text
MCFR.KZ Образование

Елордамыз Астананың мерейтойы – айтулы оқиға

  • 3 февраля 2018
  • 96
Елордамыз Астананың мерейтойы – айтулы оқиға
Елордамыз Астананың мерейтойы – айтулы оқиға

ҚР Президентінің 27.09.2017 ж. № 188 өкімінде (бұдан әрі – Өкім) былай делінген: «Астана – XXI ғасырдағы 10 жыл ішінде бой көтерген жалғыз елорда, ал Қазақстан –екі ғасыр тоғысында жаңа астана салған жалғыз ел. Жаңа елорданың дамуы бүкіл Қазақстанды түбегейлі өзгертті, оны экономикалық қуатты және саяси тұрақты мемлекетке, жауапты да беделді халықаралық серіктеске айналдырды».

Еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеп отырған біздің балабақша Өкімді ерекше қызығушылықпен қабылдады.

«Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасын іске асыру бойынша бұқаралық іс-шаралар жоспары» бейімделген жобасын («Ел жүрегі – Астана» ҚР елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасына сәйкес) қолдануға ұсынамыз, ол біздің балабақшамыз – «Страна Детства» ЖШС-де белгіленген мерзімде іске асырылады.

Іс-шараның мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың Отан туралы, елордамыз – Астана қаласы туралы білімін жетілдіру және тәуелсіздіктің, ұлттың рухани жаңғыруының басты нышаны ретінде Астананың ерекше орнын алға жылжыту.

Міндеттері:

  • · қазақстандықтардың қоғамдық санасындағы ҚР тұң- ғыш президенті – Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстанның және оның астанасының қалыптасуы мен дамуындағы ауқымды тарихи рөлін бекіту; қазақстандық мемлекетшілдік, қоғам консолидациясы құндылықтарын, бейбітшілік пен гүлдену, елбасымыздың «Рухани жанғыру» бағдарламасында баяндалған қоғамдық сананы жаңғырту идеяларын нығайту;
  • · мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштік тәрбиелеуді қамтамасыз етуде педагогтардың кәсіби біліктілік деңгейін арттыру;
  • · заманауи қала, республикамыздың тарихи-мәдени, ғылыми-білім беру және іскер орталығы ретінде Астананың жағымды беделін алға жылжыту, елорданы мақтан тұту сезімін нығайту;
  • · Астана мен Қазақстанның мәдениет пен спорт саласындағы үздік жетістіктерін көрсету арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын кеңейту және танымдық белсенділігін дамыту.

Елордамыз Астананың мерейтойы – айтулы оқиғаЖоспардың жобасы бір айға 2–3 іс-шара ұсына отырып құрастырылған, олар тақырыптық тұрғыдан идеялары өзара байланысты, Тұжырымдамадан алынған және 2017 ж. желтоқсаннан 2018 ж. маусымға дейін бөлінген. Осылайша, іс-шараларға дайындық және оларды өткізу балабақшаның мүмкіндіктері мен педагогтардың, балалардың, ата-аналардың даярлығына қарай іске асырылады. Балабақшада жоспарлы іс-шаралармен қатар тақырыптық сабақтар, қуыршақ театрлары, ұжымдық жұмыстар мен бір айдағы тақырыппен келісілген өзге қызмет түрлері арқылы өткізіледі.

Іс-шараның жоспарын жүктеу.

Дереккөз«Білім беру ұйымының әдіскері» журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль