text
MCFR.KZ Образование

Жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарға арналған жылдық салық есептемесінің түрлері

  • 1 февраля 2018
  • 59
Жылдық салық есептемесінің түрлері
Жылдық салық есептемесінің түрлері

Салық есептемесін жасау – әр шаруашылық жүргізуші субъектінің міндеті.

Міне, тағы бір жыл өтті. Бухгалтердің шаруасы тағы да шаш-етектен: жылдық есеп беру…

+

"Жылдық есептеме жасау тәртібі" мақалада автор жылдық салықтық және қаржылық есептеме жасау тәртібін еске салады, сондай-ақ жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша жаңа енгізілімдер туралы хабардар етеді.

Жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар мынадай салық есептерін жасайды:

  • · Жалпыға бірдей белгіленген салық режимін қолданатын ұйымдар (заңды тұлғалар):
  • – салық есептемесінің 200.00 нысаны бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жөніндегі декларацияны. Тоқсан сайын ұсынылады;
  • – салық есептемесінің 100.00 нысаны бойынша корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларация. Есеп беру жылынан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей есеп беру жылы ішінде ұсынылады.
  • · Жалпыға бірдей белгіленген салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер:
  • – салық есептемесінің 200.00 нысаны бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жөніндегі декларацияны. Тоқсан сайын ұсынылады;
  • – салық есептемесінің 220.00 нысаны бойынша корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларация. Есеп беру жылынан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей есеп беру жылы ішінде ұсынылады.
  • · Жеңілдетілген декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын ұйымдар:
  • – салық есептемесінің 910.00 нысаны бойынша жеңілдетілген декларация. Есеп беру жылының жарты жылдығы ішінде ұсынылады.
  • · Жеңілдетілген декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер:
  • – салық есептемесінің 910.00 нысаны бойынша жеңілдетілген декларация. Есеп беру жылының жарты жылдығы ішінде ұсынылады.

Егер мектепке дейінгі ұйым оның шаруашылық қызметі үшін пайдаланылатын автокөлікті жалға алса немесе өз балансында автокөлік құралы болса, сондай-ақ егер ұйым дербес жылытылса, жоғарыда аталған есептерден басқа, ол салық есептемесінің 870.00 «Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша декларация» нысаны бойынша тұтынылған отынның көлемі үшін есеп беруге міндетті.

Жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарға арналған жылдық салық есептемесінің түрлеріМектепке дейінгі ұйымның меншігінде ғимараттар мен құрылыстар, жер телімдері мен автокөлік құралдары болса, ұйым салық есептемесінің 700.00 «Көлік құралдары салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша декларация» нысаны бойынша жер салығын, мүлік салығын, автокөлік құралдары салығын есептеу жөніндегі салық есептемесін жасауға міндетті.

Осы тақырып бойынша "Салық тіркелімдерін жасау тәртібі және оларды толтыру ережелері" мақаласын оқыңыздар. Салық тіркелімін жасау негіздемесі Салық есептілігін жасау қағидалары болып табылады.

Дереккөз: «Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы» журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль