text
MCFR.KZ Образование

Тегін кәсіптік техникалық білім

  • 18 января 2018
  • 64
Тегін кәсіптік техникалық білім
Тегін кәсіптік техникалық білім

2017 жылдан бастап «Баршаға арналған тегін кәсіптік техникалық білім» жаңа жобасы іске қосылды. Енді мемлекет әрбір қалаған адамды техникалық және кәсіптік білім бойынша бастапқы мамандықпен қамтамасыз етуге міндетті.

«Баршаға арналған тегін кәсіптік техникалық білім» жобасының мақсаты – жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету, жұмыс кадрларын көбейту және қалаған адамдардың бәрін тегін техникалық және кәсіптік біліммен (бұдан әрі – ТжКБ) қамту.

Жобаның міндеттері:

  • барлық қалаған 9-шы сынып түлектерін тегін алғашқы жұмысшы біліктілігімен 100 %-дық қамту;
  • мектептің 10–11-ші сынып оқушыларын қолданбалы біліктіліктермен қамтамасыз ету;
  • жұмысшы біліктіліктері бойынша колледжде оқитын студент санын арттыру (2020 жылға қарай 40 % дейін);
  • жұмыссыз, өзін өзі жұмыспен қамтушы және біліктіліксіз жұмысқа тұрған жастарды жұмысшы біліктілігімен қамтамасыз ету;
  • кадрларды үздіксіз, икемді кәсіптік даярлауды қамтамасыз ету.

«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» Елбасының 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына Жолдауын (Қазақстан Республикасы президентінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 143 Жарлығымен бекітілген) Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша  «2017 жылдан бастап «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» жаңа жобасын енгізу» 39-т. орындау мақсатында және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының 2016 жылғы 16 мамырдағы № 3406-1 тапсырмасының негізінде «2017 жылдан бастап «Баршаға арналған тегін кәсіптік- техникалық білім» жаңа жобасын енгізу» жаңа жобасын енгізу бойынша Жол картасы бекітілді. Осы Жол картасы жобаны кезеңдік іске асыру алгоритмін қарастырады, оған мыналар кіреді:

  • нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
  • ТжКБ-мен бірге кадрлар даярлауды қамтамасыз ету;
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасының аясында ТжКБ-мен бірге кадрлар даярлау;
  • еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрларды қысқамерзімдік кәсіптік оқыту;
  • инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
  • ТжКБ беделін арттыру;
  • Ақпараттық жұмыс.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Жобаны іске асырудың әр кезеңі орындау мерзімдері нақты көрсетілген бірқатар іс-шаралардан тұрады. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасының аясында ТжКБ-мен бірге кадрлар даярлау кезеңін Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің (бұдан әрі – колледж) мысалында толық қарастыруды ұсынамыз.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) ҚР Үкіметінің 29.12.2016 ж. № 919 қаулысымен бекітілген.

Бағдарламаның мақсаты – халықты өнімді жұмыспен қамтуға ықпал ету және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.

Колледж өзінің білім беру қызметінің аясында Бағдарламаның 5.1.1-т. және Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру қағидаларына (ҚР БҒМ 30.01.2017 ж. № 35 бұйрығымен бекітілген) сәйкес еңбек нарығының сұраныстарын ескере отырып, ТжКБ-мен бірге кадрлар даярлаумен айналысады. 

Жалғасын  1-2018 «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»  журналынан оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты