text
MCFR.KZ Образование

Мектепте қызметтік тексеріс жүргізу

  • 11 января 2018
  • 80
Мектепте қызметтік тексеріс жүргізу
Мектепте қызметтік тексеріс жүргізу

Қызметтік тексеріс қандай да бір бұзушылық дерегі бойынша ұйым ішіндегі тексерулерді білдіреді. Әдетте ол белгілі тұлғалардың ҚР қолданыстағы заңнамасы нормаларын бұзу дерегін анықтау және тексеру мақсатында жүргізіледі.

Мектептегі қызметтік тексеріс қызметкерлердің заңнаманы бұзу, білім беру үдерісіне қатысушылардың өмірі денсаулығына залал келтіетін лауазымдық теріс қылық жасау, бала құқықтарын бұзу, кінәлілерді табу, олардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне сәйкес жауап қату, лауазымдық теріс қылық немесе бұзушылық жасауға ықпал етуші себептер мен шарттарды айқындау, сондай-ақ қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқан тұлғаның ар-намысын таптайтын мәліметтерді жоққа шығару дерегі мен жағдайларын анықтайды.

Қызметкер теріс қылық жасағанда одан міндетті түрде жазбаша түсініктеме алынады. Егер түсініктемеде қызметкер өзінің теріс қылық жасаған дерегін растаса, қарастыру үшін өзге тұлғалардан ақпарат алу, не қосымша тексеру іс-шараларын өткізу қажет болмаса, директор тәртіптік жаза тағайындауға құқылы.

Егер қызметкер өзінің жазбаша түсініктемесінде өзінің теріс қылық жасау дерегімен келіспесе, қызметтік тексеріс тағайындалады.

Оны өткізу туралы шешімді мектеп директоры (не оны алмастыратын тұлға) қабылдайды. Директордың шешімі мектеп бойынша бұйрықпен рәсімделеді.

Мектепте қызметтік тексеріс жүргізу

Назар аударыңыз!

Бұйрықсыз қызметтік тексеріс жүргізуге жол берілмейді!

Қызметтік тексеріс жүргізбес бұрын құжат арқылы бұзушылық дерегін анықтайды, мұнда қызметкердің асыра пайдалануы туралы ақпарат беріледі:

  • қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқан тұлғаның арызы;
  • прокуратураның, тергеп-тексерудің, салық қызметінің және өзге заңмен өкілдік етілген органдардың жүгінімі;
  • еңбек тәртібін және лауазымдық нұсқаулықты жүйелі бұзу;
  • мектепке келіп түскен залал келтіргені, оқушыға физикалық немесе психикалық әсер ету дерегі туралы ақпарат;
  • педагогтың құқыққа қайшы әрекеті туралы мәліметтерді видео/фото дәлелдерімен бірге БАҚ-та немесе интернет-кеңістікте жариялау (мысалы, «YouTube-ке» жүктелген ролик);
  • оқушылардың ата-аналары мен қызметкерлердің Кіріс құжаттамасын тіркеу журналына тіркелген шағымдары мен арыздары;
  • мектеп қызметкерінің балалар жарақаттануына әкелген іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі немесе өзге қызметкермен орын алған жазатайым оқиға.

Жоғарыда аталған келіп түскен құжаттар бойынша үш жұмыс күнінің ішінде директор немесе ол болмаған жағдайда директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мынадай шешім қабылдайды:

  • қызметтік тексеріс жүргізу туралы;
  • оны өткізуден бас тарту туралы.

Келіп түскен арыздың негізінде директор қызметтік тексеріс жүргізу туралы бұйрық шығарады. Мектепке шағым түскен күннен бастап он күндік мерзімнен кешікпен тексеріс жүргізілуі тиіс. Айрықша жағдайларда директор тексеріс мерзімін ұзартуы мүмкін, бірақ кем дегенде 1 айға. Қызметтік тексеріс жүргізу мерзімдерін бұзу кінәліні тәртіптік жауапкершіліктен босатады.  

Қызметтік тексеріс жүргізу туралы шешім үш жұмыс күнінің ішінде тексеріс жүргізілетін тұлғаға қолын қойдыру арқылы хабарланады. 

Жалғасын  1-2018 «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»  журналынан оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль