text
MCFR.KZ Образование

БҰ басшыларының қорытынды аттестаттауға дайындық бойынша қызметі

  • 7 февраля 2018
  • 153
БҰ басшыларының қорытынды аттестаттауға дайындық бойынша қызметі
БҰ басшыларының қорытынды аттестаттауға дайындық бойынша қызметі

Білім алушыларды қорытынды аттестаттау – мектеп өмірінің маңызды кезеңі. Биылғы оқу жылы ол жаңа форматта өтеді.

Қорытынды аттестаттауға дайындық бойынша бүкіл ұйымдық-педагогикалық іс-шаралардың негізін мынадай қағидаттар құрайды:

  • білім беру үдерісіне қатысушылардың келісімі;
  • мұғалімдер мен  оқушылардың іскер диалогы;
  • білім алушыларды тестілеудің алуан түрлі технологияларын енгізу;
  • практикаға енгізу және эссе жазу технологиясына машықтандыру;
  • оқу үдерісін даралау және саралау;
  • қорытынды аттестаттауға дайындық пен емтиханға дайындықтың психологиялық жайлылығы.

Білім беру үдерісіне қатысушылардың қарым-қатынасы

Мектепте ең алдымен білім беру үдерісіне қатысушылардың бірыңғай ұстанымын: оқушылардың, ата-аналардың және мұғалімдердің қорытынды аттестаттауға қатысты аталмыш жағымды қоғамдық пікірін қалыптастыру керек. Ортақ істің үш тарабының психологиялық тепе-теңдік жағдайын дәл осы қалыптастырады және осындай маңызды оқиғаны күту жағдайында туындайтын эмоционалды шиеленісті басады. Осы қарым-қатынаста білім беру үдерісіне қатысушының өз қызметтері мен міндеттерін нақты түсінгені маңызды. Қорытынды аттестаттауға дайындыққа, өткізуге және нәтижесіне жауапты білім беру үдерісінің мүшелері:

  • директор – қорытынды аттестаттауға дайындық бойынша мектептің жұмыс жоспарын жалпы ұйымдастыруды және іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады, кадрларды іріктеуге, бөлуге және оқушылардың білім алуы мен мектеп қызметкерлерінің жұмыс істеуіне қауіпсіз жағдай жасауға жауапты;
  • директордың ОТІ жөніндегі орынбасары – қорытынды аттестаттауға дайындық бойынша жұмыс жоспарын іске асыруға, МІБ және оқу пәндерінің оқытылу жағдайына, пәндік БДМ қалыптасуын бақылауға жауапты; сабақ кестесін құрастырады, сынақ емтихандарын өткізуді ұйымдастырады;
  • сынып жетекшісі – сынып деңгейінде білім беру үдерісіне қатысушылардың қарым-қатынасын қамтамасыз етеді;
  • пән мұғалімдері – пәндерді оқытуды және оқушыларды қорытынды аттестаттауға даярлауды тікелей жүзеге асырады.

Ата-аналардың аттестаттауға дайындық пен өткізуге қатысуы – жетістікке жетудің маңызды шарттарының бірі.

11-сынып оқушыларының ата-аналарын шартты түрде мынадай топқа бөлуге болады:

  • көмекші ата-аналар – адал, белсенді, мүдделі әрі кез келген сәтте қол ұшын созуға даяр;
  • әлеуетті көмекші ата-аналар – егер бағыт берсе, көмектесетін болады;
  • мектептің оқу-тәрбие жұмысындағы талаптарын түсінбейтін немесе түсінгісі келмейтін ата-аналар. Олардың мектепке, мұғалімдерге деген пікірі жағымсыз, оны сирек жағдайларда ашық, көп жағдайларда жасырын көрсетеді.

Алайда, осы топтардың бәрін ортақ қасиет – балаларының болашағына бейжай қарамаушылық біріктіреді. Оқушылардың ата-аналарымен жұмыс үш бағытқа негізделген:

1. Нормативтік құжаттармен, қорытынды аттестаттаудан өту рәсімімен, тапсырмалар құрылымымен және күрделілік деңгейімен танысу.

Жұмысты 10-шы сыныптан бастау керек. Бейіндік мектепте оқудың алғашқы күнінен бастап ата-аналардың балаларының жоғарғы мектептегі оқуына деген жауапты көзқарасын қалыптастыру керек, себебі 11-ші сыныпта қорытынды аттестаттаудан өту рәсімі ата-аналар үшін жаңалық болмауы тиіс. Оқу жылының басында ата-аналармен нұсқамалық жиналыс өткізіледі, мұнда нормативтік құжаттармен, қорытынды аттестаттау тапсыру рәсімімен, тапсырмалар құрылымымен және күрделілік деңгейімен толық таныстыру керек. ҚР БҒМ жалпы орта білім саласындағы қорытынды аттестаттауға енгізіп жатқан жаңашылдықтардың бәрі түсіндірмелерімен бірге уақытылы ата-аналардың назарына жеткізілуі тиіс. Бұл жұмысқа мектеп директоры мен директордың ОТІ жөніндегі орынбасары жауапты. Емтихан тапсырардың алдында да қайтадан жиналыс өткізу керек. 

Жалғасын  № 2-2018 «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»  журналынан оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль