text
MCFR.KZ Образование

Балабақшадағы мерекелер

  • 12 января 2018
  • 95
Балабақшадағы мерекелер
Балабақшадағы мерекелер

Балабақшадағы мереке – тәрбие үдерісінің маңызды құрамдас бөлігі. Олар мектеп жасына дейінгі бала тұлғасын қалыптастыруға белсенді ықпал етіп, өз дағдыларын, машықтарын, шығармашылық бастамасын танытуға мүмкіндік береді, педагогикалық жұмысты қорытындылайды.

Ертеңгілік балабақшада өткізілетін жалпы тәрбие жұмысының бір бөлігі. Ертеңгілікте адамгершілікті, ақыл-ой, физикалық және эстетикалық тәрбие міндеттері жүзеге асырылады. Сондықтан мерекеге дайындықты, оны өткізуді және балалардың алған әсерлерін бекітуді біртұтас педагогикалық үдерістің буыны ретінде қарастыруға болады.

Ертеңгіліктің бағдарламасы өткізуден бір жарым ай бұрын әзірленеді. Оған балаларға жақсы таныс және мерекеге дейінгі уақыт аралығында меңгеріп кететін билер, музыкалық ойындар, әндер қосылады. Сондықтан мерекелік бағдарламаға арналған музыка материалын іріктеуде балалардың мүмкіндіктерін ескеру керек.

Бағдарлама үшін іріктелген репертуар ақырындап музыка сабағының жоспарына енгізіледі. Аса қиындау ән-билер бір-бір жарым айдың ішінде меңгеріледі.

Мерекеге дайында әр сабақта, әртүрлі көркемдік қызметте жүреді. Балалармен алдағы мереке туралы сұхбаттасады, сәйкес әңгімелер оқиды, өлең жаттайды. Музыка сабағында алдағы мерекелік ертеңгілікке байланысты жалпы тәрбие жұмысының бір бөлігі ғана жүргізіледі.

Жақсы құрастырылған бағдарламада (ойластырылған сценарийде) балалардың іс-қимыл және тынығу сәттері жақсы үйлестіріледі. Кішкентай мектеп жасына дейінгі балалар, ең алдымен, қолдарындағы заттарға қуанады: жалаушалар, ленталар, гүлдер. Залдың мерекеге орай безендірілгенін олар бірден байқамайды, ол үшін олардың назарын аударып, жан-жағын шолуға уақыт беру керек. Жарқын әсерлердің алуан түрлілігі кейде балалардың тежелушілігін тудыруы мүмкін, себебі балалардың дағдылары әлі тұрақсыз. Тәрбиеші қимылдар тәртібін, таныс бидегі орнын есте сақтауға көмектесуі тиіс.  Әнді олар тәрбиешімен бірге орындайды, басында тек қосылады. Билер мен ойында тәрбиешінің және мереке кейіпкерінің көрсетуі бойынша орындалады.

Ертеңгіліктерде әдетте ересек топ балалары тәрбиешінің көмегінсіз, өз бетімен әрекет етеді. Олар ұжымға еркін бағдарланады, жолдастарының іс-қимылдарының дұрыс орындалуын бақылайды. Қажет болғанда тәрбиеші балалардың өнер көрсететін еске түсіреді, бағыттайды, қолдайды.

Мерекелік ертеңгіліктегі тәрбиешінің қызметі алуан түрлі. Ең жауаптысы жүргізушілік рөлі. Оның эмоционалдылығы, шапшаңдығы, балалармен тіл табысу машығы, өлең мәтіндерін мәнерлеп оқу машығы жалпы мерекелік көңіл күйі мен өту қарқынын айқындайды. Жүргізуші мерекенің бағдарламасын жақсы біліп қана қоймайғ кездейсоқ өзгерістерді де тез елеуі тиіс.

Тәрбиешілердің жеке және топтық орындаулары балаларға ерекше қуаныш сыйлайды. Олар биді көрсетіп, кейіпкердің рөлін орындап, ән сала алады. Қандай да бір рөлді ойнамайтын тәрбиешілер өз тобының балаларымен бірге болады. Ол балалардың қандай да бір өнерді қалай қабылдайтынын мұқият бақылайды, олармен бірге ән салады, керек заттарды, костюмдерді дайындайды, оларды уақытында киіндіреді, ойын, би өткізу кезінде қажет болса көмектеседі.

Ертеігілік жақсы қарқынмен өтуі тиіс. Тым ұзақ өнер көрсету, олардың көптігі, орынсыз үзілістер – балаларды шаршатады және эмоционалды-физикалық жүктеменің ортақ желісін бұзады.

Сценарийді ұжыммен бірге талқылағанда әр тәрбиешінің рөлін, міндеттерін айқындап, балаларды киіндіруге, жарық әсерлерін реттеуге, кейіпкерлердің нақты шығуына жауаптыларды тағайындап, тосынсый сәттерін өткізуге көмектесу керек және т. б.

Мерекеден кейін өздеріне ұнаған өнер көрсетуді балалар ұзаққа дейін ұмытпайды. Музыка сабақтарында мерекеден алған әсерді бекітудің жақсы дәстүрі бар. Кейбір өнерлерді өзге топ балаларына қайта көрсетуге болады. Бұл мереке мазмұнын терең түсініп, ол туралы жақсы естеліктерді сақтауға септігін тигізеді. 

Жалғасын  № 1-2018 "Музыкалық жетекшінің анықтамалығы" журналынан оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль