text
MCFR.KZ Образование

Педагог-психологтың жұмысындағы арт-терапия

  • 6 февраля 2018
  • 149
Педагог-психологтың жұмысындағы арт-терапия

Өткізу түрі: шеберлік сабағы.

«Оқу-танымдық үдерісіндегі рефлексия» шеберлік сабағы

Арт-технология

Мақсаты: педагог-психологтардың – шеберлік сабағына қатысушылардың – кәсіби шеберлігін білім беру процесіне қатысушылардың бойында эмоционалдық тұрақтылықты қалыптастыру мен психологиялық денсаулығын қалпына келтіру үшін арт-терапевтік технологияны қолдануды көрсете отырып педагогикалық қарым-қатынас арқылы арттыру. 

Міндеттері

  • шеберлік сабағына қатысушыларды арт-терапевтік технологиялармен және оларды тәжірибеде қолдану жолдарымен таныстыру;
  • шеберлік сабағын ұйымдастыру нысандарының бірі ретінде арт-терапия түрлерін (бейнелеу терапиясы, ертегі терапиясы, музыка терапиясы, би терапиясы, т. б.) қолдана отырып, қатысушылардың жағымды эмоционалдық ахуалын жасау; 
  • жеке және ұжымдық жұмыс жағдайын жасау арқылы әр педагогтың кәсіби-шығармашылық белсенділігінің дамуына, ішкі әлеуетінің ашылуына ықпал ету. 

Күтілетін нәтижелер

  • педагогтардың шеберлік сабағында ұсынылатын және оны оқушылармен жұмыс істеу барысында қолданатын арт-терапия әдістері мен жаттығуларын тәжірибе түрінде меңгеруі; 
  • арт-терапия саласында педагог-психологтардың кәсіби біліктілік деңгейін арттыру;
  • шеберлік сабағына қатысушылардың шығармашылық-психологиялық қызметте өзіндік стилін қалыптастыруға деген ынтасын арттыру.

Жабдық: қағаз, балауыз шамдар, түрлі-түсті бор, музыка. 

Шеберлік сабағының барысы

Жүргізушінің кіріспе сөзі. Армысыздар, құрметті қатысушылар! Сабақтың басында сіздерге бір-біріңізбен ерекше түрде сәлемдесуді ұсынамын. 

«Сәлемдесу» жаттығуы

Жүргізуші. Шетелдіктердің қалай амандасатынын білесіңдер ме? Еуропалықтар кездескен кезде бір-бірінің қолын қысады, эфиоптар беттерін түйістіреді, африкалықтар мұрнымен сүйкенеді, жапондықтар иіледі, итальяндықтар құшақтасады.

Қатысушыларға сол жақтағы көршісімен еуропаша, оң жақтағы көршісімен өз қалауынша амандасуды ұсынамын.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Білім беру процесіне қатысушылардың эмоционалдық жай-күйі бүгінде алаңдатпай қоймайды. Балаларда өте беймазалық байқалады, жалпы енжарлық көріністері жиі бой көрсетеді немесе керісінше, ашуланшақтық яки агрессиялық басым.

Педагогтарда елеусіз, ұсақ оқиғаларға деген күйгелектіктің жоғары екені; жағымсыз эмоцияларға күйзелу, ой елегінен өткізілмеген мазасыздық сезімі, депрессиялық жағдай байқалады.

Мұның бәрі білім беру процесіне қатысушылардың жағымсыз эмоциясының алдын алуда психологиялық-педагогикалық қолдаудың жаңа тәсілдерін іздеу қажеттілігіне әкеледі. 

Арт-терапия – балалар мен педагогтарда эмоционалдық есендікті және психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз ету құралы, соңғы уақытта педагог-психологтар кең қолданатын психологиялық жұмыс әдістерінің бірі. 

Балалармен және ересектермен жұмыстың арт-терапевтік әдістері – бұл бүлінген эмоцияны бәсеңдетудің қауіпсіз тәсілі.

Адамның басып-жаншып үйренген ойлары мен эмоцияларын істетуге мүмкіндік береді.

Адамның күнделікті өмірге бейімделу қабілеттерін арттырады.

Балаларды оқытумен, педагогтардың жұмысымен және ата-аналардағы тәрбиемен байланысты шаршауды, жағымсыз эмоционалдық күйді және оның көріністерін азайтады.

Баламен қарым-қатынасты махаббат пен өзара жақсы көрушілік негізінде құруға мүмкіндік береді.

Адамның зияткерлік, әлеуметтік, эмоционалдық және тұлғалық дамуында оң өзгерістерге жету өнерінің мүмкіндіктері пайдаланылады. 

Білім беру кеңістігінде арт-терапияны қолдану өзара әрекет пен рефлексияның, өзіндік рефлексия мен өзіндік қабылдаудың, сондай-ақ басқа адамдарды қабылдай білу мен түсінудің жаңа дағдыларын меңгеруге әсер етеді. 

Бағыттар

Бейнелеу терапиясы – бейнелеу өнерінің көмегімен болатын терапия. Баланың шығармашылық қабілетін барынша іске асыруға мүмкіндік береді, оған өз тағдырын тануға көмектеседі. Сурет салудың арқасында адам өзін күйзелткен оқиғаларды жеңіл қабылдайды. 

Музыка терапиясы – әртүрлі себептермен балаларда туындайтын қарым-қатынас бұзушылығын түзетуде тиімді. Музыканың көмегі арқылы байланыс қауіпсіз, мәжбүрлемейді, дараланған, қорқыныштан, шиеленістен арылтады. 

Ертегі терапиясы – тұлғаны біріктіру, шығармашылық қабілетін дамыту, сана-сезімін кеңейту, қоршаған әлеммен өзара әрекетін жетілдіру үшін ертегі нысанын пайдаланатын әдіс. 

Би терапиясы – адам эмоциясының, ойлары мен мақсаттарының барлық ауқымын білдіру үшін қолданылады. Терапияда би қолданылғанда, сезім кенеттен еркін қозғалыс пен импровизацияда босатылады. 

Библиотерапия. Оқуға арналған сан алуан көркем материалдар – әңгімелер, повесть, роман, өлеңдер, поэмалардан агрессивті, сенімсіз мінез-құлық проблемаларын шешуде, өз сезімдерін қабылдай білуде ертегілер мен тәмсілдер пайдаланылады. Бұл – ішкі психикалық жанжалдарды шешуге және эмоционалдық шиеленістен арылуға, өмірлік айқындамасы мен мінез-құлқын өзгертуге ықпал ететін сөздің жанды бейнелілігінің мысалдары. 

«Сиқырлы бояулармен» сурет салу. 2 ас қасық ұнды 1,5 ас қасық тұзбен араластырамыз, үштен бір шай қасықтағы күнбағыс майын және аздаған су қосамыз. Илейміз. Құймақтың қою қамыры сияқты сұйықтау болу үшін қамырға біртіндеп су қосуға болады. Бұдан соң 2 ас қасық ПВА желімін қосамыз. Әрі қарай қамырға жасалуы тиіс түстегі гуашь қосамыз. Қатырма қағазға сурет салады, бояулар айғыздалмайды, қатырма қағазға төгіледі. 

Монотипия – қағаздағы бояулар ізі нәтижесінде алынған әлем-жәлем кескіндер ішінен образ ойлап табу немесе образға сай түрлі-түсті сурет жасау. Монотипия термині гректің «бір» сөзінен шыққан, бір таңба. Монотипияда кез келген бояу саны бар. Қағаз парағында сұйық түрде араластырылған бояудың бірнеше барынша үлкен тамшысы қойылады. Парақ қақ ортасынан бүктеліп, қатты сығылады. Оны жайған кезде әдеттен тыс әлем-жәлем кескіндер көрінеді. Әрі қарай сурет туралы әңгіме ойлап табу керек.

Арт-коллаж – қағазбен жұмыс түрлерінің бірі. Тақырыбы кең. Коллаж жасау бірнәрсе жайлы ұғымды дамытуға, жағымсыз сезімдер мен ресурстарды өңдеуге ықпал етеді. Командадағы жұмыс ауызбірліктің дамуына әсерін тигізеді. Өз коллажы жайлы әңгіме рефлексияны дамытады.

«Сиқырлы сурет» жаттығуы

Жүргізуші. Жаттығу өз эмоционалдық жай-күйінің көркемдік-нышандық құралдарын меңгеруге көмектеседі, өз әріптестерінің көңіл күйін көруге және сезе білуге үйретеді.

Екі топқа бөлініп, өз командаларыңызға атау қоюды ұсынамын. Эмоция-смайлик таңдаңыздар, мұның қандай эмоция екенін табыңыздар және оны қандай да бір образ түрінде балауыз шаммен суретте бейнелеңдер.

Әрі қарай өздеріңнің көзге көрінбейтін суреттеріңді басқа командамен ауыстырыңдар. Көзге көрінбейтін суретті көрсету үшін, парақты кез келген түспен бояу керек.

«Ормандағы жаңбыр» ойыны (музыка терапиясы) 

Жүргізуші. Біріңнің артыңнан бірің шеңбер бойымен тұрыңдар. Сіз – ормандағы ағашсыз, мәтінді тыңдап, әрекетті орындаңыз. 

Орманда күн жарқырады, барлық ағаштар оған өз бұтақшаларын созды. Әр парақты жылыту үшін жоғары-жоғары созылу керек (аяқтың ұшын көтереміз, саусақтарды қимылдата отырып, қолды жоғары көтереміз). 

Кенет қатты жел соқты да, ағаштар әр тарапқа шайқала бастады. Бірақ ағаштар тамырларымен қатты, орнықты тұр, тек шайқалады (аяқтарының бұлшық еттерін ширата отырып, жан-жаққа шайқалады). 

Жел жаңбыр бұлттарын әкелді, ағаштар алғашқы нәзік жаңбыр тамшыларын сезінді (саусақтарды жеңіл қозғалта отырып, алдыңғы тұрған адамның арқасына жанастырамыз). 

Жаңбыр барған сайын қаттырақ жауды (арқадағы саусақтардың қимылын күшейтеміз). 

Ағаштар бір-бірін аяй бастады, жаңбырдың қатты соққыларынан өз бұтақтарымен қорғануға кірісті (алдында тұрған адамның арқасына алақанымызды жүргіземіз). 

Міне, тағы да күн шықты. Ағаштар қуанып кетті, жапырақтарынан жаңбырдың артық тамшыларын сілкіп тастады, тек қажетті ылғалды қалдырды. Ағаштар өз ішінен балаусалықты, сергектік пен өмір қуанышын сезінді. 

«От биі» жаттығуы

Бишілер шеңберге тығыз сығылып тұрады, қолдарын жоғары көтереді және біртіндеп сергек музыка ырғағымен түсіреді және тайпа тілдерін бейнелей отырып қолды жоғары көтереді.

«Алау» ырғақпен біресе бір жаққа, сосын екінші жаққа тербетіледі, кейде жоғары (аяқтың ұшымен билейді), кейде төмен (отырады және тербеледі) қозғалады. 

Қатты жел соғады, «алау» ұсақ ұшқындарға ыдырайды. Олар еркін түрде жан-жаққа ұшып жүреді, айналады, екі, үш, төртеуден бірігіп, бір-бірімен (қолдарынан ұстайды) қосылады. «Ұшқындар» қуаныш пен жақсылық себеді. 

Мақала қысқартылып жарияланған, толық жарияланымды № 2-2018 «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналынан оқыңыздар.

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты