text
MCFR.KZ Образование

Бірінші сыныптықтардың бейімделуі

  • 16 января 2018
  • 66
Бірінші сыныптықтардың бейімделуі: мұны әр педагогтың білгені жөн
Бірінші сыныптықтардың бейімделуі: мұны әр педагогтың білгені жөн

Әдетте адамның өмірдің жаңа жағдайларына бейімделуі оның ішкі сезімі мен физикалық күшінің нығаюымен байланысты. Адам кіші болған сайын, жаңа жағдайларға бейімделу процесі ауыр өтеді.

Мектепке бейімделу – бұл әр бірінші сынып оқушысы өз бетінше басынан өткізіп, ұғынатын мектеп жағдайларына дағдылану. Бүлдіршіндердің көпшілігі мектепке балабақшадан келеді. Онда ойын, серуен, тыныш режим, күндізгі ұйқы және әрдайым қасында тәрбиеші бар еді. Ал мектепте – күш түсіретіндей режим, қатаң талаптар жүйесі бар. Оған дағдылану үшін уақыт пен күш керек.

Дағдылану кезеңдері

  • Алғашқы 2–3 оқу аптасында барлық жаңа әсерлерге бала ағзасы айтарлықтай күш сала жауап береді. Балалар өз ағзасындағы қордың үлкен бөлігін жоғалтады. Сондықтан қыркүйекте көптеген балалар ауырып қалады.
  • Әрі қарай – орнықсыз бейімделу. Бала ағзасы жаңа жағдайларға жауап берудің оңтайлыға жақын, қолайлы нұсқаларын табады.
  • Содан соң біршама орнықты бейімделу кезеңі басталады. Ағза өзіне түскен жүктемеге аса қиналмайды.

Әлеуметтік-психологиялық бейімделу

Оқушылар бейімделу деңгейі мен дәрежесіне қарай үш топқа бөлінеді.

Бірінші топ. Балалар мектепке алғашқы екі айда бейімделеді. Олар жаңа ұжымға тез сіңеді, достар табады, тыныш, мейірімді, жайдары, құрдастарымен жақсы араласады, мектептегі міндеттерін құлшыныспен және еш шиеленіссіз орындайды.

Әлеуметтік-психологиялық бейімделудің түрлері

Екінші топ. Бұл топтағы оқушыларда неғұрлым ұзақ бейімделу байқалады. Балалар оқу жағдайына, мұғаліммен, сыныптастарымен қарым-қатынасқа төселе алмайды. Оларға сабақта ойнаған, достарымен араласқан ұнайды, алайда олар мұғалімнің ескертуіне құлақ аспайды немесе реніш пен көз жасы дайын тұрады. Оқу бағдарламасын игеруде де қиындықтарға ұшырасады. Бірінші жартыжылдықтың соңына қарай ғана мектеп пен мұғалімнің талаптарына құлақ аса бастайды.

Үшінші топ. Бұл топтағы балалардың әлеуметтік-психологиялық бейімделуі айтарлықтай қиындықтармен байланысты: жағымсыз мінез-құлық түрлері байқалады, теріс эмоция көрініс береді. Балалар оқу бағдарламасын меңгермейді, жазу, оқу, санауға оқытуда қиындықтарды сезінеді, т. б. Оларға мұғалімдер, сыныптастары, ата-аналар шағым жасайды: мұндай оқушылар сабақта педагогтың жұмыс істеуіне кедергі жасайды, әрекеттерін болжап білмейсің.

Мазасыз бейімделу кезеңіндегі сынып жетекшісінің әрекеттері
 

Мазасыздықтан арылту, сыныпта жайдары ахуал қалыптастыру.
Балаларды бір-бірімен, мектеппен, күн тәртібімен таныстыру.
Бірінші сыныптықтарды мектеп ережелерімен таныстыру және оларды балалардың қабылдауы үшін жағдай туғызу.

Бірінші сыныптықтардың бейімделу кезеңінде ата-аналар мен мұғалімдер бетпе-бет келетін негізгі проблемалар

Баланың үлгермеуі

Баланың мектепке бейімделуіндегі қиындықтар көбінесе ата-аналардың мектеп өмірі мен баланың үлгеріміне деген қарым-қатынасына байланысты.

Үлкендер көбінесе мектептен, шамадан тыс оқу жүктемесінен, жиі ауырып қалудан және аса күш түсіруден қорқады. Сондай-ақ олар өз баласынан жоғары жетістіктер күтеді. Негізінен оқу басталғандағы баланың алғашқы қиындықтарына ата-аналар жағымсыз түрде қарайды. Мұндай реакцияның әсерімен балада өзіне деген сенімсіздік азаяды, мазасыздық артады, бұл әрекеттің төмендеуі мен берекесінің кетуіне әкеп соғады. Ол жаңа материалды нашар меңгере бастайды, төмен бағалар алады, мұның бәрі әке-шешесінің көңілі толмаушылығын туғызады.

Іс-әрекеттен кету

Сынып жетекшісі баланың сабақта отырғанмен, мүлде жоқ сияқты екенін, сұрақты естімейтінін, тапсырманы орындамайтынын жиі байқайды. Бұл ретте оқушы бөгде заттарға көңіл аудармайды. Ол өз-өзімен, өзінің ішкі әлемімен әуре. Мұндай жағдай көбінесе ата-аналар мен ересектер тарапынан жеткілікті назар салынбаған, сүйіспеншілік пен қамқорлыққа зәру, қолайсыз отбасынан шыққан балаларда кездеседі.

Педагогтың көмегі:

  • балаға көңіл бөлу: көбірек қадағалау, аз тәрбиелеу;
  • оған қиялдан арылуға мүмкіндік беру (шығармашылық қызмет: сурет салу, құрастыру, жабыстыру);
  • балаға назар аудару, эмоционалдық қолдау көрсету.

Теріс әрекет көрсету

Мұндай балалар үнемі үлкендердің баса назар аударуын талап етеді. Сәйкесінше тәртібі нашар, жалпы тәртіп нормаларын жиі бұзады, қалған оқушыларға кедергі келтіреді.

Вербализм

Ата-аналар көбінесе мұның негізгі себептерінің қыр-сырын білместен көбінесе мұғалімді кінәлай бастайды, балаға ашуланады. Бұл балада сенімсіздік пен мазасыздық туғызады, берекесі кетеді, өзінің сәтсіздігі, олқылығы үшін мектеп пен ата-аналар алдында қорқып тұратын болады.

Бұл – сөйлеуі жоғары деңгейде дамыған және ойлауы артта қалған балалар. Ата-аналар көбінесе балаларының сөйлеуді жақсы меңгеруіне барынша күш салады (өлеңдер, ертегілер жаттатады, т. б.). Алайда бұл ретте абстрактілі, логикалық, практикалық ойлау дамуы (рөлдік ойындар, сурет салу, құрастыру) артта қалып жатады. Ойлауы тоқтап қалады.

Вербализм үлкендер тарапынан баланың қабілетін жоғары бағалаумен түйіндеседі. Алайда оқу басталғанда оқушының қарапайым есептерді шешуге қабілетсіз екені байқалады, бейнелі ойлауды талап ететін әрекет қиындық туғызады.

Бейнелі ойлауын дамытуға көбірек көңіл бөлу қажет: сурет салу, құрастыру, жабыстыру, аппликация, мозаика. Негізгі әдіс – сөйлеу ағынын бәсеңдетіп, өнімді әрекетке ынталандыру.

Дереккөз:  № 1-2018 «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль