text
MCFR.KZ Образование

Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарындағы интерактивті әдістер

  • 26 января 2018
  • 19
Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарындағы интерактивті әдістер
Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарындағы интерактивті әдістер

Заманауи жалпы білім беретін мектептің қызметі кәсіби қырағылықты, педагогикалық интуицияны, жасампаздықты меңгерген, яғни шығармашылыққа қабілетті кәсіби мұғалімсіз мүмкін емес.

Мектепте істейтін әр мұғалімнің өз қағидаттары бар. Басты қағидат – мықты тұлға және өз оқушыларына үлгі болу.

Оқытудың интерактивті әдісі деген не

Көбінесе жас педагогтарда оқушыларды орыс тілі мен әдебиеті сабағында өз бетінше ізденуге қалай қызықтыру керек, олардың теледидардан, планшеттен көңілін аударып, кітап оқуға қалай отырғызу керек, жоғары сынып оқушыларын 11-ші сыныптың соңында емтиханды табысты тапсыруға қалай дайындау керек, т. б. сұрақтар туындайды. Проблемалар бірнеше әдістермен: интерактивті, ОТҚ және көрнекілікті пайдалану, тірек сызбаларын жасау, блоктар және «5 сұрақ» әдісімен шешіледі.

Интерактивті оқыту оқушының оқу пәнін үйренуіне деген орнықты оң ынтасын қалыптастыруға ықпал етеді, танымдық белсенділігін, оқулыққа енгізілген қандай да бір материалды ғана емес, оның шегінен тыс материалды да оқуға деген құлшынысын арттырады.

Интерактивті оқыту – мұғалім мен оқушы арасындағы диалогқа құрылған өзара әрекеттің күрделі процесі. Диалогқа қатысу тыңдау ғана емес, ести білу қабілетін, айту ғана емес, түсінікті болу қабілетін де талап етеді.

Оқытудың интерактивті әдістері өте тиімді, өйткені олар жоғары деңгейдегі ынталандыруға, барынша жеке-дара оқытуға ықпал етеді, шығармашылыққа, оқушылардың өзін-өзі танытуына арналған кең мүмкіндіктерді көздейді. Балалар материалды терең меңгереді, өйткені білімге өз бетінше қол жеткізеді. Интерактивті әдістер оқушыларға өз күштерін, өз қабілеттерін сезінуге мүмкіндік береді. Оқушылардың өзін-өзі бағалауы, өзіне деген сенімділігі артады.

Тәжірибе жүзінде интерактивті оқытудың отыздан астам әдістері сәтті түрде қолданылады: дискуссия, дебат, сұрақтар мен жауаптардың әдістері, жобалар, «айшықты ара», дилемма, саралау, «Позицияңды ұста» және тағы басқа. Олардың бәрі жақсы нәтижелерді қамтамасыз етеді, мектептегі әдеби және тілдік білім берудің басты мақсатына жетуге – талантты оқырман мен сауатты адамды тәрбиелеуге, ақыр аяғында – белсенді өмірлік позицияны қалыптастыруға көмектеседі. Олар логикалық ойлауды дамытуға, сөйлеу дағдыларын жандандыра отырып, өз көзқарасын дәйектеу мен қорғауға мүмкіндік береді.

Интерактивті оқытуды ұйымдастыру кезінде танымдық оқу процесіне іс жүзінде барлық оқушылар тартылады. Олар білім алып қана қоймайды, өздерінің коммуникативтік дағдылары мен машықтарын дамытады: басқаның пікірін тыңдауға, түрлі көзқарастарды өлшеп, бағалауға, дискуссияға қатысуға, бірлескен шешімдер шығаруға бейім болады.

Тәрбиелік мүмкіндіктер де айтарлықтай: оқушылар арасында эмоционалды байланыс орнату, командада жұмыс істеу – мұның бәрі оқушылардың жүйкесіне түсетін жүктен арылтады.

Интерактивті әдістемелерді пайдалану оқушылардың дамуына ықпал етеді, өйткені интерактив негізінде белгілі бір түрде ұйымдастырылған сабақтың барлық сатыларындағы өзара әрекет жатады. Оқытудың табыстылығы сабақтың мазмұны мен мақсатына сәйкес келетін тиімді нысанын таңдауға байланысты.

Интерактивті нысандар мен тәсілдерді сабақтың барлық кезеңдерінде қолдануға болады, олардың көбі әмбебап, көптеген пәндер бойынша материалды оқып-үйренуге жақсы сай келеді.

Интерактивті технологиялар оқытуға қолайлы жағдай жасайды, әр оқушы өз үлгерімі мен зияткерлік мүмкіндігі үшін жауаптылықты сезінеді, бұл оқыту процесін өнімді етеді. Іс жүзінде барлық оқушылар таным процесіне тартылады.

«Күту»

Үлгі ретінде интерактивті оқытудың «Күту» тәсілін пайдалануға болады. Сабақтың басында оқушылармен бірге сабақтың дидактикалық мақсатын айқындағанда қолданылады. Тақтада «Күту» деген жазба тұрады. Тақырыпты айтқаннан кейін балалардан мәлімделген тақырыптан не күтетінін сұрауға болады. Осы кезеңдегі мұғалім–оқушылар режиміндегі бірлескен жұмысты педагог сабақтың мақсаты тұжырымдалатындай бақылайды. Оқушылар нені білгісі келетіні, қандай түрде және не үшін деген мәселелерге қатысты өз ұсыныстарын білдіреді. Мұғалім тақтаға балалардың сабақтан не күтетінін жазады, содан соң сабақтың нақты дидактикалық мақсаттарын хабарлайды, мақсатты белгілеуде олардың пікірі мен қалауы да ескерілетінін айтады.

«Күтуді» талдай келе, педагог:

  • сабақ тақырыбы бойынша балаларды қандай сұрақтар қызықтыратынын білуге;
  • тақырып бойынша баланың бастапқы ұғымын анықтауға;
  • оқытуда қандай қиындықтарды күтуге болатынын білу үшін, балалардың қабілеті туралы ақпарат алуға;
  • балаларға өз уәждемесін түсінуге көмек беруге;
  • олардың өзін қалауы ескерілетін тұлға ретінде сезінуіне;
  • жеткен нәтижелерді «Күтумен» салыстыруға;
  • нәтиже үшін балалармен жауаптылықты бөлісуге мүмкіндік алады.

«Призма»

Қандай да бір тақырыпты еркін ойлануға ынталандыратын оқыту әдісі. Ойлау процесін көрнекі және бейнелі етеді. Әдіс сабақтың бастапқы сатысында оқушылардағы білім мен ұғымның жаңа материалмен байланысын қамтамасыз ету үшін қолданылады. Бұл әдісті қолдану сабақты сәтті бастауды қамтамасыз етеді. Оны жеке жұмыста немесе топта пайдалануға болады. Әдіс көп уақытты алмайды, тез және жанды түрде өтеді, назарды шоғырландырады. Негізгі мақсаты – оқушылар сұрақ мәніне енгенде, жаңа білім мен бұрын үйренген білім арасында байланыс орнатқанда ассоциациялық байланыстарды анықтау.

Орындауға қажетті қадамдар:

  • Оқылатын бастапқы сөз – негізгі ұғым беріледі.
  • Сызбаның келесі екі торында ойға бірінші келген сөздер, яғни бастапқы сөзді жазу кезінде туындаған ассоциация талқыланбастан жазылады.
  • Процесс соңына дейін жалғасады.
  • «Призма» тұйықтаушы сөзбен аяқталады.
  • Қорытынды қадам – бастапқы және тұйықтаушы сөздер арасындағы логикалық байланысты тауып, сөйлем құрау.

Ең өнімдісі – үш сатылы «Призма». Үшінші сатыдан кейін «Призма» жабыла бастайды. Бұл жағдайда торлар алдыңғы екі сөздің ассоциациялық байланысы ескеріле отырып толтырылады. Осылайша, егер «Призма» құру кезеңінде санадан тыс сала жанданса, соңғы кезеңде, бастапқы және тұйықтаушы сөздер бір ой мен сөйлемге байланыстырылса, саналы сала дамиды.

«Сурет галереясын қарау (аралау)»

Әдістің мақсаты – пікір алмасу, идеяларды өңдеу, өткенге оралу, тыңдау қабілетін дамыту, өз бетінше жұмыс істеу, шығармашылық және сыни тұрғыда ойлау, тыныш айту, жұмыс нәтижесін ұсыну.

Мұғалім оқу материалын немесе тапсырманы 4-6 бөлікке бөледі және әр топқа оқып-үйренуге біреуін ұсынады. Төрт адамнан тұратын топ ұсынылған бөлікпен жұмыс істейді (мүмкіндігінше түрлі тәсілдер ұсынылғаны жөн) және картинка, коллаж, кесте, диаграмма, т. б. құрастырады. Дайын жұмыстар сурет галереясындағы сияқты қабырғаларға ілінеді. Топ ішінен жаңа 4 топ құрылады. Бұл жаңа топтар әр «экспонаттың» маңына тоқтай отырып, сурет галереясын аралайды, ал экспонат жасауға қатысқан әр топтың мүшесі толық түсініктеме береді, сұрақтарға жауап береді және топтың басқа мүшелерінің ұсынысы бойынша толықтырулар немесе өзгерістер ұсынады.

Қарап шыққаннан кейін топтар бастапқы құрамда қайтадан құрылады және ескертулерді ескере отырып, өз «өнімін» талқылайды. Жұмысты аяқтай отырып, басқа топтағы оқушылардың жұмысымен салыстырады және кері байланысты жүзеге асырады.

Жоғары сыныптарда сол мектептің түрлі сыныптарының, тіпті басқа мектептің оқушылары болуы мүмкін. Бұл жағдайда бірінші сабақта уақыттың бір бөлігін төмендегі әдістер арқылы танысуға жұмсауға болады.

Мақала қысқартылып жарияланған, толық жарияланымды № 1-2018 «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналынан оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль