text
MCFR.KZ Образование

«Сиқырлы қоңырау» ертеңгілігі

  • 24 января 2018
  • 27
«Сиқырлы қоңырау» ертеңгілігі
«Сиқырлы қоңырау» ертеңгілігі

Балабақшаның кіші тобында 8 наурыз ертеңгілігін өткізу сценарийі.

Мақсаты:

  • мерекелік көңіл күй қалыптастыру, аналарға өз қабілеттері мен білімдерін көрсету ниеті, қыздарды сыйлау; жүйелі сөйлеу мен сөздік қорын дамыту, ән айтуды, билеуді үйренуді жалғастыру балалардың жақындарына қуаныш сыйлау тілегін оятады;
  • әртістік және музыкалық қабілеттерді дамыту;
  • анасына, әпкесіне, әжесіне және топтағы қыздарға деген сыйластықты тәрбиелеу.

 Музыканың сүйемелдеуімен балалар залға кіреді.

Жүргізуші. Қымбатты қонақтар, аналар мен әжелер! Сендерді көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!

Балалар өлең оқиды.

Кетті қысқы ызғар,

Еріп жатыр мұздар.

Мерекеңіз бүгін,

Қызғалдақтай қыздар!

 

Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті, жан аналар!

 Балалар. Сәлем!

 

Ана десем шешек ашып жанары,

Өмірімнің бастау алар ажары.

Ана деген тіршілікке пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

 

Анасыздар, әр үйге панасыздар,

Бала десе от болып жанасыздар.

Сәтті басса ұрпағың, мерей тасып,

Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

Анасыздар  – Ақ Еділ, Жайықсыздар

Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.

Маздататын, жүректе от лаулататып,

Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар.



«Мы запели песенку» әні

(музыкасы Р. Рустамовтікі, сөзі Л. Миронованікі)

Жүргізуші. Бүгінгі мерекеге аналарымыз ғана емес, әжелеріміз дем келді! Оларды да құттықтағымыз келіп тұр!

Балалар әже туралы өлең оқиды.

Саусағы сары ала жүзікті,

Әрдайым жайдары,

Жаз өңді,

Көп ертек білетін қызықты

Көрсеңдер аяулы әжемді!

 

Әлдекім әжемнің шашына

Әдейі бор жағып қойғандай.

Кимешек тартқандай басына 

Болады ақша бұлт қонғандай.

 

 «Әжемнің камзолы» әні

(музыкасы А. Танидікі, сөзі А. Естеновтікі, нотасын № 5– 2017  ж. «Музыкалық жетекшінің анықтамалығы» журналының «До-ми-солька» айдарынан көре аласыздар)

Балалар орындарына отырады.

Жүргізуші. Міне, жарқын мерекелердің бірі келді (есік тақылдайды, қараторғай ұшып кіреді).

Қараторғай. Сәлеметсіңдер ме!

Мен – Қараторғаймын,

Әсем әуен шырқаймын!

Көктемді қарсы алайық,

Жіберіпті ол хабарын.

Жүргізуші. Сәлем, Қараторғай. Көктемді көрдім дейсің бе? Ол бізге сәлемдеме жіберді ме?

Қараторғай. Міне, хат берді. Алып, оқып шығыңдар (хатты береді).

Жалғасын  № 1-2018 "Музыкалық жетекшінің анықтамалығы" журналынан оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль