text
MCFR.KZ Образование

Мектеп ақша «жинаушы» рөлінен қалай арылады

  • 22 января 2018
  • 40
Мектеп ақша «жинаушы» рөлінен қалай арылады
Мектеп ақша «жинаушы» рөлінен қалай арылады

Мектеп әкімшілігі мен ата-аналар арасында адалдыққа, ашықтық пен сенімге негізделген жақсы қарым-қатынастың орнай бермейтіні ешкімге құпия емес, бірақ барынша тырысу керек. Әсіресе бұл мектепті қаржыландыру мәселелерін шешу үшін қажет. Мұғалімдер мен ата-аналардың бірлескен жұмысы мектепке жанжалдардың алдын алуға және мектепті қажетті заттармен қамтамасыз ету бойынша өнімді жұмыс жүргізуге көмектеседі.

Мектеп әкімшілігінің барынша ашықтығы – ата-аналармен тіл табысу шарттарының бірі.

«Білім туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 61-б. 2-т. сәйкес білім беруді қаржыландыру жүйесі: тиімділік пен нәтижелілік; басымдық; айқындылық; жауаптылық; бюджеттердің барлық деңгейлерінің ара жігін ажырату мен дербестік принциптеріне негізделеді.

 Қаражаттың мақсаттан тыс жұмсалғаны туралы күмән тудырмау үшін мектеп әкімшілігі ата-аналарды үнемі шығыстары жөнінде ақпараттандырып отыруы қажет. Ағымдағы оқу жылына белгіленген бюджет (баптар бойынша) пен шығыстар сметасы жазылған сәйкес ақпараттық стендтер орнату қажет. Ыңғайлы болуы үшін ақпаратты мектеп сайтына жариялауға болады. Ашықтық мектеп жұмысының ұранына айналуы тиіс.


Маңызды!

Тек ашық әрекет отырып, мектеп пен мұғалімдерді жазғырудан, жанжалдан және ата-аналармен арадағы түсініспеушіліктен сақтап, тексерулер жүргізгенде ұстаздардың мүдделерін қорғауға және сыбайлас жемқорлық ортасын құруға қарсы тұруға болатынын естен шығармаңыздар. Нәтижесінде бұл жалпы білім беру жүйесіне оң әсер етеді.


Әрине, мұны жүзеге асыру оңай емес, бірақ, бұл жерде, ең алдымен, БҰ басшылығының нақты әрі берік ұстанымы қажет. Себебі оқушылар мен олардың ата-аналарынан заңсыз ақша жинауды ұйымдастыру жемқорлықпен барабар, сондықтан тексеріс барысындағы ақпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл) тапсырылады.

 Алғашқы қадам. Ата-аналар комитетімен жұмыс

Заңның 49-б. 1-т. 2) тарм. ережелермен кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің ата-аналар комитеттері арқылы БҰ басқару органдарының жұмысына қатысуға құқығы бар. Мектеп әкімшілігі мектепті қаржыландыруға қатысты қажетті ақпараттың бәрін ұсына отырып, ата-аналар комитетімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеуі қажет, сондай-ақ ата-аналар комитетінің заңсыз заңсыз әрекетінің және бұған мектеп әкімшілігін тартудың алдын алу үшін ҚР қолданыстағы заңнамасының ережелерін толық түсіндіру қажет.


Назар аударыңыз!

Бүгінде ата-аналар комитеті жеке тұлғалар арасындағы келісім бойынша білім алушыларға қажетті тауарларды ерікті түрде сатып ала алады, бұған балалар мен мұғалімдерді тартпайды. Бұл ретте белгілі шарттарды орындау қажет: ата-аналармен келісім бойынша сатып алған тауарлардың фискалдық чегі пен кіріс ордерін өткізуі қажет. Ата-аналардан ақша ерікті негізде жиналады.


Маңызды!

Ата-аналар комитеті заңды тұлғаны тіркеусіз, не арнайы қор құрмай, қаржылық-шаруашылық қызметті жүргізуге; ақша жинау мақсатында балалар мен ата-аналарға қысым көрсетуге құқылы емес.


Қазіргі кезде білім басқармасы ата-аналар комитетін қатаң бақылауда, себебі ақша жинау міндетін мұғалімдер ата-аналарға жүктеп қояды.

 Екінші қадам. Мектепте Қамқоршылық кеңесін құру

Заңның 44-б. 9-т. сәйкес Қамқоршылық кеңесі – мектепті алқалы басқару нысандарының бірі.  Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары ҚР Білім және ғылым министрінің 27.07.2017 ж. № 355 бұйрығымен бекітілген.

Қамқоршылық кеңес БҰ әкімшілігімен, ата-аналар комитетімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара әрекет жасайды. БҰ-на қайырымдылық көмек ретінде түскен қаржыны бөлу және оларды мақсатты түрде жұмсау туралы шешім қабылдау – қамқоршылық кеңес қызметтерінің бірі. Аталған үлгілік қағидаларда қайырымдылық көмектен түскен қаражат жұмсалатын мақсаттар белгіленген. 

Жалғасын  1-2018 «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»  журналынан оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль