text
MCFR.KZ Образование

Тәлімгерлік – балабақшаның дамуына ықпал ету құралы ретінде

  • 5 февраля 2018
  • 89
Тәлімгерлік – балабақшаның дамуына ықпал ету құралы ретінде
Тәлімгерлік – балабақшаның дамуына ықпал ету құралы ретінде

Әрқайсымыз жұмысты бастағанда оқу-тәрбие үдерісінің ұйымдастырылуын теориялық тұрғыдан ғана білетін жаңа келген адамның рөлінде болдық.

Осы тақырып бойынша мына мақалаларды оқыңыздар:

· «Тәлімгерлік туралы негізгі қызмет бойынша бұйрықтар»;

· «Тәлімгерлік туралы ереже».

Тәлімгерлік – балабақшаның дамуына ықпал ету құралы ретіндеЖас тәрбиешіге қалай көмектесеміз? Оны тиісті арнаға қалай бағыттаймыз?

Біздің балабақшада басқа балабақша секілді тәлімгерлік әдісі қолданылады. Әр жаңа келген маманға тәлімгер – барынша тәжірибелі, өз жұмысын дұрыс ұйымдастыра білетін маман бекітіледі. Тәлімгердің міндеті – жаңадан келген маманға балабақшада қолданылатын жұмыс әдістері жөнінде айтып беру, әріптестерімен таныстыру және т. б. Педагогты бейімдеу барысындағы оның рөлі күрделі әрі жауапты. Тәлімгер жұмысының міндеттері:

  • – тәрбиешіге ұйымдағы жаңа беделін түсінуге және қабылдауға көмектесу;
  • – жаңа әдеп нормаларын меңгеруге көмектесу;
  • – жас маманның педагогикалық қызметке деген қызығушылығын қалыптастыру;
  • – ұжыммен қарым-қатынасты реттеуге және қолдауға көмектесу;
  • – жас мамандардың үздіксіз білімге деген сұранысын қалыптастыру және тәрбиелеу, педагогтың кәсіптік қалыптасу процесін жеделдету;
  • – бағыныштының міндеттерін өз бетімен және сапалы орындау қабілетін дамыту;
  • – шығармашылық қызметтің жеке стилін қалыптастыруға ықпал ету;
  • – жаңадан келген педагогты нақты біліммен және теорияны практикада қолдану машықтарымен қаруландыру.

Кім тәлімгер бола алады? Ең алдымен, бұл өз бағыныштысының деңгейі бірнеше деңгейге жоғары адам болуы тиіс, бұл нәтижелі қарым-қатынасты және білімді нәтижелі жеткізуді қамтамасыз етеді. Тәлімгерлік белгілі лауазымдық деңгейден бастап тәлімгердің өзінің мансаптық өсуін айқындайтын талаптардың біріне айналуы тиіс. Алайда, әр тәлімгердің белгілі кәсіби қасиеттері болуы тиіс:

  • – өзінің кәсіби қызмет саласындағы тәжірибесі;
  • – тәлімгер болу ниеті (егер тәлімгерлік қосымша жүктеме ретінде қабылданса, онда бұл ерте ме, кеш пе сапада көрініс табады);
  • – бағыныштысына көмектесуге деген шынайы ынта (жағдайға қарай жұмыс нәтижелерін бағалауды қоспағанда);
  • – өз уақыты мен күшін бағыныштысын дамытуға жұмсауға даярлық;
  • – құрылымдық сынға қабілеттілік (бағалау жұмысты жақсарту бойынша нақты ұсыныстардан құралуы тиіс);
  • – бастамашылық таныту және үнемі кері байланыс орнату.

Тәлімгерлік – балабақшаның дамуына ықпал ету құралы ретіндеЖақсы тәлімгер бағыныштысының қиындықтарынан үнемі хабардар және жылдың соңын күтпейді (қорытындылауда шешілмеген міндеттер тіркелетін кезді), керісінше жаңадан келген педагогтың іс-әрекетін түзету үшін уақытылы шаралар қабылдайды.

Тәлімгердің қызметі негізгі жұмыстың нәтижелілігіне әсер етпейтіндей деңгейде ұйымдастырылуы тиіс.

Бір тәлімгерге жұмысшылардың қанша оңтайлы саны бекітілуі мүмкін?

Практика көрсеткендей, бағыныштылар саны 4–5-ден аспауы тиіс, ұжым жұмысын бастайтын және оның негізгі бөлігін жаңадан келгендер құрайтын жағдайларды қоспағанда. Қазіргі кезде біздің балабақшамыздағы жас және тәжірибелі педагогтардың арақатынасы шамамен бірдей, сондықтан әр тәлімгердің бағыныштыларының саны екеуден аспайды. Мектепке дейінгі ұйымдарда (бұдан әрі – МДҰ) педагогтар жұппен жұмыс істейді, сондықтан мұны тәлімгерлік бойынша жұмысты барынша сәтті іске асыру үшін қолданамыз.

МДҰ басшысы «тәлімгер – бағынышты» жұбының жұмысын бақылайды, оның нәтижелілігін бағалайды, өз түзетулерін енгізеді, және қажет болғанда, тәлімгерді ауыстырады. Бағынышты өз машықтарын жетілдіріп, тәлімгерінің кәсіпқойлығына жеткенде, оның өзі аса жас педагогтың тәлімгеріне айналады.

Тәлімгер жас педагогпен жұмысты бастағанда белгілі реттілікті ұстанады:

  • – мен айтайын, сен тыңда;
  • – мен көрсетемін, сен қара;
  • – бірге істейік;
  • – өзің жаса, мен көмектесемін;
  • – өзің жаса, өз жұмысыңды өз бетіңмен талда.

Әр тәлімгер тәлім алушының дайындық деңгейіне, білімі мен машықтарына, сондай-ақ балабақшаның жылдық міндеттеріне сүйене отырып, жеке жұмыс жоспарын құрастырады. Жоспарда мыналар көрсетілуі тиіс:

  • – бағынышты өткерген негізгі кәсіптік қиындықтар;
  • – кәсіби әрекеттестіктің мақсаты мен міндеттері;
  • – жұмыс кезеңдері;
  • – кәсіби қолдаудың негізгі бағыттары, нысандары, әдістері мен құралдары;
  • – жұмыстың аралық және соңғы нәтижелері.

Тәлімгер мен жас маманның өзара әрекеттестігінің келесі кезеңдерін бөліп көрсетеміз:

  • Диагностикалық (өзара әрекеттестік мақсаттарын айқындау, өзара түсіністік және сенім ортасын құру, субъектілер міндеттерінің, өкілдіктерінің шеңберін анықтау, жас педагогтың машықтары мен дағдыларындағы кемшіліктерді айқындау).
  • Практикалық (бейімдеу бағдарламасын әзірлеу және іске асыру, жас педагогтың кәсіби машықтарын түзету).
  • Талдамалы (жас педагогтың кәсіптік бейімделу деңгейін және оның өзінің функционалдық міндеттерін орындауға даярлық деңгейін айқындау).
Тәлімгердің жұмыс жоспарын құрастырудың үлгілік схемасы
Жоспарлы іс-шаралар Жұмыс нысандары Орындау мерзімі
1 Өз бетімен білім алу бойынша жоспарды әзірлеуге көмектесу Сауалнама, жеке әңгімелесулер, өзге мамандардың жұмыс жоспарларымен танысу Қыркүйек
2 Технологиялық карталар, циклограммалар әзірлеуге көмектесу Консультациялар, ұсынымдар, бірге құрастыру Қыркүйек–қазан
3 Мектепке дейінгі ұйымның жоспары бойынша т. б.

Тәлімгер сабақтар мен ұйымдасқан оқу қызметіне қатысқанда талдау картасын толтырады, мұнда оның артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсетіп, жұмысты жетілдіру бойынша ұсынымдар береді.

Үлгілік талдау картасы
Күні Қызмет түрі, атауы, мазмұны Жағымды тұстары Жағымсыз тұстары Ұсынымдар
12.09.20__ ж. Тілді дамыту бойынша ҰОҚ: «Алтын күз»
Ұйымдастырушы кезең Эмоционалды, психологиялық дайындық _ _
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім _ Көрнекілік материалы жеткіліксіз _
Қорытынды бөлім Рефлексия әдісін қолдану

Тәлімгерлік – ұзақмерзімдік әрі көп еңбекті қажет ететін үдеріс. Тәлімгер педагог, ең алдымен, шыдамды әрі талапшыл болуы тиіс. Оның мақсаты – жас, жаңадан келген педагогтың сауатты маманға айналуына көмектесу. Біздің балабақшада мынадай жұмыс нысандары қолданылады: сауалнама, сұхбаттасулар, әдістемелік әдебиетпен танысу, педагогикалық сағат, консультациялар, ұсынымдар, семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, іскерлік ойындар, ашық сабақтар және режимдік сәттер, практикалық сабақтар және т. б.

Жас маман

  • – білім алады, дағдылары мен машықтарын жетілдіреді, кәсіби деңгейі мен қабілетін арттырады;
  • – өзінің кәсіби мансабын жетілдіреді;
  • – тәлімгермен, ал ол арқылы бейімделу ортасымен құрылымдық қатынас орнатуды үйренеді;
  • – жұмыс істейтін МДҰ қызметі туралы ақпарат алады.

МДҰ үшін тәлімгерліктің қандай мәні бар? Ең алдымен, жас мамандармен тәжірибе бөлісу, жылдық міндеттерді орындау нәтижелілігі, педагог қызметкерлердің ынтасын арттыру, жас мамандарды оқытуға оң көзқарасты қалыптастыру, жаңа қызметкердің бейімделуіне қажетті уақыттың қысқаруы және т. б.

Басшы үшін тәлімгерлердің еңбегін бағалау ғана емес, сонымен бірге оның құндылығын түсіну маңызды. Ең жақсы ынталандырушы фактор – тәлімгерлік ауыр қызмет ретінде емес, керісінше беделді міндет ретінде қабылданатын корпоративтік мәдениет қалыптастыру.

+

Кәсіби бейімделу және қалыптасу үдерісін сауатты басқару жас мамандардың өсуіне ғана емес, сонымен бірге МДҰ-ның дамуына ықпал етеді.

Дереккөз«Білім беру ұйымының әдіскері» журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль