text
MCFR.KZ Образование

Микрооқыту

  • 10 января 2018
  • 19
Микрооқыту
Микрооқыту

Микрооқыту – ұстаздардың практикасын жаңарту үшін оларға қолдау көрсету әдісі.

Микрооқыту дегеніміз не?

Микрооқыту – ұстаздардың практикасын жаңарту үшін оларға қолдау көрсету әдісі. Басшының орынбасарлары сабақты немесе оның бір бөлігін өткізу мақсатында, қағида бойынша, 5–6 адамнан құралған шағын топтарда бірге жұмыс істейді. Сабақты видеоға жазып алып, өзіндік бағалау жүргізуге немесе шағын топта бақылаушыны немесе бақылаушыларды тағайындауға болады, олар сабақтан кейін кері байланыс орнатады.

Бұл стратегия басшының орынбасарларына арналған курстың маңызды бөлігіне жатады, себебі персонал мүшелеріне ұстаздарды бақылауға және қауіпсіз және коллаборативтік жағдайда машықтанатын жаңа тәсілдерге сәйкес кері байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Микрооқытуды ең алғаш Стэнфордск университетінің Дуайт Аллен (Allen D., Ryan К., 1969) 1960-шы жылдарды ұсынды және ол 3 мақсатқа жетуге бағытталған:

  • – оқушыларды оқыту практикасымен таныстыру және сенім ортасын құру;
  • – тексерістің оқытудың жаңа әдістері мен тәсілдеріне ықпалын зерттеу;
  • – біліктілікті арттырудың аясында тәжірибелі мұғалімдерге өз практикасын жетілдіруге қолдау көрсету.

Микрооқытудың артықшылықтары қандай?

Өзге дағды секілді оқытуды практиканың көмегімен жетілдіруге болады. Микрооқыту басшыларға қауіпсіз, практикалық «зертханалық» жағдайларда, түсінетін әріптестері мен қолдау көрсетуші менторлар арасында оқытудың физикалық және механикалық аспектілерімен мұқият танысуға мүмкіндік береді. Басшының барынша тәжірибелі орынбасарлары жаңа тәсілдер мен әріптестерін бақылаудың көмегімен өз практикасын осындай жағдайда жетілдіре алады. Шағын топтар мен қысқа мерзімдер мұғалімдер мен басшылыққа осындай тәсілді мектепте біліктілікті арттырудың кезекті құралы ретінде енгізуге және оны оқу жылының ішінде бірнеше рет қолдануға мүмкіндік береді. Микрооқыту жүргізетін басшының сенімі мен тәжірибесіне қарай бақылаушылардан біліктілікті арттырудың аясында жақсартқысы келетін оқытудың нақты аспектілері бойынша ескертпелер жасауды өтінуге болады. Егер басшының орынбасарлары осындай практиканың видеожазбасын жасай алса, сәйкесінше «мұғалімдер» де, «оқушылар» да болашақта өзіндік бағалаудан көп нәрсе алады.

Микрооқытуға байланысты қандай қиындықтар бар?

Микрооқыту сыныптағы тәжірибенің алдамшы көрінісі болғандықтан, басшының орынбасарларын барлық күтпеген жағдайларға дайындау мүмкін емес. Әр оқушы дербес тұлға болғандықтан, әріптес-«оқушылардың» жауаптары мұғалім сыныпта жұмыс істейтін оқушылардың жауаптарымен бірдей болмауы мүмкін.

Кейбір басшының орынбасарлары әріптестерінің алдында сабақ өткізгенде қатты қобалжиды, сондықтан тренер немесе тәжірибелі басшы сабақ барысында құрылымдық, жағымды әрі жайлы ортаны, сондай-ақ кері байланысты қамтамасыз етуі тиіс. Оқу курсы аясындағы микрооқыту барысына басшының орынбасарының қатысуы келесі 3 себеп бойынша аса маңызды:

  • – оқыту дағдылары үлгілеу және өзге ұстаздар практикада қолдануы үшін қажет;
  • – мұғалімді бақылағанда нені сезінетінін түсіну мүмкіндігі және, осыған сәйкес оған түсіністік таныту және үдеріс барысында қолдау көрсету;
  • – оқыту мен оқуды бақылау дағдыларын практикалық тұрғыдан қолдану және мұғалімдермен кері байланыс.

Төменде берілген практикалық кеңестер тізімі – басшының орынбасарлары мектепте мұғалімдермен жұмыс барысында қолдау көрсету үшін таңдай алатын ұсынымдар жинағы. Олар толық әрі соңғы нұсқа емес. Басшының орынбасарлары тәжірибеге негізделген және теориялық базамен бекітілетін практиканы қолдана алады.

Ұсынымдар:

  • · Мұғалімдермен әңгімелесу ескертулермен шектелмеуі тиіс.
  • · Мұғалімдерді қателік жасауға итермелеңіз – нәтижесінде олар нені үйренді?
  • · Қолдау көрсетіңіз, бірақ олар үшін ештеңе «істемеңіз», мұғалімдердің дамуын өз бақылауына алуына мүмкіндік беріңіз.
  • · Мұғалімдерден академиялық ойлауды бекіту үшін материалға жүгінуді сұраңыз, мысалы, нұсқаулықтар, желідегі қолжетімді материалды, еліміздегі білім жүйесі бойынша жарияланымдар.
  • · Үнемі күштер қорын (дұрыс орындалғандардың бәрін) және қарастыруға қажетті сауалдарды ұсыныңыз (бұрыс орындалғандардың бәрін). SMART-мақсаттар (нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы және уақыты шектеулі) қойыңыз және қарастырылуы тиіс сауалдарды дұрыс өңдеп, таңдау үшін не істеуі керектігін нақты көрсетіңіз. Өзіңіздің әр мұғалімнің және сәйкесінше оқушылардың даму үдерісін бақылауда ұстайтыныңызға көз жеткізіңіз.
  • · Оларды іс-әрекеттері мен талпыныстары үшін мақтаңыз: әр адамға мақтау жағады!
  • Тыңдаңыз және түсіністік танытыңыз: кейбір мұғалімдер практикадағы өзгерістерге қатты алаңдайды, сондықтан оларға көмектесіп, қолдау көрсету керек.
  • · Құлшынысын арттырыңыз. Мұғалімдерге жаңа бастамашылықты «жеткізіп», оқыту мен оқуға көрсетілетін оң әсерін насихаттау маңызды.
  • · Бірге жұмыс істейтін мұғалімдердің тәжірибесін қолданыңыз. Тәжірибемен және жақсы практика элементтерімен бөлісіңіз. Мысалы, деңгейлік бағдарлама бойынша оқудан өткен мұғалімдерден оқудан өтпеген мұғалімдермен әңгімелесуін сұраңыз, олардың тәжірибе бөлісуіне мүмкіндік беріңіз.
  • · Мұғалімдерге оқуға/тыңдауға/орындауға/бағалауға уақыт беріңіз: практиканың ұсақ аспектілеріне назар аудара отырып, сенім ортасын құрыңыз.
  • · Жұмыс үшін мұғалімдер мектепке нақты енгізетін түрлі жұмыс тәсілдерін/ойлау тәсілдерін/құралдарын көрсету үшін видеожазбаларды қолданыңыз. Әртүрлі мұғалімдер орындаған · жұмыс тәсілдеріне/ойлау тәсілдеріне/жұмыс құралдарына қатысты жұмыс үлгілерін жинаңыз. · Іске асыру мен дамыту туралы өз идеяларын сынауға және тұжырымдауға мүмкіндік беріңіз. · Мұғалімдердің рұқсатын алғаныңызға және жұмыстың жасырын жүргізілетініне көз жеткізіңіз.
  • · Мұғалімдермен сенімді қарым-қатынас орнатыңыз, ашық әрі әділ болыңыз. Оларды бағалауға емес, қолдауға тырысыңыз.
  • · Әртүрлі тәсілдерді – тұлғалармен кездесулерді, телефон қоңырауларын, электрондық хаттарды, видеочатты, хаттарды қолдану арқылы байланыс орнатыңыз.
  • · Жағдаяттық зерттеу жүргізуді ұсына отырып, стратегияларды немесе өзіңіз әзірлеген сценарийлерді немесе жасырын «өмірлік» жағдайларға негізделгендерді мәнмәтінмен байланыстырыңыз.
  • · «Практикадан теорияны шығару» және «практиканы теорияға енгізу» арқылы педагогикалық практикаға ықпал еткен теориялық ойды мұғалімдердің түсінуіне көмектесіңіз.
  • · Мұғалімдерге ойландыратын сауалдар қойыңыз. Ойлау дағдыларын дамытуға ықпал етуші сауалдар түрін қолданыңыз, мысалы: Кім? Не? Қайда? Неліктен? Қалай? Қашан?
  • · Өз өңіріңіздің педагогтарымен сау кәсіби байланыстарды сақтаңыз. Өзіңіз жұмыс істейтін мұғалімдердің практикасын талқылау мен кездесу мүмкіндіктерін жоспарлаңыз. Сіз қандай «жақсы практикамен» бөлісе аласыз және өзгелерден нені үйренуге болады?
  • · Сыныпта қолдануға болатын стратегияларды таңдауды ұсыныңыз, назарын тек бір нәрсеге аударуға мүмкіндік бермеңіз. Оқушылардың сұраныстары мен қабілеттеріне сүйене отырып, қолданғысы келетін стратегия бойынша шешім қабылдауға мүмкіндік беріңіз.

Басшының орынбасарлары мұғалімдер сыныпта жүргізген формативтік бағалауға, сондай-ақ мектепті бағалау бойынша көшбасшы мұғалім әзірлеген жиынтықты бағалауға қосқан үлесін бағалайды. Ол ілгерілеушілікті жеделдету мүмкіндіктерін айқындау үшін және алда бірігу қажет жағдайларды айқындау үшін мұғалімдерге ұсыныс жасап, қолдау көрсетуі тиіс. Басшылар бағалау рәсімдерінің нәтижелілігіне баға беруі тиіс.

Формативтік бағалауды қарастырғанда мыналарды жүзеге асыру қажет

  • · Мыналарды тексеру:
  • – әр мұғалімге «Бағалау бойынша нұсқаулық» берілгенін;
  • – формативтік бағалау мұғалімдердің жоспарында үйреншікті жоспарлы оқу тапсырмаларының аясында айқындалған, ал артық уақытты талап ететін жеке бағалау сабақтары өткізілген жоқ;
  • – мұғалімдер бағалау өлшемшарттарының жетістіктерін түсінеді және тіркейді. Мүмкін, талқылауға мұғалімдерді тарту қажет болар; мысалы, олар оқушының ауызша әңгімесіне сүйене отырып, негізгі бағаланатын тұжырымдамалардың бар екенін біле алады;
  • – мұғалімде қолжетімділіктің болуы және олар бағалауды есепке ала ма;
  • – директордың орынбасарлары мен әдістемелік бірлестіктің жетекшілері бағалау бойынша көшбасшы мұғалімнің рөлін түсінеді және оның білімі мен тәжірибесін сәйкесінше қолданады;
  • – бағалау бойынша көшбасшы мұғалім тестілік спецификациялардың негізінде бағалаудың тиімді түрлерін, тест тапсырмаларын әзірлей алды;
  • – тесттер сәйкес уақыт аралығында өткізіледі, баға қойылады, және белгіленген мерзімде есептер дайындалады;
  • – тесттер ерекше мұқияттылықпен өткізіледі, ал баға қою жалпыға ортақ жүйеге сәйкес келеді.
  • · Талқылаудың көмегімен мұғалімдердің бағалау жөніндегі ақпаратты қалай қолданатынын анықтауға болады. Мысалы, оқушылар белгілі бөлім бойынша оқу мақсаттарына жетсе, оларды алға жылжыта ала ма? Осы бағытта жұмыс істейтін оқушыларға атаулы қолдау көрсету бойынша стратегиялар әзірледі ме?
  • · Формативтік бағалау нәтижелерін директордың орынбасарлары мен әдістемелік бірлестік басшыларының қалай қолданатындығымен танысу.

Басшының орынбасарлары сондай-ақ жиынтықты бағалау рәсімдеріне баға беруі тиіс:

  • · Атап айтқанда, критериалды бағалау қағидаттарын нұсқайтын рәсімдерді белгілеу.
  • · Тестілеу рәсімінің құпиялығын қамтамасыз ету.
  • · Пән мұғалімдеріне, көшбасшы мұғалімге, әдістемелік бірлестік жетекшілері мен мектеп басшының орынбасарларына бағалау бойынша әртүрлі рөл беру; жауаптылық аймағын түсіну деңгейін тексеру.
  • · Тестілік ақпаратқа қалай талдау жүргізілетінін және оның мектеп пен сыныпта қалай қолданылатынын анықтау.

Басшының орынбасарлары бағалау үдерісінің сәтті өтуін қамтамасыз етуі тиіс:

  • – басшының орынбасарлары мен әдістемелік бірлестік жетекшілеріне нақты ұсынымдар мен кеңес беру, бағалау рәсіміндегі рөлдерінен не күтілетінін айқындау және олар жүйе жұмысының нәтижелілігін қамтамасыз ету үшін іске асыруы тиіс бақылау деңгейін көрсету;
  • – бағалау бойынша көшбасшы мұғалімдер қолданатын тәсілдерді талқылау; қандай тапсырмалар орындалды және қандайын орындау қажет, сондай-ақ бағалау бойынша көшбасшы мұғалімнің мектептегі бағалау бойынша әзірлемеге тигізетін ықпалын анықтау керек;
  • – назарын тезірек әзірленуі тиіс тапсырмаларға аудару, мысалы, сұрақ құрастыру немесе «Бағалау бойынша нұсқаулық» әзірлемесі, нақты болжамдарды белгілеу және қолданылатын тәсілдерді қалыптастыру;
  • – сабаққа қосылу және бақылаушы ретінде әрекет ету, мұғаліммен бірге кәсіби талқылауға алып келу, оның барысында нақты оқушылардың оқу үлгеріміне қатысты ескертулерді бағалау өлшемшарттарымен салыстыруға болады;
  • – мұғалімдер тобының қатысуымен кәсіби талқылауға үлес қосу, мысалы, олардан «Біз оқуды жеделдету үшін бағалау бойынша ақпаратты қалай қолдана аламыз?» тақырыбына пікірсайыс өткізу сұрауға болады;
  • – бағалау үдерісін қарастыруға қатысу, мұнда басшының орынбасарлары, әдістемелік бірлестік жетекшілері мен бағалау бойынша көшбасшы мұғалім орындалған жұмыс жетістіктерін қарастырады және іске асыру бойынша келесі кезеңнің басым тұстарын белгілейді.

Басшының орынбасарлары критериалды бағалау жүйесі бойынша нақты болжамдарын айқындап, олардың нәтижелілігін белгілеуі тиіс. Мониторинг жүргізуде оларда бағалау нәтижелерін ғана емес, сонымен бірге мұғалімдердің/басшылардың жұмыс деңгейін критериалды бағалау әдіснамасы арқылы зерттеуге мүмкіндігі болады. Олар басқа мектептерге барғанда алған жақсы практиканы ескеріп, бағалау жүйесін іске асыру мен басқару бойынша стратегияны белгілей отырып, мектептер мен мұғалімдерге қолдау көрсетеді.

Дереккөз: «Білім беру ұйымының әдіскері» журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль