылы білім  алушылардың оқудағы ілгерілеушілігі туралы ақпарат беру мақсатында жүргізіледі.

Формативтік және жиынтықты бағалау тәсілдері мен әдістері пән мазмұнының спецификациясы мен оны оқыту ерекшеліктеріне қарай ажыратылуы мүмкін. Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау нәтижелері оқу процесі барысында ата-аналарға ұсынылады. Формативтік және жиынтықты бағалау пәндер бойынша оқу бағдарламаларының мазмұнына негізделеді.

Формативтік және жиынтықты бағалауды ұйымдастыру, жоспарлау білім алушылардың оқудағы жетістіктерін критериалды бағалаудың белгіленген тәртібі бойынша жүргізіледі. «Бастауыш/негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық», «Формативтік бағалауға арналған тапсырмалар жинағы», «Жиынтықты бағалау бойынша әдістемелік ұсынымдар», «Өңірлік және мектептік үйлестірушілерге арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық» әдістемелік оқу құралдары әзірленді.

Формативтік бағалау

Формативтік бағалауды мұғалімдер білімді меңгеру және дағдылардың қалыптасу деңгейі туралы ақпарат алу үшін, оқу процесін түзету үшін, білім алушыларға кері байланыс беру және оқу процесі барысында білім алушылардың оқудағы жетістіктерін ынталандыру үшін жүргізіледі.

Формативтік бағалаудың негізгі функциялары:

  • қалыптастырушы – күнделікті практикада құндылықтар жүйесін қалыптастыру, құру және бекіту;
  • ынталандырушы – білім алушылар күтетін нәтижеге және нәтижелі ілгерілеушілікке жетуі үшін жайлы жағдай жасау;
  • уәждеуші – білім алушылардың оқуға және нәтижеге жетуге қызығушылығын сақтау.

Формативтік бағалаудың негізгі стратегиялары:

  • оқу мақсаттары мен бағалау өлшемшарттарын айқындау және ұсыну;
  • оқу дәлелдерін жинауға бағытталған сыныпішілік оқу қызметін ұйымдастыру;
  • білім алушылардың дамуына ықпал етуші құрылымдық кері байланысты қамтамасыз ету;
  • білім алушыларды өзара білім көзі ретінде оқу процесіне тарту;
  • создание коллаборативной среды в процессе преподавания и учения;
  • білім алушыларға өз оқуын «құрушыларға» айналу мүмкіндігін беру.

Білім алушылардың оқу мақсаттарына жету деңгейлері мен олардың ілгерілеушіліктері оқуды нәтижелі ұйымдастыру мақсатында және меңгеру деңгейін анықтау үшін бақылануы тиіс.

Мұғалім қызметіндегі формативтік бағалау процесі келесі кезеңдердің іске асырылуын талап етеді:

  • бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау;
  • бағалау нысандары мен әдістерін таңдау;
  • оқыту және оқу процестерінің бөлімі ретінде бағалау жүргізу;
  • кері байланыс орнату;
  • бағалау нәтижелерін талдау;
  • формативтік бағалау нәтижелерінің талдауына сәйкес оқыту мен оқуды түзету.

Жалғасын  № 2-2018 «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»  журналынан оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль