text
MCFR.KZ Образование

1-сыныпта жаңартылған бағдарлама бойынша орыс тілін оқыту

  • 5 января 2018
  • 106
1-сыныпта жаңартылған бағдарлама бойынша орыс тілін оқыту
1-сыныпта жаңартылған бағдарлама бойынша орыс тілін оқыту

Бүгінде мұғалім оқушы үшін бірден-бір ақпарат көзі болудан қалды, көп жағдайда оқушылар өз педагогтарын АКТ және интернет-ресурстарды пайдалана білу жағынан таңқалдырып жатады. Сондықтан педагогтар үнемі кәсіби жағынан өсіп отыруы керек, сондай-ақ оқушыларға сыни ойлауды үйрету мен дамыту үшін жаңа амалдар мен тәсілдерді іздеуі қажет.

2016 жылдың күзіне дейін қазақ тілінде білім беретін мектептерде «Орыс тілі» пәнін оқыту 3-сыныптан басталатын. Яғни мұғалімдер жалпы оқу дағдыларын меңгерген, оқи алатын, жаза алатын және педагогты түсінетін оқушыларды оқытуға кірісетін. Енді мұғалімнің тіпті ана тілінде оқып-жаза алмайтын балаларға сабақ беруіне тура келеді.

Оқушылармен дайындық жұмыс

1-сынып оқушыларымен дайындық жұмысын жиналыста ата-аналарды қазақ тілінде білім беретін мектептерде орыс тілін оқытуға қатысты нақты мақсаттар қоятын ҚР Мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарымен таныстырудан бастау керек:

  • Орыс тілінің коммуникативтік функцияларын толық көлемде пайдалану қажет.
  • Орыс тілінде оқу керек.
  • Орыс тілін есту түрінде қабылдау керек.
  • Орыс тілінде жазу қажет.

Қазақ тілінде білім беретін сыныптарда орыс тілін үйрету кезінде бірінші орынға оқушылардың сөйлеу сөзін дамыту қойылады. Балаларда сөйлеу қызметінің төрт түрін дамыту арқылы олардың ересек өмірге бейімделуіне көмектесетін коммуникативтік дағдылар қалыптасады. Сабақта тыңдау, айту, оқу және жазу сатыларында оқытудың түрлі тәсілдерін қолдануға болады.

Орыс тілі мұғалімдерінің бірінші сыныптықтармен жұмыс істеу тәжірибесі жоқ болғандықтан, әдістемелік сандықша жасау жұмысын жүргізу қажет. Онда өтпелі тақырыптар бойынша сабақ жоспарлары, түрлі бояйтын суреттер, аудиожәне бейнематериалдар қамтылуға тиіс. Қызықтыру кезеңі (сабақтың басталуы) өзгеше ұйымдастырылған сайын, сабақ барысындағы оқушылардың іс-әрекеті соғұрлым тиімді болмақ.

1-сынып оқушыларын мультимедиалық сабақтар қызықтырады. Жетелеуші сұрақтардың көмегімен сабақтардың тақырыбын анықтауға және негізгі бөлімге көшуге болады. Сыныптағы мұндай сабақтар кезінде шынайы қарым-қатынас ахуалы қалыптасады, оқушылар өз ойларын білдіруге ұмтылады, тапсырмаларды құлшыныспен орындайды, оқылатын материалға қызығушылық танытады.

Әр сыныпта материалды жеңіл меңгеретін және меңгеру қиынға соғатын оқушылар бар. Лексикалық әрі грамматикалық материалды да тез игеретін оқушылар болады. Өте баяу оқушылар да кездеседі, оларды айту және сөйлеу дағдыларына да, сөйлемге сөздерді жүйелі байланыстыру дағдыларына оқытуға да көбірек көңіл бөлу керек. Оқушыларды зияткерлік мүмкіндікке үйрету олардың көпшілігінің орыс тілін қызығушылықпен оқитынын көрсетті. Ынтасы жоғары балаларды бөліп айтуға болады, олар көбінесе командаларда спикерлер болып табылады.

Сыни ойлау технологиясы

Негізінен сабақта шағын орталықтар мен балабақшаларға барған оқушылар аса белсенділік танытады. Нақты мақсат қоя білетін және оған дәйекті түрде жететін оқушылар (сыныптың 15 %-ы) бар. Балалардың 7–8 %-ға жуығы тілді нашар меңгерген және өз қиындықтарын еңсеруге аса күш жұмсамайды. Олардың оқуға ынтасын арттыру үшін сыни ойлау технологиясының элементтеріне жүгінген жөн. Осылайша, «Амандасу» тақырыбындағы сабақта балалар үш тілдегі амандасуды тыңдайды, мысалдар келтіреді және егде адамдармен, үлкендермен және құрдастарымен қалай амандасу керектігін көрсетеді. Мұндай тәсіл орыс тілін нашар меңгерген оқушыларға үш тілділікті көрсету сатысында өзін таныта білуге мүмкіндік береді.

«Менің киімім» тақырыбын өткен кезде оқушыларға сабақты мозаика құрудан бастауды, жұппен жұмыс істеуді және бұдан соң сабақ тақырыбын өз бетінше анықтауды ұсынуға болады. Келесі сабақтарда олар әртүрлі киім түрлерін өздеріне ұнаған түске бояйды, өздерінің сүйікті киімдері жайлы әңгімелейді.

Бастауыш мектеп оқушылары нақты бейнелі ойлауға ие, сондықтан «Үй жануарлары және жабайы жануарлар» тақырыбын оқып-үйренгенде ойыншықтар (сиыр, ат, ит, қой, мысық, арыстан, қоян, аю, т. б.) мақсатты түрде пайдаланылады. Оқу тақырыбын рөлдік ойындар немесе ойын әрекеті арқылы меңгеру үй жануарлары мен жабайы жануарлардың жіктемесін оқушылардың өзіне жүргізуге және мұндай жіктеменің негіздемесін атауға мүмкіндік береді.

Суммативтік жұмыстарды салыстырмалы-салғастырмалы талдау оқушылардың өз білімдерін көрсетуге тырысатынын байқатты. Пәрменді сөздіктің ұлғаю, синтаксистік құрылымды қолдану динамикасы байқалды, бірақ оқушылар тыңдалым кезінде қате жібереді, өйткені кейбір балалар мәтіннің естілуін нашар қабылдайды. Бірқатар сыныптардың оқушылары оқу техникасының төменгі деңгейін көрсетеді. Сондай-ақ картинкаға қатысты тапсырмаларды орындау кезінде проблемаларға кезігетін балалар бар. Кейбір оқушылардың сөздік қоры нашар. Суммативтік жұмыстардың нәтижелеріне сүйене отырып, әр сабақта коммуникативтік дағдыларды дамытуға қатысты тапсырмаларды орындауды ұйымдастыруға ұмтылу қажет.

Түйін

Балабақшаға немесе шағын орталыққа бармаған балалары басым сыныптарда өзара әрекет жасау айтарлықтай күрделі.

Отбасында тек қазақ тілінде сөйлесетін оқушылар әр сыныпта бар.

Кейбір оқушылардың пәнге деген оқу ынтасы төмен.

Оқулықта кіші жастағы оқушылардың деңгейі үшін өте ауқымды материал қамтылған, оларды балалар есте сақтай алмайды.

Дереккөз: № 1-2018 «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль