Мектепке дейінгі ұйымның инновациялық әлеуеті

12
Мектепке дейінгі ұйымның инновациялық әлеуеті
Мектепке дейінгі ұйымның инновациялық әлеуеті
Мектепке дейінгі білім беру өзгерістер уақытын бастан өткеруде, оның табыстылығы тәрбие мен оқытудың ғылыми, әдістемелік және материалдық базасының жаңаруымен байланысты. Мұндай жаңарудың маңызды шарты заманауи инновациялық технологияларды пайдалану болып табылады.

Кез келген инновация сияқты, білім беру ұйымының жаңа жағдайлары әртүрлі түсіндіріледі және көптеген сұрақтар, күмәндар, пікірталастар тудырады. Бір жағынан, соңғы онжылдықта қол жеткізген оң дүниені сақтау керек, екінші жағынан, білім беру саласында жаңа тәсілдемелерді енгізу қажеттілігі өткір қойылып отыр.

Инновациялық жүйе қоғам тіршілігінің барлық салаларын қамтиды. Оның мақсаты – білім беру процесін жетілдіруге мүмкіндік беретін жаңалықтар енгізу және қойылған мақсаттарға неғұрлым қолайлы құралдар арқылы жету; білім беру саласында жаңа технологияларды жасау; мемлекеттегі білім беру деңгейінің өсуін ынталандыру. Осыны ескере отырып, педагогикалық қызметті ұйымдастыруға қатысты инновациялық тәсілдеме кезіндегі барлық күш тиімді педагогикалық шешімдер іздеуге және таңдауға бағытталады.

Біздің педагогикалық ұжым инновациялық режимде жұмыс істейді, онда балалар педагогикалық бастаманың объектісіне айналады. Міне, сондықтан да меңгеруші қоғамның әлеуметтік тапсырысын есепке ала отырып, өз мектепке дейінгі ұйымының даму перспективасын анықтауға және инновациялық қызметтің мақсатын айқын тұжырымдауға тиіс.

Инновациялық қызметтің мақсаты әрбір педагог пен бүкіл педагогикалық ұжымның шығармашылық әлеуеті толығымен іске асырылатын білім беру ортасын жасау болып табылады. Олай болса, әрбір бағыт үшін нақты міндеттерді анықтау маңызды:

  • – Біз педагогикалық процестің мазмұнында нені өзгерткіміз келеді?
  • – Мектепке дейінгі ұйымда әдістемелік жұмысты ұйымдастыру кезінде біз қандай мақсат қойдық?
  • – Заттық-дамытушылық ортаны қалай өзгертеміз?
МӘЛІМЕТ ҮШІН
Меңгеруші инновациялық режимде басқару қызметін ұйымдастыру кезінде «мақсаттар ағашын» тұрғызады. Ол үшін бүкіл инновациялық жұмыс бір мезгілде өзіндік тапқырлық пен жоспарлауға негізденуге тиіс. Әдетте балабақшада инновациялық процесс даму моделі түрінде жоспарланады, содан кейін осы модельді жүзеге асыру бойынша әрекет ұйымдастырылады және оның барысын бақылау жолға қойылады.

Мектепке дейінгі ұйымды инновациялық режимде басқару және педагогикалық қызметкерлердің басқарушылық қызметі үшін шешім әзірлеуге және қабылдауға педагогикалық ұжымның барлық мүшелері белсене қатысуы керек. Құрылған басқару командасының қызметі басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын жаңартуға, басқару тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Соңғысы меңгерушінің жекелеген адамдармен емес, топпен жұмыс істей білу қабілетіне негізделеді. Сондай-ақ білім беру-тәрбиелеу процесінің сапасы артады.

Кез келген жоба білім беру-тәрбиелеу процесіне қатысушылардың барлығының – бастамашы-басшылардың, педагогтардың, ата-аналардың, балалардың өзара түсінісуі мен ынтымақтастығы жағдайында ғана тиімді жүзеге асырылады.

Инновациялық қызметті басқару үшін инновациялық құрылымдық бөлімшелер: бастамашыл, диагностикалық және сараптау тобы құрылған.

Педагогикалық ұжыммен әдістемелік жұмыстың жаңа нысандарын іздеу біздің мектепке дейінгі ұйымның тәжірибесінде мына жобалардың әдісі бойынша педагогтар бірлестігінің қолданылуына алып келді:

  • – «Шеберлік сабағы» – педагогикалық шеберлікті перспективалық тұрғыда жетілдіру;
  • – «Мұра» – қазақ халқының мәдени-адамгершілік құндылықтарына тәрбиелеу;
  • – «Зор денсаулықтың кішкентай үйі» – балаларды өз денсаулықтарына саналы қарауға тәрбиелеу;
  • – «Үштілділік» – мектепке дейінгі оқушыны көптілділік тұлғасында тәрбиелеу;
  • – «Жас дарындар» – жас педагогтардың кәсіби өсу мүмкіндіктерін ашу;
  • – «Сөйлеу мектебі» – сөйлеуін дамыту үшін инновациялық түзету-дамыту технологиясын жасау;
  • – «Барлығына арналған балабақша» – отбасылық және қоғамдық тәрбиенің өзара әрекетінің жаңа моделін ұйымдастыру.

Жобалау балабақшадағы педагогикалық процесті басқаруда педагогтардың рөлін алмастырады. Олар әкімшіліктің қалауын орындаушыларға, психологиялық-әдістемелік қызметтің орындаушыларына емес, педагогикалық процестің белсенді қатысушыларына айналады.

Әрбір құрылымдық бөлімшенің әр жобасымен инновациялық процестерді басқару бойынша іс-шаралар жүйесі көптеп істеледі. Біздің жағдайымызда мұндай топтар қызметінің нәтижелері бес жыл бойы тұрақты, ал жекелеген жағдайларда оң динамикаға ие:

  • – балалардың танымдық, әлеуметтік-тұлғалық даму деңгейіне мониторинг жүргізу үшін диагностикалық инструментарий әзірленді;
  • – мектепке дейінгі жастағы балалардың жүйелі сөзін дамыту жөнінде жоспарлау үлгісі жасалды;
  • – жас мамандардың кәсіптік біліктілігін арттыру жобасы әзірленді және енгізілді;
  • – мектепке дейінгі ұйымда жүзеге асырылатын авторлық бағдарламалар мен технологияларға сараптау бағасы берілді.

Аталған құрылымдық бөлімшелердің инновациялық режимдегі тиімділігі

  • – білім беру-тәрбиелеу процесінің жоғары сапасын (бағдарламаларды жүзеге асыру толықтығы дене шынықтыру-сауықтыру бағыты бойынша – 80 %-ды, көркемдік-эстетикалық бағыт бойынша – 71 %-ды, танымдық-сөйлеу бағыты бойынша – 83 %-ды, әлеуметтік-тұлғалық бағыт бойынша 92 %-ды құрайды);
  • – педагогтардың кәсіби деңгейі мен әдістемелік біліктілігін арттыру (жоғары біліктілік санаты педагогтардың – 20 %-да, бірінші – 23 %-да, екінші – 42 %-да);
  • – заттық-дамытушылық ортада баланың жеке өзін-өзі таныту кеңістігін кеңейтуді (ойын белсенділігі орталығы, психологиялық тұрғыда жеңілдену кабинеті, логопедтік кабинет, музыкалық және спорт залдары, бассейн, сауна жабдықталған және жұмыс істейді);
  • – білім беру қызметтері нарығында балабақшаның бәсекелестігін арттыруды (Ақтөбе қ. білім бөлімінің мониторинг нәтижелері бойынша, біздің балабақша бірнеше жылдар бойы көшбасшылық орынды иеленіп келеді) қамтамасыз етті.

Балабақша базасында шығармашылық зертхана жұмыс істейді.

Мақсаты – педагогтардың бойында үнемі өзін-өзі дамыту және кәсіптік жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру. Зертхана жұмысы әр педагог тұлғасының ішкі ресурстары мен мүмкіндіктерін есепке ала отырып, оның шығармашылық тұрғыда дамуы үшін қолайлы жағдай жасау қағидатына құрылған.

Міндеттері:

  • – жаңа технологияны үйрену;
  • – іс-әрекет бағдарламасын әзірлеу;
  • – шектес тақырып бойынша жұмыс істейтін білім беру ұйымының инновациялық және эксперименталдық қызметін үйлестіру;
  • – зерттелетін проблема бойынша ұйым зертханасына кіретін жұмыс тәжірибесін жетілдіру, жинақтау және жүйелеу;
  • – білім беру ұйымының инновациялық және эксперименталдық қызметінің нәтижелерін педагогикалық тәжірибеге енгізуді қамтамасыз ететін ғылыми материалдар мен әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу;
  • – сабақ жүйесін ұйымдастыру: семинарлар, практикумдар, тренингтер, шығармашылық қонақжай және білім беру ұйымы педагогтарының кәсіби-тұлғалық дамуына және өз тағдырын өзі шешуге бағытталған оқытудың басқа да нысандары;
  • – зертханадағы зерттеушілік, тәжірибелік-эксперименталдық және инновациялық жұмыстың нәтижелерін алға жылжыту жөніндегі әрекетті білім берудің басқару органдарымен бірлесе отырып ұйымдастыру.

Жұмыс бағыттары:

  • – Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес кешенді әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру.
  • – Балалардың жеке ерекшеліктерінің есебі негізінде білім беру-тәрбиелеу процесіндегі сараланған тәсілдеме.
  • – Бала мен педагогтың шығармашылық тұлғасын дамыту мақсатында қызмет процесінде тиімді педагогикалық технологияны пайдалану.

Балабақшада басшының бұйрығымен білім беру ұйымы базасында жасалған жаңа құрылымдық бөлімше – консультациялық пункт жұмыс істейді. Мақсаты – отбасылық және қоғамдық тәрбиенің бірлігі мен мирасқорлығын қамтамасыз ету, балалары балабақшаға бармайтын ата-аналарға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.

Консультациялық пункт өз қызметінде білім беру ұйымының Жарғысын, білім беру ұйымы мен мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың ата-аналары (немесе оларды алмастыратын тұлғалар) арасындағы шартты басшылыққа алады.

Консультациялық пункттің құрамы: меңгеруші, әлеуметтік педагог, педагог-психолог, медицина қызметкері, логопед, әдіскер, тәрбиеші. Барлық қызметкерлердің тиісті біліктілігі бар. Консультациялық пунктті басқаруды жергілікті білім беру органы тағайындаған меңгеруші жүзеге асырады. Консультациялық пункттің меңгерушісінің міндетіне мамандар қызметін үйлестіру мен жұмысты жоспарлау кіреді.

Мектепке дейінгі жастағы баланы тәрбиелеу, оқыту және дамытудың әртүрлі мәселелері бойынша көмек ұйымдастыру консультациялық пунктте мамандар қызметін: тәрбиеші, педагог-психолог, логопед-мұғалім және басқа да мамандарды біріктіру негізінде құрылады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын арттырудың негізгі бағыты балалардың тұлғалық мәдениетті, мектепте оқытуға қажетті дағдыларды меңгеруіне, мемлекеттік тілді үйренуіне, балалардың зияткерлік және эмоционалдық дамуына, физикалық және психикалық денсаулығын сақтауға жағдай жасау болып табылады.

Тұлғалық-бағдарлық тәсілдемені жүзеге асыруға бағытталған барлық сан алуан инновациялық технологиялар ішінен педагогтар мыналарды таңдап алды:

  • – ынтымақтастықта тәрбиелеу және оқыту;
  • – жобалар әдісі;
  • – болашақ оқушының портфолиосы;
  • – әртүрлі деңгейде оқыту.

Барлық көрсетілген технологиялар өзара байланысты және өзара шартталған. Нәтижесінде олар белгілі бір дидактикалық жүйені құрайды. Мектепке дейінгі ұйымдағы инновациялық қызметтің мәні – оның қатысушыларының субъективті әдістің көрсетілуіндегі, іс-әрекеттің мазмұны мен проблеманы шешу құралдарын таңдаудағы еркіндігінде. Барлық технологиялар баланың жеке қайталанбас тұлғасын тануға, баланы жақсы түсіну мүмкіндігіне, педагогтардың өз арасындағы, педагогтар мен ата-аналар арасындағы өзара әрекеттің тиімді тәсіліне негізделген.

Басқарушылық әрекеттің, білім беру сапасын басқару механизмдерінің нәтижелерін талдау болашақтағы жоспарды анықтап берді:

  • – балабақшаның басқарушылық қызметіне ақпараттық-коммуникативтік технологияларды әрі қарай енгізу;
  • – балабақшаның инновациялық басқарушылық қызметінің бірыңғай моделін жасау.

Инновациялық қызметті басқару үшін білім беру процесіндегі алдыңғы қатарлы үрдістерді үнемі танып-біліп, анықтап, аталған процесті осы үрдістерге сай және өзінің педагогикалық ұжымының объективті мүмкіндіктерін ескере отырып бағыттау керек.

Дереккөз: «Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы» журналы



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль